14.06.2021, 23:55 11166

Қазақстан ЕАЭО шарты бойынша хаттаманы ратификациялады

Осы хаттаманы ратификациялау сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға уақыт пен қаржы шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

НҰР-СҰЛТАН. 14 МАУСЫМ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" ҚР Заңына қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Осы хаттаманы ратификациялау сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға уақыт пен қаржы шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, кедендік декларациялау үшін кедендік алымды, кедендік бажды, қосылған құн салығын, акцизді, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы бажын төлеу үшін бірнеше төлем тапсырмаларын пайдалану қажеттілігіне байланысты шығындар азайтылатын болады.

Сондай-ақ, қатысушылар қолда бар аванстық төлемдерді уақытша сақтау қоймаларында орналастыру, кедендік құнды растау, сараптама жүргізу кезінде және т.б. сияқты операциялар кезінде кедендік баждарды төлеу бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде пайдалана алады.

Бұдан басқа, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар осы төлемдерді пайда болған берешекті өтеу үшін пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

Сондай-ақ бюджеттік сыныптама кодының әрбір түрі бойынша ақша қаражатының қалдықтарын жеке-жеке қадағалаудың қажеті жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны