10.06.2026, 12:50 806

Астанада "C5+1" маңызды минералдар жөніндегі диалог отырысы өтіп жатыр

Астанада "C5+1" маңызды минералдар жөніндегі диалог отырысы өтіп жатыр
Астанада "C5+1" маңызды минералдар жөніндегі диалогтың (Critical Minerals Dialogue) отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Еске салайық, "C5+1" маңызды минералдар жөніндегі диалог отырысы - C5+1 ынтымақтастық форматы (Орталық Азияның бес елі және АҚШ) аясында ұйымдастырылатын кездесу. Ол стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбаларды өндіру, өңдеу және олардың тұрақты жеткізілімін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Серджио Гормен кездесуі барысында маңызды минералдар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңызын атап өткен болатын. Сондай-ақ ол америкалық тарапқа "C5+1" диалогының отырысына қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар тараптар АҚШ пен Орталық Азия елдерінің бизнес-делегациялары қатысатын жоспарланған дөңгелек үстелдің маңыздылығын атап өтті. Аталған іс-шара сауда-экономикалық өзара іс-қимылды нығайтуға және стратегиялық бағыттардағы әріптестікті кеңейтуге бағытталған.

2026 жылғы 11-12 маусым күндері Астанада Astana Mining and Metallurgy 2026 халықаралық тау-кен металлургия конгресі мен көрмесі өтеді. Іс-шара барысында жер қойнауын пайдалану саласындағы өзекті мәселелер мен тау-кен металлургия кешеніне қатысты заңнамалық бастамалар талқыланады.

Сондай-ақ инвестициялық байланыстарды нығайтуға және Қазақстанның өнеркәсіп секторына әлемдік жетекші технологиялық компанияларды тартуға ерекше назар аударылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны