10.06.2026, 13:08 1156

Қазақстан мен Франция парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Франция парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Франция Ұлттық Ассамблеясындағы "Франция - Қазақстан" достық тобының жаңа төрайымы Даниэль Картеронмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы күшейтілген стратегиялық әріптестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады. Соңғы жылдардағы екі ел президенттерінің өзара сапарларын қоса алғанда, саяси өзара іс-қимылдың жоғары қарқыны ерекше атап өтілді.

Елші француз депутатын елде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың негізгі бағыттарымен таныстырып, олардың саяси жүйені одан әрі демократияландыруға, экономиканы жаңғыртуға және мемлекеттік басқаруды жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.

Қазақстанның парламенттік жүйесін дамыту мәселелері, оның ішінде бір палаталы Парламентке көшу перспективалары француз депутатының ерекше қызығушылығын тудырды. Д.Картерон Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалармен жан-жақты танысу және парламентаралық диалогты кеңейту мақсатында Қазақстанға сапар жасауға қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар "Франция - Қазақстан" достық тобы аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыруға дайын екенін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны