16.06.2026, 20:40 71

Қазақстан мен Марокко арасындағы саудасы 460 миллион доллардан асты

Қазақстан мен Марокко арасындағы саудасы 460 миллион доллардан асты
2021 жылы Қазақстанның Мароккода Елшілігі ашылған сәттен бастап екіжақты сауда көлемі 68%-ға өсіп, өткен жылдың қорытындысы бойынша 460 млн АҚШ долларынан асты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасының Мароккодағы Елшісі Саулекүл Сайлауқызы Касабланка қаласында ұйымның штаб-пәтерінде өткен Азия-Тынық мұхиты өңірі мемлекеттері елшілерінің Марокконың Бас кәсіпорындар конфедерациясының (CGEM) Төрағасы Мехди Тазимен кездесу барысында экономикалық байланыстың өсу мәселесін талқылады.

Азия-Тынық мұхиты өңірі елдері елшілер тобының дуайені ретінде сөз сөйлеген С.Сайлауқызы Азия мемлекеттері мен Марокко арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың елеулі әлеуетін атап өтіп, өзара сауда, инвестициялар және іскерлік байланыстарды арттыру үшін қолда бар мүмкіндіктерді неғұрлым белсенді пайдаланудың қажеттігін айтты.

Қазақстан-Марокко Іскерлік кеңесінің құрылуына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, кездесу барысында екіжақты іскерлік кеңестерді құруды саяси диалогты бірлескен жобаларды іске асырудың практикалық деңгейіне көшірудің тиімді тетігі талқыланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны