02.04.2021, 19:19 8155

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді ұлғайтуды жалғастырады

ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін мамырда тәулігіне 350 мың баррельге, маусымда тәулігіне 350 мың баррельге және шілдеде тәулігіне 450 мың баррельге ұжымдық ұлғайту туралы шешім қабылданды.

НҰР-СҰЛТАН. 2 СӘУІР - Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді ұлғайтуды жалғастырады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 сәуірде ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті. Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін мамырда тәулігіне 350 мың баррельге, маусымда тәулігіне 350 мың баррельге және шілдеде тәулігіне 450 мың баррельге ұжымдық ұлғайту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

Осылайша, ОПЕК+ шеңберіндегі Қазақстан үшін міндеттемелер мамырда тәулігіне 1,463 млн.баррельді, маусымда тәулігіне 1,469 млн. баррельді және шілдеде тәулігіне 1,475 млн. баррельді құрайды.

Қазақстанда мұнайды есепке алу жүйесі 2021 жылы іске қосылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны