29.03.2023, 11:44 59061

Қазақстан бірқатар мұнай өнімдерін ЕАЭО аумағынан тыс жерлерге шығаруға тыйым салады

Тыйым 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады
Астана. 29 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге тыйым салу енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Энергетика министрлігі бензин мен дизель отынына шекті көтерме бағаны белгілеуді жоспарлап отыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны