29.12.2022, 13:12 33901

8 миллионға жуық қазақстандықтың кредиттер бойынша берешегі бар

8 миллионға жуық қазақстандықтың кредиттер бойынша берешегі бар
Сот банкроттығының мақсаты кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылады

Астана. 29 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Отырыс барысында сенаторлар "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" және оған ілеспе "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", сондай-ақ "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарды қарап, қабылдады.

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, 7,8 миллион адамның екінші деңгейлі банктерге, микроқаржы ұйымдарына және коллекторлық агенттіктерге берешегі бар, деп хабарлайды informburo.kz.

Жаңа заңның нормаларында борышкерге соттан тыс банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімдері арқылы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі қарастырылған.

Көрсетілген шаралар борышкердің өтініші бойынша ғана қолданылуы мүмкін.

Сенат Төрағасы атап өткендей, заңдар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылданды және олар осы бағыттағы мәселелерді заңнамалық тұрғыдан шешуге арналған.

Заңда борышкер мен кредитордың құқықтары мен міндеттері, уәкілетті орган мен қаржы басқарушысының өкілеттіктері нақты белгіленеді. Қабылданған заңдар халықтың борыш жүктемесінің төмендеуіне және қаржылық тұрақтылықты нығайтуға оң ықпалын тигізеді деп сенеміз", - деді Мәулен Әшімбаев.


Естеріңізге сала кетейік, 5 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал мәселелері жөніндегі кеңесте жеке тұлғалардың банкроттық туралы Заңын әзірлеуге кірісуді тапсырған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны