15.08.2022, 15:47 9321

Ауылшаруашылық техникасының жеңілдетілген лизингі бойынша 9,3 млрд теңгеге 113 өтінім түсті

Лизинг алушыны қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір реттен артық берілмейді.
Ауылшаруашылық техникасының жеңілдетілген лизингі бойынша 9,3 млрд теңгеге 113 өтінім түсті
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 15 ТАМЫЗ - Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизинг бағдарламасы басталған күннен бастап "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ға отандық өндірістің 93 тракторы мен 52 комбайнын сатып алу үшін Қазақстанның 11 өңірінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен жалпы сомасы 9,3 млрд теңгеге 113 өтінім келіп түсті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 5 тамызда басталды. Қаржыландырудың жалпы сомасы 40 млрд теңгені құрайды, оған мыңға жуық қазақстандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарланып отыр.
 

Жеңілдікті бағдарлама шағын және орта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған, сондықтан бағдарлама бойынша бір лизинг алушыға - 205 млн теңгеден артық берілмейді және техника үш бірліктен аспауы үшін лимит белгіленген", - деп атап өтті ведомствода.

 
Лизинг алушыны қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір реттен артық берілмейді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны