15.11.2022, 13:36 15946

Қаржы министрлігі бюджет қаражатын игермеу бойынша көшбасшы өңірлер мен министрліктерді атады

Қаржы министрлігі бюджет қаражатын игермеу бойынша көшбасшы өңірлер мен министрліктерді атады
Астана. 15 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Үкіметте 2022 жылдың 10 айындағы мемлекеттік қаржының атқарылуы туралы баяндама жасай отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатының ең көп игерілмеуі қалыптасқан өңірлер мен министрліктерді атады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 
Республикалық бюджет бойынша 14,5 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 295 млрд теңгені құрады, оның ішінде 17 млрд теңге - үнемдеу, деп хабарлады Жамаубаев.
 

Игерілмегені - 278 млрд теңге. Ең көп игерілмеу сомасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ішкi iстер, Төтенше жағдайлар және Оқу-ағарту министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: қазынашылық ақпараттық жүйелеріндегі техникалық ақаулар, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақытылы ұсынбау, шарттарды, қосымша келісімдерді ұзақ жасасу және т.б.", - деп түсіндірді Қаржы министрлігінің басшысы.

 
Жергілікті бюджеттердің шығыстары 8,1 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны - 520 млрд теңге.
 

Биыл өңірлерге 3,3 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қарашаға 2,6 трлн теңге бөлінген. Оның 94,1%-і игерілген. Атқарылмағаны - 150 млрд теңге, оның ішінде 16 млрд теңге - үнемдеу, 134 млрд теңге игерілмеген", - деді спикер.

 
Оның айтуынша, ең көп игерілмеу келесі өңірлерде: Астана қаласы, Маңғыстау облысы, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында қалыптасты.
 

Игерілмеудің негізгі себептері: жобалау-сметалық құжаттаманы түзету, орындалған жұмыстар актілерін уақтылы ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, қазынашылық органдарына төлеуге берілетін шотты кеш ұсыну", - деп түсіндірді министр.

 
Министр өз баяндамасында соңғы уақытта мемлекеттік мекемелердің бюджетті атқару бойынша қаржылық құжаттарды айдың соңғы жұмыс күнінде ұсынуы байқалатынын атап өтті.
 

Техникалық себептерге байланысты оларды аумақтық қазынашылық органдары уақтылы өңдеп үлгермеу тәуекелі жоғары. Сондықтан орталық және жергілікті мемлекеттік органдар қаржы құжаттарын аумақтық қазынашылық органдарына біркелкі ұсыну бойынша жұмыс жүргізуі және төлемдерді айдың соңғы күніне қалдырмауы қажет", - деп атап өтті Жамаубаев.

 
Спикер сондай-ақ мемлекеттік аудит бойынша осы жылдың 10 айында шамамен 10 трлн теңге сомасына 475 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімдері камералдық бақылаумен қамтылғанын айтты.
 

Тексеру қорытындылары бойынша 32 957 рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 93%-ын орындады", - деді ол.

 
Сонымен қатар, 1 999 аудиторлық іс-шара өткізілді.
 

Аудитпен шамамен 3,7 трлн теңге бюджет қаражаты қамтылды. 304 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу жолымен 284 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды", - деп қорытындылады Жамаубаев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны