05.08.2022, 16:15 23371

Қашағанда газ ағып кету белгілерінің анықталуына байланысты жұмыстар тоқтатылды

Қашағанда газ ағып кету белгілерінің анықталуына байланысты жұмыстар тоқтатылды
Сурет: depositphotos
АТЫРАУ. 5 ТАМЫЗ - Қашағанда газдың ағып кету белгілері анықталуына байланысты жұмыстар тоқтатылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "NCOC" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Солтүстік Каспий жобасының Операторы NCOC компаниясы 2022 жылғы 3 тамызда "Болашақ" мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысының жұмысы өндіріс алаңында газ кету белгілері анықталуына байланысты қауіпсіз жолмен тоқтатылғанын растайды. Стандартты процедураларға сәйкес газ датчиктерінің іске қосылуына байланысты қондырғылардағы қысым алау жүйесі арқылы түсірілді", - деп хабарлады NCOC компаниясы - Солтүстік Каспий жобасының операторы.

 
Компанияда бұл жағдай адамдардың денсаулығына зиян келтірмегенін атап өтті. Батыс Ескенедегі экологиялық мониторинг жүргізу стансалары ластаушы заттардың шекті рауалы мөлшерден асқан шығарындыларын көрсеткен жоқ.
 

Өндірістік операцияларды қайта бастау бағытындағы жұмыстар жалғасуда", - деп түсіндірді компанияда.

 
Бұған дейін Теңіз - Новороссийск құбыр жүйесі арқылы мұнай айдау көлемі айтарлықтай төмендегені туралы хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны