08.11.2021, 14:48 39316

Дүниежүзілік банк Қазақстанның ауыл шаруашылығы жүйесін реформалауға грант бөледі

Дүниежүзілік банк Қазақстанның ауыл шаруашылығы жүйесін реформалауға грант бөледі
НҰР-СҰЛТАН. 8 ҚАРАША - Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің АҚШ астанасы Вашингтонда өткен Дүниежүзілік банк басшылығымен кездесу қорытындысы бойынша тараптар Дүниежүзілік Банктің ауыл шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету бағдарламасы (техникалық көмек) бойынша ынтымақтастық туралы уағдаласты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Дүниежүзілік банк мүдделі елдерге олардың ағымдағы саясатын қайта қарау және қайта бағдарлау және ауыл шаруашылығын қолдау тұрғысында жүзеге асырылатын және нақты нұсқаларды бағалауға қолдау көрсету үшін техникалық көмек бағдарламасын құрды. Бағдарлама қазірдің өзінде 13 елмен аналитикалық жұмыста қолдау көрсету және реформалардың техникалық, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан жүзеге асырылатын нұсқаларын ұсыну үшін ынтымақтастық орнатты. Ауыл шаруашылығы саясатын қайта құру бойынша көмек аясында банк тұрақты ауыл шаруашылығына көшу бойынша күш-жігерді жұмылдыру мақсатында жаһандық хабардарлықты арттыру және консенсус қалыптастыру үшін жоғары деңгейдегі саяси дөңгелек үстелдер ұйымдастырады", - деп хабарлады ҚР АШМ.

 
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Дүниежүзілік банк басшылығымен кездесуде 2021-2025 жылдарға арналған АӨК дамытудың Ұлттық жобасының басымдықтары негізінде ауыл шаруашылығының өсуіне, қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға және азық-түлік қауіпсіздігі мен тамақтану саласында неғұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған орнықты аграрлық азық-түлік жүйесін құруды қолдауға бағытталған гранттық қаражат есебінен Қазақстанға 2 жылға есептелген техникалық көмек көрсету мәселелерін талқылады.
 
Техникалық көмек шеңберінде халықаралық сарапшылар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, осы саладағы халықаралық тәжірибені ескере отырып, субсидиялау жүйесіне терең талдау жүргізеді, мемлекеттік қолдаудың тиімді шаралары ұсынылады, қаржылық қолдау көрсетуге жәрдем көрсетіледі.
 
Сондай-ақ, климаттың өзгеруін, Қазақстанның кейбір бөлігінің қуаңшылыққа ұшырауын назарға ала отырып, Дүниежүзілік банк оның ауыл шаруашылығына әсерін азайту, басқару және салдарын жұмсарту бойынша тиімді стратегия әзірлеу жөнінде бірқатар ұсынымдар әзірледі. Қазақстандық тараптың сендіруі бойынша, бұл ұсынымдарды барлық мүдделі органдардың тарапынан мұқият зерделенетін болады. 
 
Тараптар техникалық көмек шеңберінде оң нәтижелерге қол жеткізуге бейілділігін растады, сондай-ақ байланыстардың жоғары динамикасын қолдауға келісті.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны