05.11.2021, 18:19 36144

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді ұлғайтуды жалғастырады

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді ұлғайтуды жалғастырады
НҰР-СҰЛТАН. 5 ҚАРАША - 4 қарашада ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті. Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Отырыста қыркүйек айында Келісім тараптарының міндеттемелерді орындауы талқыланды. Қазақстанның міндеттемелерді орындау деңгейі қыркүйекте 115%-ды құрады. Отырыс қорытындысы бойынша шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін тәулігіне 400 мың баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды.
 

Қараша айында ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін квота тәулігіне 1,540 млн. баррельді құрады және ай сайын өндіру орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге артады. Осылайша, желтоқсан айына міндеттемелер тәулігіне 1,556 млн.баррельді құрайды", - деп хабарлады Энергетика министрлігі.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны