14.12.2022, 10:34 29851

Қазақстан мұнай экспортының баламалы бағыттарын анықтады

Әзербайжан, Грузия және Түркия порттары бағытында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға баса назар аударылады
Астана. 14 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Экспорт бағыттарын әртараптандыру жөніндегі тапсырма шеңберінде Мұнай экспортының баламалы бағыттарын дамыту жөніндегі жол картасының жобасы әзірленді, деп хабарлады Үкімет отырысында Қазақстан энергетика министрі Болат Ақшолақов.
 

Әзербайжан, Грузия және Түркия порттары бағытында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға, сондай-ақ Қытай Халық Республикасы мен Иранға экспорттық бағыттарға баса назар аударылады", - деді Б. Ақшолақов.

 
Сондай-ақ, ҚР Энергетика министрінің айтуынша, 2029 жылға қарай Шымкент мұнай өңдеу зауытын 9 млн тоннаға дейін кеңейту жобасын аяқтау жоспарлануда. Бұл қайта өңдеу көлемін жылына 21 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
 
Қашаған кен орнында қуаты 1,1 млрд текше метр және 2 млрд текше метр ілеспе газ өңдеу бойынша 2 зауыт салынатын болады.
 
Бұдан басқа, 2023 жылы "Жайықмұнай" газ өңдеу зауытында Қарашығанақ газын өңдеу бойынша шешім қабылданады, бұл газды өңдеуді 4 млрд текше метрге ұлғайтуға мүмкіндік береді
 
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың наурыз айында Каспий құбыр консорциумында болған апаттан кейін ҚР Энергетика министрлігі мұнай экспортының баламалы бағыттарын іздеу туралы мәлімдеді.
 
Теңіз - Новороссийск құбыры арқылы Қазақстанның барлық экспорттық мұнайының үштен екісінен астамы тасымалданады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны