07.02.2023, 15:01 42531

Қант мәселесі болмайды - Сауда министрлігінің басшысы

Қант мәселесі болмайды - Сауда министрлігінің басшысы
Сурет: depositphotos
Астана. 7 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин 7 ақпанда үкіметте өткен баспасөз мәслихатында елде бұдан былай қант тапшылығы болмайтынын айтты.
 
Серік Жұманғарин бүгінде қант зауыттарын қаржыландыру аяқталғанын атап өтті.
 

Жақын арада бастауға дайын боламыз. Әрине, қанттың көп бөлігі құрақ қанты болады, қалай болғанда да өткен жылы көрген қиындықтар болмайды. Ең жоғары баға 460 теңге меморандумдарда белгіленген - бұл бүгінгі күні сөрелерде тұрған баға", - деп келтіреді zakon.kz Серік Жұманғариннің сөзін.

 
Ол өткен жылы қазақстандық қант зауыттары құрақтан 306 мың тонна, қант қызылшасынан 50 мың тонна қант өндіргенін айтты.
 

Бұл - өте жоғары нәтиже. Бірақ бұған дейін олар 100 мыңнан сәл ғана астам өнім шығарды. Неге? Өйткені олар өндіре бастағанда, құрақ қанттың құны қымбаттаған соң, арзан қант кіріп, зауыттар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды", - деді Серік Жұманғарин.

 
Естеріңізге сала кетейік, ҚР-да қант саласын дамытудың кешенді жоспары бекітілді.
 
Ақпарат көзі: zakon.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны