05.08.2022, 15:24 16196

Air Astana-ға рейстерді кешіктіргені үшін төртінші рет айыппұл салынды

Air Astana-ға рейстерді кешіктіргені үшін төртінші рет айыппұл салынды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 5 ТАМЫЗ - Air Astana әуе компаниялар тобы төртінші рет рейс кешіктірілген кезде жолаушылар құқықтарының бұзылуы себебінен жалпы сомасы 12 миллион теңгеден асатын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ААК ақпараты бойынша, тергеу барысында 2022 жылдың 16 шілдесінде "Эйр Астана" компаниялар тобына кіретін "Fly Arystan" бөлімшесінің Алматы-Атырау бағыты бойынша КС-7202 рейсі 12 сағат 9 минутқа кешіктірілгені анықталды.
 
Ұшуды күткен кезде осы рейстің жолаушыларына Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы Заңының 86-бабының 1-бөлігінде көзделген қызметтер, атап айтқанда, қонақ үйде тұру бойынша қызметтер тиісінше ұсынылмаған.
 
Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 4 тамызда авиакомпанияға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 567-бабының 2-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, оған сәйкес авиакомпанияға 1 000 АЕК (3 063 000 тг.) мөлшерінде айыппұл салынды.
 

Бұл "Эйр Астана" әуекомпаниясы тобының рейс кешіктірілген кезде жолаушылар құқықтарының бұзылуы себебінен өткен айда жалпы сомасы 12 млн теңгеден асатын әкімшілік жауапкершілікке тартудың төртінші жағдайы. Комитет заңнамада көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда авиатасымалдаушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін қажетті шаралар қабылдайды", – деп атап өтті Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, 28 шілдеде әуекомпанияға қатысты хаттама жасалды, оған сәйкес әуекомпанияға 1000 АЕК (3 000 063 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. 7 және 21 шілдеде "Эйр Астана" компаниялар тобы рейстің кешігуі кезінде жолаушылар құқықтарының бұзылуы себебінен 1000 АЕК (3 000 063 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны