17.08.2022, 15:37 31746

Өнеркәсіпті дамыту қоры шаруалар үшін ауыл шаруашылығы техникасына 30 млрд теңге бөлді

Өнеркәсіпті дамыту қоры шаруалар үшін ауыл шаруашылығы техникасына 30 млрд теңге бөлді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 17 ТАМЫЗ - Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингке алу бағдарламасына қазақстандық шаруалар үшін 30 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қаржыны "Өнеркәсіпті дамыту қоры" "Жасыл даму" АҚ қорынан тартты.
 

Бұл қаражат "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ны ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ауыл шаруашылығы техникасын одан әрі лизингке беру үшін жеңілдетілген шарттармен қорландыруға бағытталады", - деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

 
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қазақстандық ауылшаруашылық техникасын өндірушілер 1500-ден астам тракторлар мен комбайндар дайындады, бұл жаңа өндіргіш техникаға қазіргі қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
 
Бағдарламаның қолайлы шарттары (6%-дық сыйақы мөлшерлемесі, аванстық төлемсіз, 10 жылға дейінгі лизинг мерзімі және негізгі борышты қайтару бойынша жеңілдікті кезең) аграрлық қызметкерлерге айналым қаражатын босатуға және егін жинау науқаны кезінде шығындарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. 
 

Бөлінген қаражат толық игерілгеннен кейін 20 жылға есептелген Бағдарлама бойынша одан әрі қаржыландыру револьверлік негізде жүзеге асырылады, қолданыстағы лизингті өтеуден түсетін төлемдер жаңа қаржылық лизинг шарттарын жасасуға бағытталады", - деп атап өтті қорда.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша 9,3 млрд теңгеге 113 өтінім келіп түсті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны