13.04.2023, 11:38 42041

ШҚО әкімі Риддер ЖЭО жаңа меншік иелерін әрекетсіздікте айыптады

Компанияны мемлекет меншігіне беру туралы келіссөздер де тығырыққа тірелді
Риддер. 13 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қыс бойы апат пен ақаудан көз ашпаған Риддер жылу электр орталығын қысқа мерзімде жөндеу үшін 6 млрд теңге қаржы қажет. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.

Өңір басшысы жағдайдың күрделі екенін әрі меншік иесінен ешқандай әрекет болмағанын алға тартты. Жылумен қамтуға жауапты кәсіпорын бұрынғы және қазіргі қарыздарымен бірге тек сатып алу шартын ұсынып отыр. Алайда бұл ұсыныспен келісуге болмайды. Өйткені сатып алу барысында кәсіпорынның қыстағы төтенше жағдайдан кейінгі қарыздары ғана ескерілу керек. Қазір жылу мекемесін коммуналдық меншікке алудың тиімді жолдары қарастырылып жатыр. Егер оңтайлы шешім табылмаған жағдайда мәселеге сот нүкте қоюы мүмкін, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.


Өкінішке қарай, бұл станцияны тез арада коммуналдық меншікке қайтаратындай заң жоқ. Ал меншік иесінің сату-сатып алу шарты біздің көңілімзге қонбайды. Біз неге олардың осыған дейінгі қордаланған қарызын өтеп беруіміз керек? Егер 6 млрд теңге жұмсасақ, бұл нысанды толықтай қалпына келтіре аламыз. Қанша күш керегін, қалай істеу керегін білеміз. Ал уақыт болса өте аз қалды", - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.


Естеріңізге сала кетейік, мемлекет тиісті деңгейде күтіп ұстамалған энергия объектілерін меншіктен алып қояды.

Тексеру қорытындысы бойынша Бас прокуратура ЖЭО-да 240-тан астам заң бұзушылықты анықтады.

Ақпарат көзі: 24.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны