31.01.2022, 15:07 10656

Қазақстандық компанияларға басшылық қызметке қанша шетелдікті тартуға болады

2022 жылы шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға квота 4 санатқа бөлінді.
НҰР-СҰЛТАН. 31 ҚАҢТАР - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде белгіленген квотаға сәйкес Қазақстанға жұмысқа тартуға болатын шетелдік жұмыс күшінің санаттары бойынша нақтылаулар берілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
2022 жылы шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға квота мынадай түрде 4 санатқа бөлінді: бірінші санат бойынша 1 243 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат бойынша 6 499 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 13 887 және 3 421 бірлік. Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға 3 302 адам тартылуы мүмкін.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,31% немесе 28,3 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.
 
ЕХӘҚМ 2021 жылы жергілікті атқарушы органдар 18,2 мың бірлік мөлшерінде ШЖК тарту үшін жұмыс берушілерге рұқсаттар берді және ұзартты, бұл белгіленген квотаның 64% - ын (29,3 мың) құрағанын еске салды.
 

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 14 932 шетелдік азамат еңбек қызметін жүзеге асырды", - делінген ведомство ақпаратында.

 
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Тоқаев бизнесті шетелдіктерді тартуға емес, отандық кадрларды тартуға шақырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны