17.01.2023, 11:26 31371

2023 жылы мемлекет 5 млн га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін алып қоюды жоспарлап отыр

2023 жылы мемлекет 5 млн га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін алып қоюды жоспарлап отыр
Қазақстанның төрт облысында жайылымдардың тапшылығы байқалады

Астана. 17 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Республиканың 17 облысының ішінен жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаюы үшін 15 облыста жайылымдардың тапшылығы байқалады, әсіресе Түркістан, Қызылорда, Алматы және Атырау облыстарында, деп хабарлады Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.
 

Жайылымдардың жетіспеушілігі орын алып отырған уақытта елдің жер ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану мәселелері бірінші орында тұруы тиіс. Осыған байланысты, өткен жылы мемлекетке 5,2 млн гектар пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылар 1,85 млн гектар алаңда өздерінің ауыл шаруашылығы жерлерін игеруге кірісті", - деді Е. Қарашөкеев.

 
Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет басшысының 2023 жылдың соңына дейін қосымша 5 млн гектар пайдаланылмайтын жерлерге қатысты шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындауға кірісті.
 

Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ғарыштық мониторинг деректері негізінде Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген 5 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша 2023 жылға арналған жоспарды әзірледі және осы жоспарды аудандар бөлінісінде облыстар бекітті", - деді министр.

 
Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тәркіленген жерлерді қоғамдық пайдалануға немесе жеке қосалқы шаруашылықтардың кооперативтеріне беру қажет екенін атап өтті.
 

Халықтың және шаруашылықтардың қолда бар мал басын ескере отырып, жайылымдардың тапшылығы бойынша талдау жүргізілді. Ауыл шаруашылығы жануарларының қолда бар мал басын ескере отырып, жеке аулаларда 1 407,2 мың га жайылымдық жерге тапшылық бар", - деді облыс әкімі.

 
Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп осыы жылдың 16 қаңтарында мемлекетке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы jerkarta.gharysh.kz геосервисті әзірлеп, іске қосты. Осылайша, жалпыға қолжетімді интерактивті карта азаматтардың ауыл шаруашылығы жерлеріне құқық беру туралы жергілікті атқарушы органдарға өтініш берулеріне бағдар болады. Және де жылдар бойы пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тартуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен айналысу үшін тұрғындарды қажетті учаскелермен қамтамасыз етуге негіз болады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы іске қосылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны