10.06.2026, 17:25 811
Астанада аса маңызды минералдар саласына қатысты C5+1 диалогы өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Елордада Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гордың тең төрағалығымен аса маңызды минералдар мәселелері бойынша C5+1 диалогы өтті. Іс-шара Astana Mining & Metallurgy (AMM-2026) XVI халықаралық тау-кен металлургиясы конгресі қарсаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Диалогқа Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерінің мүшелері қатысты. Кездесу барысында Орталық Азия мемлекеттері мен АҚШ арасындағы геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу, сондай-ақ аса маңызды минералдарды әлемдік нарыққа жеткізу ісіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев C5+1 платформасының Орталық Азия мен Америка Құрама Штаттары арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматы ретіндегі маңызды рөлін ерекше атап көрсетеді. Аса маңызды минералдар мәселелері бойынша C5+1 диалогы стратегиялық шикізатпен тұрақты қамтамасыз ету, технологиялық ынтымақтастықты дамыту және жаһандық жеткізудің сенімді тізбектерін қалыптастыру бағытындағы әріптестікті тереңдетуге арналған. Әлемде аса маңызды минералдарға сұраныс артып отырған жағдайда бұл бағыттардың маңызы ерекше", - деді Ерсайын Нағаспаев.
Министр Қазақстан үшін аса маңызды минералдар секторы өнеркәсіптік саясат пен ұзақ мерзімді экономикалық дамудың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бүгінде еліміздің минералдық-шикізат базасында 9,5 мыңнан астам кен орны бар, олардың 100-ден астамында сирек және жерде сирек кездесетін металдар қоры шоғырланған. Цифрландыру және халықаралық стандарттарды енгізу бағытында қабылданған шаралар салаға бағытталған инвестициялар көлемінің едәуір артуына мүмкіндік берді. Нәтижесінде елге әлемнің жетекші компаниялары келді, олардың ішінде Rio Tinto, Barrick Gold, First Quantum, Ivanhoe, Teck, Fortescue, Cove Capital және басқалар бар.
Кездесуге қатысушылар C5+1 форматындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындады. Олардың қатарында қайта өңдеу саласындағы жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, индустриялық кластерлер құру, технологиялар трансфері, кадрлар даярлау, ғылыми-техникалық кооперацияны кеңейту және басқа да бастамалар бар. Сондай-ақ өнімді әлемдік нарыққа тұрақты түрде жеткізуді қамтамасыз ету үшін логистика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша барлық тарап көпжақты ынтымақтастықты дамытуға және бірлескен индустриялық әрі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүдделі екендерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.06.2026, 16:20 1081
Жаңа мүмкіндіктер: Орталық Азия мен АҚШ технологиялық ынтымақтастықты күшейтуде
Достарға айту
Орталық Азия елдері мен Америка Құрама Штаттары өнеркәсіптік және технологиялық ынтымақтастықты нығайтып келеді. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков C5+1 сыни маңызды минералдар жөніндегі диалог отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Бүгінгі кездесу біздің елдеріміздің өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту, жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын нығайту және технологиялық әріптестік үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырудың стратегиялық әлеуетіне ортақ көзқарас ұстанатынын тағы бір мәрте растады", - деді ол.
Сондай-ақ вице-министр америкалық әріптестерге C5+1 сыни маңызды минералдар жөніндегі диалогқа қатысқаны және көпжақты өзара іс-қимылды дамыту бағытындағы белсенді жұмысы үшін алғыс білдірді.
Бұл - Орталық Азия мен Америка Құрама Штаттары арасындағы тұрақты, өзара тиімді және болашаққа бағдарланған әріптестікті қалыптастыру жолындағы келесі қадам", - деп қосты Олжас Сапарбеков.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.06.2026, 14:50 1971
ШҚО-дағы литий кен орнын игеру: жоба қай кезеңде
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Шығыс Қазақстан облысындағы "Бакенное" литий кен орнын игеру жобасының қай кезеңде тұрғанын ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан C5+1 сыни маңызды минералдар жөніндегі диалог алаңында айтып берді.
Қазіргі уақытта онда мемлекеттік есепке қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл үдерістер тиісті түрде қорғалуда. Одан әрі кен орнын өңдеу және игеру мәселелері қаралатын болады", - деп вице-министрдің сөзін келтіреді inform.kz.
Оның айтуынша, қор көлемінің нақты көрсеткіштері тәуелсіз мамандардың растауынан кейін жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.06.2026, 13:40 1721
Қазақстан АҚШ компанияларын сирек металдарды өндіруге қатысуға шақырды
Достарға айту
Қазақстан Америка Құрама Штаттарының компанияларын сирек металдарды геологиялық барлау және өндіру жұмыстарына қатысуға шақырады. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев C5+1 сыни маңызды минералдар жөніндегі диалог отырысында мәлімдеді.
Еліміздің ресурстық базасында 9,5 мыңнан астам кен орны бар, олардың 100-ден астамында сирек және сирек жер металдары кездеседі. Біз америкалық компанияларды оларды геологиялық барлау мен өндіруге белсенді қатысуға шақырамыз", - деп Ерсайын Нағаспаевтың сөзін inform.kz келтіреді.
Министрдің айтуынша, бұл үшін Қазақстанда заманауи реттеуші орта қалыптастырылған. Атап айтқанда, 2018 жылы Австралия мен Канада тәжірибесі негізінде салалық заңнаманы реформалаған "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекс қабылданды. Сондай-ақ "бірінші келген - бірінші алады" лицензиялау қағидаты енгізіліп, жер қойнауын пайдалануға қолжетімділік жеңілдетілді.
Бұдан бөлек, 2023 жылы жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды. Соның нәтижесінде лицензиялаудан бастап есептілікке дейінгі барлық үдерістер онлайн форматқа көшірілді. 2024 жылдан бастап Қазақстан CRIRSCO халықаралық стандарттарын толық көлемде қолдана бастады, бұл есептіліктің ашықтығын қамтамасыз етіп, оны әлемдік тәжірибемен салыстыруға мүмкіндік береді.
Министрдің сөзінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде инвесторлардың қызығушылығы бірнеше есе артқан.
2018 жылдан бері геологиялық барлауға салынған инвестициялар үш есеге өсіп, 1 миллиард доллардан асты. Қазақстанға Rio Tinto, Barrick Gold, First Quantum, Ivanhoe, Teck, Fortescue және Cove Capital секілді әлемдік жетекші компаниялар келді", - деді Ерсайын Нағаспаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2026, 18:11 14336
Қазақстанға тартылған шетелдік инвестиция көлемі 20,5 млрд долларға жетті
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,7%-ға өсіп, 4,9 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш экономиканың өсу қарқынынан жоғары. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2025 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 20,5 млрд долларды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 14,4%-ға артқан.
Арман Қасенов ел экономикасы мен инвестициялар құрылымының айтарлықтай өзгергенін атап өтті.
«Бүгінде Қазақстан экономикасы 10-15 жыл бұрынғыға қарағанда анағұрлым әртараптандырылған. Мәселен, 2010 жылы мұнай өндіру саласының ЖІӨ құрылымындағы үлесі 16,5% болса, 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 8,1%-ға дейін төмендеді. Тікелей шетелдік инвестициялар да осы үрдісті қайталап отыр: әртараптандыру инвесторлар тарапынан да байқалады. Олар енді тек өндіру өнеркәсібіне, металлургияға немесе мұнай-газ секторына ғана емес, басқа да салаларға белсенді қызығушылық таныта бастады», – деді ол.
Өткен жылы шетелдік инвестицияларды ең көп тартқан салалар:
- көтерме және бөлшек сауда – 4,8 млрд доллар;
- өңдеу өнеркәсібі – 4,4 млрд доллар;
- қаржы және сақтандыру қызметі – 4,3 млрд доллар;
- ақпарат және байланыс саласы – 1,4 млрд доллар;
- көлік және қоймалау қызметі – 977 млн доллар.
Қазақстанға инвестиция салатын негізгі елдер қатарында Нидерланд, Ресей және Қытай қалып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2026, 17:15 14636
Энергетикалық жүйені жаңғырту және таза энергетика: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге келді
Достарға айту
Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Оңтүстік Кореяның Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрі Ким Чжон Кванмен кездесу өткізді.
Тараптар энергетика саласындағы қазіргі ынтымақтастық пен бірлескен жұмыстың келешегін талқылады. Инвестициялық жобаларды іске асыруға және электр энергетикасындағы әріптестікті дамытуға ерекше назар аударылды.
Келіссөздер барысында министрлер энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа генерациялайтын қуаттарды салу, заманауи технологияларды енгізу және энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мәселелерін қарастырды.
Сондай-ақ таза энергетика саласындағы ынтымақтастық, жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамыту, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін технологиялар мен тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Оңтүстік Корея энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, технологиялық дамуды ілгерілетуге және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған энергетика саласындағы жобалар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.06.2026, 14:22 24361
Әлемдік нарықта мұнай бағасы өсті
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Израиль мен Иран арасындағы жағдайдың ушығуы әлемдік мұнай бағасының өсуіне әсер етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
8 маусымда сауда-саттық басталғанда Brent маркалы мұнайдың тамыз айына арналған фьючерстері алдыңғы сауда күнінің жабылу бағасымен салыстырғанда 3,6 пайыз қымбаттап, баррелі 96,7 долларға жетті.
WTI маркалы америкалық мұнайдың бағасы да өсіп, баррелі 93,5 доллар болды. Ал Urals маркалы мұнайдың бір баррелі шамамен 86,3 доллардан сатылып жатыр.
Мұнай бағасының өсуіне Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Парсы шығанағынан мұнай мен газ жеткізуге қатысты алаңдаушылық себеп болып отыр.
Сарапшылардың айтуынша, АҚШ, Израиль және Иран арасындағы қақтығыс болып жатқан 100 күн ішінде әлемдік сауда үшін стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазы арқылы шамамен 1 мың кеме өткен. Бұл қалыпты жағдайда бұғаз арқылы бір аптада өтетін кемелер санына тең.
7 маусым күні кешке Иран Израильдің солтүстік бөлігіне зымырандар атты. The Times of Israel басылымының мәліметінше, бұл - сәуір айынан бері жасалған алғашқы осындай шабуыл. Ал Тегеран мұны Израильдің Ливандағы әрекеттеріне жауап деп атады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 18:51 42796
Қазақстандағы май өндіру саласы төрт жыл ішінде экспорттық кірісті төрт есе - $963 млн-ға ұлғайтты
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстандық май саласының экспорттық кірісі төрт жылда төрт есеге өсіп, 963 млн АҚШ долларына жетті. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астанада өткен FОС 2026: Fats and Oils Conference V Халықаралық май конференциясының ашылуы кезінде хабарлады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Конференция жұмысына 18 мемлекеттің, халықаралық ұйымдардың, жетекші әлемдік компаниялардың, қаржы институттарының, салалық қауымдастықтар мен сараптамалық қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.
Конференцияны ашқан ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин соңғы жылдары май өндіру саласы агроөнеркәсіптік кешен сегментінің бірінен ұлттық экономиканың стратегиялық маңызды бағытына, экономиканы әртараптандырудың, қайта өңдеуді дамыту мен қосылған құны жоғары өнім жасаудың табысты үлгісіне айналғанын атап өтті.
Небәрі төрт жылдың ішінде қазақстандық май өнімі экспортының валюталық түсімі төрт есеге, 240 млн-нан 963 млн АҚШ долларына дейін өсті. Өндіріс рекордтық 1,6 млн тоннаға, қайта өңделген ауылшаруашылығы өнімі экспортындағы саланың үлесі 27%-ға жетті. Бұл отандық өндірушілерді қолдау, қайта өңдеуді дамыту мен инвестиция тартудағы дәйекті мемлекеттік саясаттың нәтижесі. Қайта өңдеумен бірге ауыл шаруашылығы да дамып, майлы дақыл алқабы кеңеюде. Фермерлік шаруашылықтың табыстылығы артты. Жаңа жұмыс орындары ашылып, көлік және экспорттық инфрақұрылым дамуда", - деп атап өтті вице-премьер.
Бүгінгі таңда Қазақстан күнбағыс майын экспорттау жөнінен әлемде алтыншы орында. Ол өнімді Қытай нарығына екінші ірі жеткізуші. Сондай-ақ, республика Еуропалық Одаққа күнбағыс ұнын басты жеткізушілер қатарына кіріп, Орталық Азия мемлекеттерінің қажеттілігін толықтай өтей алады.
Серік Жұманғариннің айтуынша, саланың алдағы міндеті - ірі экспорттаушы мәртебесінен әлемдік көшбасшының біріне өту. Ол үшін 2026-2028 жылдарға арналған май өнімі экспортын дамыту жөніндегі жол картасы жүзеге асырылуда.
Біздің мақсатымыз - саланың валюталық түсімін жылына $1,5 млрд-тан аса ұлғайту. Қазақстанның күнбағыс майының ірі әлемдік экспорттаушылары арасындағы позициясын нығайтып, саланың әлемдік көшбасшыларының үштігіне кіру үшін негіз құру қажет", - деп атап өтті ол.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жоғары рентабельді майлы дақылдың егіс алқабын кеңейту, заманауи агротехнология есебінен өнімділікті арттыру, терең өңдеуге инвестиция тарту, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымды және халықаралық сауда бағыттарын дамыту жұмысы жалғасады.
Қазақстан ұлттық қайта өңдеушілер қауымдастығының төрағасы Ядикар Ибрагимов сала экспорттық географияны белсенді түрде кеңейтіп, логистикалық шешімді жетілдіруде екенін жеткізді.
Мәселен, 2026 жылы Ақтау портында алғаш рет теңіз кемесіне өсімдік майын ауыстырып тиеу жүзеге асырылды. "ҚТЖ" ҰК" АҚ қолдауымен Қытай бағытында Достық - Алашанькоу шекаралық өткелі арқылы астық таситын көлікпен түйіршіктелген күнбағыс ұнын тәжірибелік жеткізу басталды.
Сонымен қатар 2025 жылғы күзде Қазақстан тарихында алғаш рет Шығыс Қазақстан облысынан Қытайдың Цзянсу провинциясына флекситанктер арқылы күнбағыс майы 40 футтық контейнермен жөнелтілді. Жүк 12 күнде 4 700 шақырымды жүріп өтіп, контейнермен тасымалдаудың тиімділігі мен жоғары жылдамдығын көрсетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2026, 12:05 59486
Білім экономикасы - Қазақстан мен Еуропалық Одақ серіктестігінің жаңа қозғаушы күші
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бельгиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінде "Shanyraq Dialogues" пікірталас алаңы аясында "Қазақстанның білім экономикасы: Еуропалық Одақпен әріптестіктің жаңа көкжиектері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, бельгиялық университеттер мен зерттеу орталықтарының өкілдері, сарапшылар қауымдастығы, дипломатиялық корпус және Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараның модераторы Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) атқарушы директоры Карина Ангелиева болды. Ол өз сөзінде Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуетінің қарқынды дамуын атап өтіп, бұл ХҒТО-ның штаб-пәтерін 2015 жылы Астанаға көшіру туралы шешім қабылдаудағы негізгі факторлардың бірі болғанын айтты. Халықаралық ұйым басшысы бүгінде Қазақстанның ХҒТО-ның бірқатар маңызды жобаларын жүзеге асыруда жетекші орындардың бірін иеленіп отырғанын ерекше атап өтті.
Қатысушыларға алғысөз сөйлеген Бельгиядағы Қазақстан Елшісі Роман Василенко Астана мен Брюссель арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толған кезеңде екіжақты ынтымақтастықтың сапалы әрі елеулі ілгерілеуін атап өтті.
Қазақстандық дипломат Еуропалық Одақтың Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі екенін еске салды. Тараптар арасындағы ынтымақтастық көлік байланысын дамыту, стратегиялық маңызды шикізат материалдары, жасыл трансформация, цифрландыру және инновациялар сияқты басым бағыттарда тұрақты түрде кеңейіп келеді.
Р. Василенко білім беру, ғылым және технологиялар саласындағы әріптестікті дамытуға ерекше назар аударды. Оның айтуынша, адами капиталға инвестиция салу Қазақстанның негізгі басымдықтарының бірі, ал еуропалық университеттер мен зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты тереңдету бірлескен зерттеулер жүргізуге, академиялық алмасуларды дамытуға және болашақ экономикасы үшін мамандар даярлауға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек негізгі баяндамашы ретінде сөз сөйлеп, ғылым мен жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарын таныстырды. Олардың қатарында ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту, зерттеу университеттерін дамыту, жоғары білімді интернационалдандыру, жас ғалымдарды қолдау, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және Қазақстанның халықаралық зерттеу бағдарламаларына қатысуын кеңейту бар.
Сондай-ақ, Қазақстанның еуропалық ғылыми-білім беру қауымдастығымен ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылысына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, зерттеулер мен инновацияларды қолдауға бағытталған Еуропалық Одақтың "Horizon Europe" бағдарламасы сияқты халықаралық бастамаларға қатысу мәселелері сөз болды.
Министр Саясат Нұрбек өз сөзінде: "Білім экономикасы сенімге, университеттердің ашықтығына, қуатты ғылымға және халықаралық ынтымақтастыққа негізделеді. Қазақстан еуропалық университеттермен өзара іс-қимылдың жүйелі әрі ұзақ мерзімді сипатта болғанына мүдделі. Бұл ынтымақтастық бірлескен зерттеулерге, тәжірибе алмасуға және болашақ экономикасына қажетті мамандар даярлауға негізделуі тиіс", - деп атап өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстандағы білім экономикасын дамыту, жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық, бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру, академиялық ұтқырлық, экономиканың жаңа салалары үшін кадрлар даярлау, сондай-ақ бельгиялық және еуропалық университеттермен ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.
Дөңгелек үстел мемлекеттік органдар, академиялық қауымдастық, сарапшылар ортасы және дипломатиялық корпус өкілдері арасында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ғылыми-білім беру әріптестігін одан әрі дамыту мәселелері бойынша ашық диалог жүргізуге мүмкіндік берген тиімді алаңға айналды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.06.2026, 10:16Ләззат Қалтаева БҰҰ Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі болып сайланды 10.06.2026, 13:08 7336Қазақстан мен Франция парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады10.06.2026, 10:29 "Үлкен Алтай - 2026" конференциясы: ШҚО әкімі инвесторларды бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды6396"Үлкен Алтай - 2026" конференциясы: ШҚО әкімі инвесторларды бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды10.06.2026, 12:50 6096Астанада "C5+1" маңызды минералдар жөніндегі диалог отырысы өтіп жатыр10.06.2026, 16:35 2216Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады
05.06.2026, 17:52 145861Кишиневте Молдова-Қазақстан іскерлік кеңесінің кеңсесі ашылды: экономикалық серіктестікке жаңа серпін05.06.2026, 17:11 144761Токио губернаторы Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде болып қайтты05.06.2026, 17:32 137891Мемлекет басшысы Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады05.06.2026, 16:15 127391Қазақстанда санитарлық-техникалық жабдықтар шығаратын зауыт салынуда05.06.2026, 11:10 127276Астана мен Браззавиль сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындады
13.05.2026, 07:10 289736Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының Атқарушы директорын қабылдады15.05.2026, 21:02 277446Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына GovТeсh цифрлық шешімдері таныстырылды22.05.2026, 20:31 250976Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды15.05.2026, 20:45 243871Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді15.05.2026, 19:53 243256Түркістан қаласында ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы өтті

