18.01.2023, 11:32 26136

Елордалық монополистерге қатысты коммуналдық қызметтер үшін артық төлемдер фактілері бойынша тексеру жүргізілуде

Тұтынушылар ағымдағы айда алған өткен жылдың желтоқсан айындағы жылу мен электр энергиясы үшін артық төленген түбіртектерге наразылығын білдіріп жатыр
Елордалық монополистерге қатысты коммуналдық қызметтер үшін артық төлемдер фактілері бойынша тексеру жүргізілуде
Астана. 18 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Астана қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті "Астанаэнергосбыт ЖШС және "Астана-АЭК" АҚ-ның атына табиғи монополиялар саласындағы заңнама талаптарының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы хабарлама жіберді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі.

Белгілі боландай, әлеуметтік желілерде және бірқатар БАҚ-та тұтынушылар ағымдағы айда алған өткен жылдың желтоқсан айындағы жылу мен электр энергиясы үшін артық төленген түбіртектерге наразылығын білдіріп жатыр. Бұл ретте базалық монополист-субъектілердің тарифтері өскен жоқ және бүгінгі күні бұрын бекітілген деңгейде қалып отыр. Осыған байланысты, елорданың әрбір тұрғыны электр энергиясы мен жылу үшін жүргізілген дұрыс емес есептеулер бойынша түсініктемелер алу үшін, сондай-ақ қайта есептеу жүргізу үшін "Астанаэнергосбыт" ЖШС және "Астана-АЭК" АҚ атына жүгінуге құқылы", - деді ведомствода.


Монополистердің іс-әрекеттерімен келіспеген жағдайда әрбір тұтынушы Астана қаласы бойынша ТМРКД-ға жүгінуге құқылы. Монополистердің іс-әрекеттерінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, Астана қаласы бойынша ТМРКД өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайтын болады.

Комитетте осындай жағдай өткен жылдың басында, елордалық тұтынушылар электр энергиясы үшін жоғары төлем алған кезде де орын алғанын еске салды. Нәтижесінде, Астана қаласы бойынша ТМРКД "Астанаэнергосбыт" ЖШС-на қатысты тексеру ашты және монополистке артық шоттарға шағымданған тұтынушыларға қайта есептеу жүргізуді бұйырды. Алайда, ақшаны қайтару процесі монополистің Астана қаласы бойынша ТМРКД-ның шешімімен келіспеуіне байланысты созылды, бұл сот процестеріне әкелді.

Бірінші сатыдағы сот және елорданың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Астана қаласы бойынша ТМРКД-ның пайдасына шешім қабылдады, соның нәтижесінде "Астанаэнергосбыт" ЖШС-на қатысты "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 167-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 12 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, және дұрыс есептелмеген сомаларды қайтару бұйырылды. Алайда, бүгінде "Астанаэнергосбыт" ЖШС жоғарыда аталған сот актілері бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына шағымданды", - деді баспасөз қызметінде.


Бұдан басқа, 2022 жылғы желтоқсанда Астана қаласы бойынша ТМРКД "Астана-АЭК" АҚ-на қатысты "Астанаэнергосбыт" ЖШС-ның атына электр энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қатысты екі рет беру фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды және қарастыру үшін Астана қаласының сотына жіберілді.

Еске салайық, Қазақстанда желілерді жаңғыртуға байланысты коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеру жоспарлануда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны