14.10.2025, 11:17 41601

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда экономиканың өсімі 6,3%-ды құрады

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда экономиканың өсімі 6,3%-ды құрады
Сурет: Depositphotos
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Үкімет отырысында Мемлекет басшысының экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Ол биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,3%-ы құрағанын атап өтті. Соның ішінде, нақты сектор 8,1%-ға, қызметтер өндірісі 5,3%-ға өсті.

Салалар арасында көлік қызметтері (21,2%), құрылыс (14,9%) және тау-кен өнеркәсібі (9,3%) ең жоғары өсім көрсетті.

Сауда 8,8%-ға, өңдеу өнеркәсібі 6,2%-ға, ауыл шаруашылығы 4,4%-ға өсті. ЖІӨ өсімінің 70%-дан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз етті", - деді Азамат Әмрин


Вице-министр сондай-ақ негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,5%-ға өсіп, 13,8 трлн теңгені құрағанын айтты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны