10.11.2021, 19:59 17717

Қаңтар-қазанда Қазақстанның ЖІӨ өсімі 3,5% құрады

Осы жылдың қаңтар-қазанында нақты сектордағы өсім 2,9% құрады.
Қаңтар-қазанда Қазақстанның ЖІӨ өсімі 3,5% құрады
Сурет: ашық көздерден
НҰР-СҰЛТАН. 10 ҚАРАША - 2021 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстан экономикасының өсімі 3,5% құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ҚР Үкіметі отырысында, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша қызмет көрсету секторындағы өсу қарқынының жеделдеуі, өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс салаларының экономиканың өсуі мен тұрақтылығының драйверлері болып қала беруі, экспорттың жоғары өсім динамикасы, өндіруші емес секторлардағы жоғары инвестициялық белсенділіктің сақталуы байқалуда", - деді министр.

 
Осы жылдың қаңтар-қазанында нақты сектордағы өсім 2,9% құрады. 
 
Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,4%-ға дейін өсті.
 
Салалар арасында ақпарат және байланыс, сауда, сумен жабдықтау, құрылыс, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсетуде.
 

Ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту экономикалық өсудің маңызды факторы болып қалып отыр. Бұл ретте өндіруші емес салалар инвестициялар бойынша тартымды бағыт болып сақталуда. Биылғы жылдың 10 айында негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны 2,5%-ды, оның ішінде тау-кен өнеркәсібін есепке алмағанда, негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны 14%-ды құрады. Инвестициялар, құрылыс саласында – 2,2 есеге, өңдеу өнеркәсібінде – 78,6%-ға, ауыл шаруашылығында – 41,9%-ға, саудада – 31,4%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында – 17,4%-ға және қаржы саласында – 12,1%-ға өсті", — деді министр.

 
Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Павлодар облыстарында байқалуда.
 
Биылғы қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда тауар айналымы $72,8 млрд құрады, оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш $43,3 млрд дейін жетті. Бұл ретте, өңделген тауарлар экспорты 25,5%-ға өсіп, $14 млрд дейін жетті. Тауарлар импорты $29,5 млрд құрады. 
 
Жалпы, оң сауда балансы өткен айға қарағанда $1,8 млрд өсіп, $13,8 млрд құрады. 
 
Өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсу үрдісі сақталуда. Биылғы қаңтар-қазанда сала бойынша өндіріс көлемі 5,3%-ға өсті. 
 
14 өңір бойынша оң өсу көрсеткіші тіркелді. Ең жоғарғы өсу Алматы қаласында, сондай-ақ Алматы, Қостанай және Қызылорда облыстарында байқалуда.
 
Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша фармацевтикалық өнім өндіру 33,6%-ға, машина жасау 19,5%, оның ішінде автомобиль жасау 23,4%, вагондар мен локомотивтер өндірісі 59%, сондай-ақ құрылыс материалдары 9,3%, пластмасса бұйымдары 36,5%, дайын металл бұйымдары 16,4%, киім 11,4% және жиһаз 11,8% деңгейінде серпінді өсім көрсетіп отыр. 
 
Тау-кен өнеркәсібінде өсудің оң аймағына шығу байқалуда. Есепті кезеңде сала бойынша өндіріс көлемі 0,1%-ға артты. 
 
Салалар бойынша өндіріс металл кендерін өндіру бойынша 4,1%-ға, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде 2,1%-ға, көмір өндіруде 0,2%-ға өсті. 
 
Өткен 10 ай қорытындысы бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 7,6%-ға өсіп, құрылыс секторы жоғары қарқынын сақтауда.
 
Көрсеткіштің оң өсімі 16 өңір бойынша тіркелген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсімі Маңғыстау және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалуда. 
 
Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жалпы алғанда оң динамика сақталуда. Есепті кезеңде 11,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсуі 7,9%-ды құрады.
 
Оң динамика 15 өңір бойынша тіркелді, олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалуда. 
 
Ә. Ерғалиевтің айтуынша, ауыл шаруашылығында есепті кезеңде өндірістің 2,3%-ға төмендеуі тіркелді. 
 
Ең төмен көрсеткіштер Қостанай және Ақмола облыстарында байқалуда. 
 
Саладағы өндірістің оң өсуі 9 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсімді Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары көрсетті.
 
7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасында жалпы жағдай мынадай. Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсім 4 өңірде – Алматы және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында байқалады. 6 көрсеткіш бойынша 9 өңірде өсім тіркелген. Олар Алматы қаласы, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстары. Сонымен қатар 5 көрсеткіш бойынша оң өсім екі өңірде, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады. Ал, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында төмен көрсеткіш тіркеліп отыр.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны