16.04.2021, 22:12 11839

БЖЗҚ: баламалы мақсаттарға пайдаланылмаған зейнетақы жинақтары салымшылардың шоттарына қайтарылады

73 млрд теңгеден астам қаражат уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) қайтарылды.
НҰР-СҰЛТАН. 16 СӘУІР - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында баламалы мақсаттарға пайдаланылмаған зейнетақы жинақтары салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарына қайтарылатыны туралы ақпарат берілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
БЖЗҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 73 млрд теңгеден астам қаражат уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші бойынша және өзге де себептер бойынша қайтарылды, себебі қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған. 
 
2021 жылғы 15 сәуірдегі жағдай бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін БЖЗҚ уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына 1,08 трлн теңгеден астам қаржы аударып, 216 860 өтініш орындалды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 5 млн теңгеден асады. 
 
Жұртшылықты емдеуге 4,2 млрд теңгеге жуық қаражат аударылып, 4 335 өтініш орындалды. Емделуге бағытталған БЗТ-ның орташа сомасы шамамен 1 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан ("Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ) 586 млн теңге қайтарылды. 
 

Ағымдағы жылғы 15 сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗҚ-ға жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға аудару туралы 1 436 өтініш келіп түсті, оның ішінде жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге 947 өтініш орындалды. Аударымның орташа сомасы шамамен 2,4 млн теңгені құрайды", - деп хабарлады БЖЗҚ-да.

 
Баспасөз қызметі сондай-ақ БЖЗҚ салымшыдан өтініш түскен күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударуды жүзеге асыратынын еске салды.
 

Мәлімделген соманы инвестициялық портфельді басқарушыға аударған кезге дейін салымшы өз шешімін өзгертіп, өз өтінішінің күшін жоя алады. Мұны БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне жеке басты куәландыратын құжатпен келіп немесе enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы жүзеге асыруға болады", - деп қосты қорда.

 
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат тұратын емделуге пайдалану кезінде жеке табыс салығын ұстап қалу жөніндегі сұрақтарға жауап берген болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны