02.02.2026, 14:48 756
Қазақстан Республикасындағы инфляция 2026 жылғы қаңтар айында 12,2%
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасындағы инфляция 2026 жылғы қаңтар айында 12,2% (2025 жылғы желтоқсанда - 12,3%), бір айда - 1% құрады (өткен айда - 0,9%), деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінен.
Баға азық-түлік тауарларға бір жылда - 12,9% (2025 жылғы желтоқсанда - 13,5%), ақылы қызметтерге- 12% (2025 жылғы желтоқсанда - 12%), азық-түлік емес тауарларға 11,7% (2025 жылғы желтоқсанда - 11,1%) өсті.
Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (5,4 пайыздық тармақ), көлік (1,1 пайыздық тармақ), жеке күтім, әлеуметтік қорғау және басқа да тауарлар мен қызметтер (1 пайыздық тармақ) қосты.
Бір айда ақылы қызметтер бағасының деңгейі - 1,1%, азық-түлік емес тауарлар - 1,2%, азық-түлік тауарлар 0,8% өсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
02.02.2026, 16:58 386
Қытайдың жаңа жылын тойлауға байланысты "Қорғас" екі аптаға жабылады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚХР-да Қытай Жаңа жылының мерекеленуіне және осыған байланысты "Қорғас" ШЫХО-ның қытай тарапындағы қызметінің уақытша тоқтатылуына байланысты, деп хабарлайды "Қорғас" ШЫХО әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
Орталық 2026 жылғы 16 ақпаннан 1 наурызға дейін жабық болады.
Аталған кезеңде Қазақстан тарапында туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
2 наурыз 2026 жылдан бастап Орталық қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 15:54 536
Қаңтарда теңге 0,9%-ға нығайды - Ұлттық банк
Достарға айту
Қаңтар айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 501,24 теңгеге дейін 0,9%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі бір айда 359 млн АҚШ долларынан 306 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,8 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Қаңтар айында Ұлттық қордан 350 млн АҚШ долларында валюта сатылды, бұл республикалық бюджетке трансферт бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 6%-ын құрады немесе ол - күніне 18,5 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшер.
Күтілетін фискалдық түсімдерді ескергенде, Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша ақпан айында республикалық бюджетке трансферт бөлуге Ұлттық Банк Ұлттық қордан 350 млн АҚШ долларынан 450 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп болжайды.
Қаңтар айында айналау операциясы аясында 350 млрд теңге алынды. Ақпанның ішінде осы мақсатта 350 млрд теңге баламасында валюта сату күтіледі.
Ұлттық қор қаражатымен операциялар жүргізу кезінде, сондай-ақ айналау тетігін іске асыру кезінде Ұлттық Банк нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды, бұл шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды білдіреді.
Ұлттық Банк қаңтарда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.
Өткен айдың қорытындысы бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінде валюталық түсімінің бір бөлігін міндетті сату нормасы аясында валюта түсімін сату көлемі шамамен 206 млн АҚШ долларын құрады.
Осыған дейінгі жоспарға сәйкес, БЖЗҚ валюталық активтердің үлесі 40%-дан асатынын екенін ескергенде, Ұлттық Банк қаңтар айында зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алмады. Ақпанда да валюта сатып алуға қатысты жоспар жоқ.
Ашықтық қағидаты аясында Ұлттық Банк валюта нарығында жүргізілетін операциялар туралы ақпаратты толық ашып көрсетуді жалғастырады. Қысқамерзімді келешекте теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуына жол бермейтін және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы бағам белгілеу режимін ұстана береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2026, 21:29 36876
Ипотеканы зейнетақы жинағымен өтеу тәртібі 31 қаңтардан бастап өзгереді
Достарға айту
Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Отбасы банк баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл өзгерістер зейнетақы жинақтарының артығын жұмсауға болатын бір мақсатқа- Отбасы банкіндегі қарыздар бойынша берешекті ішінара және толық өтеуге қатысты. Аталған мақсат қазақстандықтарға ипотека бойынша айсайынғы төлемдерді өтеуге мүмкіндік беріп келген.
Бұл түзетулер Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілді. Аталған өзгеріс 2026 жылдың 31 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұрын Отбасы банкіндегі қарыздарды ішінара өтеу қалай жүзеге асырылды?
Банк клиенті enpf-otbasy.kz платформасына кіріп, "Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарыздың берешегін ішінара өтеу" мақсатын таңдайтын. Өтінім рәсімдеп, зейнетақы қорындағы артық жинақтарды пайдалануға сұрау жіберетін. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) өтінімді 5 жұмыс күні ішінде қарайтын және зейнетақы жинақтарының артығы болған жағдайда, біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) сомасын Отбасы банкіндегі арнайы шотқа аударатын.
Қаражат түскеннен кейін клиент оны 20 жұмыс күні ішінде пайдалануы тиіс болатын. Әдетте, қарызды ішінара мерзімінен бұрын өтеу рәсімі кезекті несие төлемі жасалатын күні іске қосылатын. Соның нәтижесінде қарыз бойынша айсайынғы төлем өтелетін.
Несие бойынша айсайынғы төлем бірнеше бөліктен тұрады:
- негізгі қарыздан- бұл банктің тұрғын үй сатып алу үшін клиентке берген қаражаты;
- банктің сыйақысынан- тұрғын үй сатып алуға берілген қаражатты пайдаланғаны үшін есептелетін пайыздар;
- мүмкін болатын мерзімі өткен берешек пен өсімпұлдардан- төлем уақытында жасалмаған жағдайда есептеледі;
- кейінге қалдырылған төлемдерден- егер қарыз қайта құрылымдалған болса;
- депозиттегі жинақтардан- алдын ала қарыз берілген жағдайда.
Қандай өзгерістер енгізілді?
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларында "берешек" ұғымы "негізгі қарыз" ұғымымен алмастырылды.
Бұл дегеніміз, енді зейнетақы жинақтарының артығын пайдалана отырып, несие бойынша ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу кезінде тек негізгі қарызды ғана өтеуге болады. Біржолғы зейнетақы төлемі есебінен айсайынғы төлемді толық жабу мүмкін болмайды. Несие бойынша сыйақы (пайыздар) және айсайынғы төлем құрамына кіретін басқа даілеспе төлемдерді қарыз алушы өз қаражаты есебінен төлеуі тиіс",- делінген хабарламада.
Енді Отбасы банкіндегі қарыздарды ішінара және толық өтеу қалай жүзеге асырылады?
Жаңа талаптардың енгізілуіне байланысты Отбасы банкіндегі қарыздарды ішінара немесе толық өтеу процесін қайта бейімдеу қажет. Бұл белгілі бір уақытты талап етеді.
Алдағы уақытта бұл операция екі кезеңнен тұратын болады:
- алдымен несие бойынша сыйақы және басқа даілеспе төлемдер қарыз алушының өз қаражаты есебінен төленеді;
- содан кейін негізгі қарыз зейнетақы жинақтарының артығы есебінен өтеледі.
Осыған байланысты Отбасы банкіндегі ағымдағы және арнайы шоттарда қажетті қаражаттың алдын ала болуын қамтамасыз ету қажет. Банктің қашықтан көрсетілетін қызметтерін- мобильді қосымшаны және otbasybank.kz сайиындағы жеке кабинетті- жаңа талаптарға бейімдеу мақсатында Отбасы банк біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, қарыздарды ішінара немесе толық өтеуге арналған өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатуға мәжбүр",- делінген банк хабарламасында.
enpf-otbasy.kz платформасында өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 30 қаңтарынан 31 қаңтарына қараған түннен бастап 2026 жылдың 2 наурызына дейін тоқтатылады.
2026 жылдың 30 қаңтарын қоса алғандағы мерзімге дейін берілген өтінімдер бұрынғы ережелерге сәйкес жұмыс тәртібінде қаралады.
enpf-otbasy.kz платформасында БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының артығын сұрату процесі өзгеріссіз қалады.
Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы қаражатын пайдаланудың басқа барлық бағыттары өзгеріссіз сақталады.
Бұл іс жүзінде қалай жүзеге асады?
Банк клиентінің зейнетақы жинағының артық сомасы 100 000 теңге. Олосы қаражатты тұрғын үй қарызы бойынша айсайынғы төлемді өтеу үшін пайдаланғысы келеді. Аталған айсайынғы төлем келесі бөліктерден тұрады:
- айсайынғы төлемнің жалпы сомасы- 74 825 теңге;
- тұрғын үй қарызы бойынша сыйақы (пайыздар)- 6 175 теңге;
- негізгі қарыз- 65 699 теңге.
Бұрынғы ережелер бойынша ішінара мерзімінен бұрын өтеу қызмеиін пайдалана отырып, клиент айсайынғы төлемді толықтай біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) есебінен өтей алатын.
Жаңа ережелерге сәйкес, клиент алдымен тұрғын үй қарызы бойынша сыйақыны төлеу үшін 6 175 теңге көлемінде өз қаражатын ағымдағы шотқа салуы қажет. Тек содан кейін ғана олбіржолғы зейнетақы төлемі есебінен 65 699 теңге мөлшеріндегі негізгі қарызды өтейді.
Біржолғы зейнетақы төлемінің қалған бөлігі
- (100 000- 65 699 = 34 301 теңге)
- қосымша түрде негізгі қарызды өтеуге бағытталады.
- тағы бір мысал келтіре кетейік
Банк клиентінің зейнетақы жинақтарының артығы 200 000 теңге. Олбұл қаражатты алдын ала тұрғын үй қарызы бойынша айсайынғы төлемді өтеу үшін пайдаланғысы келеді.
Алдын ала қарыздар банктің мемлекеттік және өз бағдарламалары аясында 2%-дан бастап мөлшерлемемен беріледі. Бастапқы жарна 10%-дан басталады. Бұл қарыз түрі тұрғын үй құнының 100% көлемінде беріледі және несие бойынша сыйақы толық берілген сомаға есептеледі. Бастапқы жарна есепке алынбайды, олОтбасы банкіндегі депозитте сақталады. Қарыз алушы несие бойынша төлем жасаумен қатар депозиттегі жинақтарын несие сомасының 50%-ына дейін толықтыруы тиіс. Бұл- тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің талаптары.
Осыған байланысты алдын ала қарыз бойынша айсайынғы төлем екі бөліктен тұрады:
- банктің сыйақысын (пайыздарын) төлеу;
- депозитке міндетті жинақ жарнасын аудару.
Депозитте несие сомасының 50%-ы жиналғаннан кейін, бұл қаражат қарызды өтеуге бағытталады, айсайынғы төлем мөлшері азаяды және содан кейін клиент негізгі қарыз бен оған есептелетін сыйақыны төлей бастайды.
Алдын ала қарыз бойынша клиенттің айсайынғы төлемі келесі сомалардан тұрады:
- айсайынғы төлемнің жалпы сомасы- 75 000 теңге;
- алдын ала қарыз бойынша сыйақы- 25 000 теңге;
- депозитке міндетті жарна- 50 000 теңге.
Бұрынғы ережелер бойынша ішінара мерзімінен бұрын өтеу функциясын пайдалана отырып, клиент 75 000 теңге мөлшеріндегі айсайынғы төлемді толықтай біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) есебінен өтей алатын. Бұл жағдайда БЗТ-ның қалған 125 000 теңгесі негізгі қарызды өтеуге бағытталатын.
Жаңа ережелерге сәйкес, клиент алдымен өз қаражаты есебінен ағымдағы шотта несие бойынша сыйақыны және депозитке міндетті жарнаны қамтамасыз етуі тиіс. Тек содан кейін ғана ол200 000 теңге мөлшеріндегі біржолғы зейнетақы төлемі есебінен негізгі қарызды өтей алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2026, 17:41 37416
Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі инвесторлар мен мемлекет арасындағы диалогтің негізгі алаңына айналды - сарапшылар
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді. Онда инвесторларды қолдау мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
ЕҚДБ-ның бағалауы бойынша Қазақстан өз тарихында тартқан шетелдік инвестициялар көлемі бойынша Орталық Азияда көшбасшы позициясын сақтап отыр
ЕҚДБ-ның бағалауы бойынша Қазақстан өз тарихында тартқан шетелдік инвестициялар көлемі бойынша Орталық Азияда көшбасшы позициясын сақтап отыр. Бұл туралы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Орталық Азия мен Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Озхан мәлімдеді.
Қазақстан осы көрсеткіш бойынша Орталық Азия өңірінде белгілі бір жағдайларда көшбасшы орында тұр. ЕҚДБ ұлттық экономиканың түрлі салаларына инвестиция салатын шетелдік инвесторлардың серіктесі екенін мақтан тұтады", - деп атап өтті ол.
Өткен жылы жүзеге асырылған бастамалардың нақты мысалдары мыналар:
- фармацевтика саласындағы локализациялық өндірісті дамытуға бағытталған жоба;
- тамақ қоспаларын өндіру секторында қаржыландыруды қамтамасыз ету;
- өндірістік қуаттарды кеңейту және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Қазақстанға инвестиция салатын халықаралық және еуропалық компанияларды қолдау.
Шетелдік инвесторлар кеңесінің мемлекет пен ірі инвесторлар арасындағы диалогтің негізгі платформасы ретіндегі рөлі атап өтілді. "Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығы инвестициялық нарықтағы жетекші қатысушылардың басын біріктіреді және олардың қызметін үйлестіруге ықпал етеді.
Қазақстандықтарға кардиология мен онкологиядағы терапияның жаңа әдістері қолжетімді болады
Қазақстанда дәрілік препараттар өндірісін локализациялау мен емдеудің заманауи әдістеріне қолжетімділікті кеңейту жұмыстары аяқталуда. Бұл туралы Polpharma Santo ("Химфарм" АҚ) бас директоры Адам Алексейюк хабарлады. Оның айтуынша, Қазақстандағы медициналық өндірістерді локализациялау азаматтардың өмірлік маңызы бар дәрілік заттарға қолжетімділігіне тікелей әсер етеді.
Медициналық өндірістерді локализациялау - бұл азаматтардың өмірлік маңызды препараттарға қол жеткізуі мәселесі. Мен бүгін бизнес пен Денсаулық сақтау министрлігі жаңа инвестициялық келісімшарттарға қол қоюға мүмкіндік беретін шешімдерге келгенін қуана хабарлаймын", - деп атап өтті Адам Алексейюк.
Ол Polpharma Santo Қазақстандағы дәйекті инвестициялық саясатты жалғастырып жатқанын атап өтті.
Біз Polpharma Santo компаниясы ретінде инвестициялауды жалғастырамыз және Қазақстан азаматтарына кардиология, онкология және антибиотиктер саласындағы терапияның жаңа әдістеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін келісімшарт бойынша жұмысты аяқтаймыз. Аталған келісімшартты аяқтау - бұл біздің жылдар бойы дайындаған серпінді жұмысымыз. Өткен жылы біз өзіміздің инновациялық және зертханалық орталықтарымызды салдық, ал осы жылдың сәуір айында өзіміздің R&D орталығымызды ашамыз. Біз Қазақстан азаматтарына аса маңызды дәрі-дәрмектерді жеткізу үшін барынша жылдам дамуға дайынбыз", - деді компания басшысы.
Жаңа инвестициялық келісімдерді жүзеге асыру елімізде қолжетімді дәрі-дәрмектер желісін кеңейтуге және Қазақстанның дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Дәрілік заттарды таңбалау және контрафактілік өнімдермен күресу мәселелері пациенттердің қауіпсіздігін және фармацевтикалық нарықтың ашықтығын қамтамасыз етуде шешуші болып қала береді.
Оның айтуынша, серияландыру жүйесі бизнес тарапынан да, мемлекет тарапынан да дәрі-дәрмектердің түпнұсқалығын тиімді бақылауға мүмкіндік береді.
Таңбалау және сериялау пациенттердің қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Бұл бізге зияткерлік меншік құқығымызды қорғау үшін бизнесті де, пациенттер үшін контрафактілік өнімдердің болмауын қамтамасыз ету үшін мемлекетті де толық бақылауға мүмкіндік береді. Ал дәрі-дәрмектерге қатысты контрафакт - бұл өте маңызды мәселе", - деп атап өтті ол.
Polpharma Santo Қазақстан нарығына жеткізілетін барлық өнімдерді толық сериялауды енгізген алғашқы компаниялардың бірі болды. Қазіргі уақытта жүйе жұмыс істеп тұр, алайда, компанияның пікірінше, одан әрі дамыту және жетілдіру қажет.
Адам Алексеюктің айтуынша, тұтынушылардың дәрі-дәрмектердің түпнұсқалығын тексеруге қатысуына назар аудару керек: азаматтар дәріханадағы әрбір қаптаманы тексеріп, QR кодын сканерлеп, препараттың түпнұсқалығына көз жеткізуі қажет. Сонымен қатар ол заңбұзушылықты анықтау және жедел ден қою бойынша мемлекеттік тетіктерді жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.
Қазақстанда денсаулық сақтау, құрылыс және логистикадағы жаңа инвестициялық келісімдер пысықталуда
Экономиканың негізгі секторларында жаңа инвестициялық келісімдерді дайындау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы "Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығының директоры Жанна Байдашева мәлімдеді.
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында инвесторлар мен Үкімет арасында ашық диалог құрылуда.
Қазір инвестициялар туралы жаңа келісімдер қаралуда және денсаулық сақтау, құрылыс, көлік-логистика, жер қойнауын пайдалану және тағы да басқа салаларда ауқымды жұмыстар жүргізілуде", - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, адами капиталды дамыту және кадрларды даярлау мәселелеріне айтарлықтай көңіл бөлінуде. Былтыр "Жұмысшы мамандықтары жылы" аясында инвесторлар өз кәсіпорындары үшін жұмысшы маман кадрларын даярлауға белсенді қатысты.
Инвестицияларды тартумен қатар, технологиялар трансферті, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқыту, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруға баса назар аударылатыны атап өтілді.
Сондай-ақ, жұмыстың маңызды бағыттарының бірі экономика салаларын цифрландыру болып қала бермек. Жасанды интеллект технологияларына көшу жағдайында мемлекет пен бизнестің алдында экономиканың барлық салаларына цифрлық шешімдерді кешенді түрде енгізу міндеті тұр.
Қазақстандағы Цифрландыру және ЖИ жылы: ЖИ-технологияларын енгізу компаниялардың өнімділігін 20-40%-ға арттыруға мүмкіндік береді
Жасанды интеллектіні енгізу жеделдеп, оның бизнес өнімділігіне ықпалы өсе түскен шақта ЖИ саласында терең құзыреті бар кадрларды даярлау ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл туралы KPMG-нің Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі басқарушы серіктесі Сәкен Жұмашев мәлімдеді.
Оның айтуынша, жасанды интеллектіні белсенді қолданатын компаниялар деректерді сапалырақ талдау және басқару шешімдерін қабылдау арқылы анағұрлым артықшылықтарға ие болады.
Егер біз жасанды интеллект қолданатын компанияларды қарастыратын болсақ, онда олар бүгінгі күні басқа ұйымдарға қарағанда 20-40% өнімді жұмыс істеуде. Олар компания ішіндегі жағдайға жан-жақты қарап, сол арқылы бизнес үшін дұрыс data-driven шешімдерін әзірлей алады", - деп атап өтті Сәкен Жұмашев.
Ол ЖИ-мен жұмыс істеудің advanced-дағдыларын дамыту және озық халықаралық тәжірибелерді енгізу Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі шарттары екенін атап өтті.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Қазақстандағы Цифрландыру және ЖИ жылы деп жариялады. Елімізде жасанды интеллект технологияларын экономиканың негізгі салаларына енгізуге бағытталған шаралар жүзеге асырылуда.
***
Қазақстан Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі (ШИК) арқылы өңір үшін шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимылдың тиімді және бірегей тетігін құра алды. Бұл туралы EY компаниясының Қазақстан және Орталық Азия бойынша басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков мәлімдеді.
Оның айтуынша, Шетелдік инвесторлар кеңесі инвесторлар, Үкімет пен Мемлекет басшысы арасындағы тұрақты және ашық диалогті қамтамасыз етеді, бұл компаниялардың Қазақстандағы жұмыс барысында кездесетін мәселелерін жедел талқылауға және өзара тиімді шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.
Бұл шын мәнінде өте маңызды сәт, өйткені мұндай алаң шетелдік инвесторларға Қазақстандағы операциялық қызметі кезінде кездесетін мәселелерді көтеруге мүмкіндік береді. Қазақстан тарапы күткен стратегия әзірлеу және мемлекет пен шетелдік инвесторлар арасындағы мүдделер теңгерімін сақтау үшін қандай да бір бірлескен, екіжақты тиімді шешімдер табу", - деп атап өтті Ерлан Досымбеков.
Ол осындай бірлескен жұмыс елдің инвестициялық және бизнес ахуалын жақсартудың негізгі факторы екенін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2026, 17:58 40641
Қазақстан инвестицияларды тартудың проактивті моделіне көшуде
Достарға айту
Қазақстан 2024 жылмен салыстырғанда бір позицияға көтеріліп, IMD әлемдік инвестициялық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 69 елдің ішінде 34-ші орынға ие болды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Арнайы инвестициялық кеңес отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Moody’s, Standard & Poor's және Fitch халықаралық рейтинг агенттіктері инвестициялық сенімділік деңгейінде Қазақстанның тәуелсіз рейтингін тұрақты түрде растайды. IMD рейтингінде еліміз Жапония, Кувейт және Португалия елдерінен көш ілгері тұр.
Бұл ретте, Серік Жұманғарин атап өткендей, геосаяси факторларға байланысты инвестициялық белсенділіктің жаһандық төмендеуі жағдайында Қазақстан инвестициялық тартымдылықты сақтау жөніндегі саясатты дәйекті түрде жүзеге асыруда.
Бүгінде елімізде инвестициялар тартудың үш деңгейлі жүйесі: сыртқы (шетелдік мекемелер), орталық (ОМО) және аймақтық деңгейлер (ЖАО) жұмыс істейді. Fast Track ("жасыл дәліз") және "прокурорлық сүзгі" тетіктері енгізілді, өңірлік инвестициялық штабтар жұмыс істеуде, "Күрделі мәселелер мен инвесторлардың шағымдарының бірыңғай тізілімі" қалыптастырылуда. 2025 жылы 30 инвестициялық келісім жасалды.
Бизнесті қолдау шараларын кеңейту жұмыстары жалғасуда: "Өрлеу" және "Іскер аймақ" жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламалары іске қосылды, АӨК үшін салықтық жеңілдіктер мен субсидиялар қолданылады, "Даму" қорының кепілдік құралдары енгізілді.
Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін Инвестициялық саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы өзектендірілді. Негізгі бастамалардың қатарында шетелдік инвестициялық өкілдіктер құру, Kazakhstan Investment House инвесторларын қолдау мен оларға қызмет көрсетудің бірыңғай ақпараттық орталығын іске қосу, инвесторлар құқықтарын қорғауды күшейту және қосылған құны жоғары жобаларға назар аудару мәселелері бар.
Мемлекет экономиканың тұрақты және ұзақмерзімді өсуін қамтамасыз ете отырып, терең өңдеу және шикізаттық емес экспорт кластерлерін дамытуға баса назар аударуда.
Бұдан бөлек, ҚР Сыртқы істер министрлігі "Kazakh Invest" ұлттық компаниясымен бірлесіп, шетелдік инвестициялар тарту бойынша жұмысты жүйелі негізде күшейтуде.
Қазақстан шикізатқа тәуелділікке негізделген "пассивті" модельден инвестициялық процестің барлық кезеңін - инвесторларды нысаналы түрде тартудан бастап оларды "жүзеге асқанға дейін" және инвестициядан кейінгі сүйемелдеуді бірыңғай үйлестіре отырып, проактивті модельге дәйекті түрде көшеді. Бұл формат үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес келеді және қазірдің өзінде нәтиже беруде: елімізге миллиардтаған долларға ірі жобалар тартылды.
Жаңа тәсіл шеңберінде басым салалық бағыттар айқындалды, "Kazakh Invest" ҰК-мен шетелдік өкілдіктер желісі кеңейтілуде, task force мамандандырылған жұмыс топтары және инвестициялық жобалар мониторингінің цифрлық құралдары енгізілуде. Бұл шараларды жүзеге асыру инвестициялық саясаттың ашықтығын арттыруға және Қазақстанның жаһандық инвестициялық ортадағы ұстанымын нығайтуға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2026, 13:55 40846
Олжас Бектенов шетелдік инвестициялар тарту мәселесі бойынша кеңес өткізді
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов Бас прокурор Берік Асыловтың, Үкімет басшылығы және министрлер мен өңір әкімдерінің, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ, "Бәйтерек" ҰИХ, "Kazakh Invest" ҰК, "Атамекен" ҰКП басшылығының қатысуымен жаңа инвестициялық циклді іске қосу және сапалы инвестициялар көлемін арттыру жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Инвестицияларды сүйемелдеудің жаңа экожүйесінің бірыңғай құрылымын қалыптастыру бойынша Үкімет, Бас прокуратура, ұлттық компаниялар және өзге де ұйымдар жүргізіп жатқан жұмыстар қаралды.
Президент барлық мемлекеттік орган мен ұйымның алдына сапалы инвестициялар ағынын арттыру және қосылған құны жоғары серпінді жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету міндетін қойды. Инвестициялық саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы өзектендірілді. Қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру, өнімді еңбекті ынталандыру, инвесторлар құқықтарын қорғау, жүзеге асырудың барлық кезеңінде ел үшін маңызды жобаларды қолдау мақсатында бірлесіп жұмыс істеуіміз қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін мемлекеттік аппараттың инвестициялар тарту және жаңа жобалар портфелін қалыптастыру тәсілдері қайта қаралды. Атап айтқанда, инвесторларды нысаналы түрде тартуды күшейтуді, сондай-ақ алдын ала әзірленген және келісілген пакет түрінде "инвестицияға тапсырыс" қалыптастыруды көздейтін проактивті модельге көшу жүзеге асырылуда.
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өткен жылы негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 22,7 трлн теңгені құрағанын баяндады. Биыл 31,5 трлн теңге деңгейінде негізгі капиталға инвестициялар бойынша нысаналы бағдар белгіленді, ал тікелей шетелдік инвестициялар ағыны - $25,5 млрд. 1,1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 16 трлн теңгеге 475 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Бүгінгі таңда Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада жүзеге асыру сатысында жалпыұлттық пулдың құны 74,5 трлн теңге болатын 1 047 жобасы тұр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 2,49 трлн теңгеге 273 жоба іске қосылды. Ал жалпы алғанда, Инвестициялық саясат тұжырымдамасына сәйкес инвестициялар көлемін 3 есе ұлғайту қажет.
Шетелдік инвесторлар тарту ісін нығайту туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров баяндады. Ол инвесторларды нысаналы түрде тарту және инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру бойынша нақты жұмыс нәтижелерінен мысалдар келтірді. Олардың арасында CHN Corporation (Қарағанды облысындағы көмір-химия кешені, құны - $4 млрд), Roca Group (Қызылорда облысындағы жуынатын бөлмеге арналған сантехника мен жиһаз өндіретін зауыт, құны - $70 млн), Fufeng Group (Жамбыл облысындағы жүгеріні терең өңдеу зауыты, құны - $800 млн), UBM Group (Қостанай және Алматы облыстарындағы құрама жем дайындау зауыттары, құны - $58 млн), Shandong Yuwang Industrial (сояны терең өңдеу жобасы, құны - $250 млн) компаниялары бар. Сондай-ақ халықаралық консультанттармен бірлесіп басым бағыттар бойынша инвестициялық ұсыныстар әзірленгені атап өтілді. "Kazakh Invest" ҰК-ның Германия, АҚШ, ҚХР, Қатар, Ресей, Түркия және Малайзия сияқты негізгі бағыттарда өкілдіктерін орналастыра отырып, шетелдік өкілдіктерді ашу жұмыстары күшейтілуде.
Сондай-ақ жиын барысында инвесторлардың құқықтарын қорғау және жобаларды сүйемелдеудің құқықтық тетіктерін нығайту жөніндегі шаралар қаралды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР БП-ның Заңсыз активтерді қайтару комитеті Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті болып қайта құрылды, ал Инвестициялық омбудсменнің функциялары Бас прокурорға жүктелді.
Премьер-министр бұл еліміздегі капиталдың құқықтық қорғалуын күшейтуге тиіс маңызды қадам екенін атап өтті. Үкімет осы жаңа институтпен өзара іс-қимылды толық қамтамасыз етуі керек.
Өз кезегінде Бас прокурор Берік Асылов жергілікті жерлерде инвест-прокурорлар жұмыс істей бастағанын атап өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура инвестициялық жобаларды сүйемелдейді. Біз орындалуы міндетті алдын ала жазбаша ескертулер мен нұсқаулар береміз. Бұл өте маңызды. Инвесторларды қорғау мақсатында халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі қызметті үйлестіреміз және жүзеге асырамыз. Мемлекеттік органдармен бірлесіп барлық инвестициялық жобаларға тексеру жүргіземіз. Тұтас көрінісі айқындалған соң, барлық жобаларды жедел сүйемелдеуге көшеміз", - деп атап өтті Берік Асылов.
Бүгінгі таңда әкімшілік қысымды төмендетудің негізгі құралы "прокурорлық сүзгі" болып отыр: мемлекеттік органдардың 27 мың шешімі зерделеніп, мыңнан астам негізсіз бастамалар кейін қайтарылды, 500-ге жуық әкімшілік іс жүргізу жойылып, 400 заңсыз тексерулер тоқтатылды және өзге де 200 шектеу шараларын қолдануға жол берілмеді. Жалпы алғанда, бұл шаралар инвесторлардың қатысуымен болған сот дауларын 30%-ға, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істердің 10%-ға, қылмыстық істердің 2 есе төмендеуіне ықпал етті.
Маңызды бағыт ретінде инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді цифрландыру шарасы аталды: ол әрбір бастамаға "онлайн" режимде мониторинг жасауға және тәуекелдер мен кідірістерді нақты уақытта анықтауға мүмкіндік береді. Бас прокуратураның мәліметінше, соның арқасында 2 мыңға жуық инвестордың проблемалары шешіліп, 25 мың жұмыс орнын құруға жол ашатын 250 жобаның іске қосылуы қамтамасыз етілген. Сонымен қатар бірлесіп шешетін проблемалық мәселелер бар.
Ұлттық экономика министрлігі Сыртқы істер министрлігімен және Бас прокуратурамен бірлесіп, барлық ағымдағы инвестициялық жобаларды тексеруді қысқа мерзімде аяқтауы тиіс.
Олжас Бектенов инвесторлардың құқығын қорғау және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру барлық мемлекеттік органның, әсіресе бизнеспен өзара іс-қимылдың алдыңғы қатарында тұрған органдардың ортақ міндеті екенін атап өтті.
Әрбір шетелдік немесе қазақстандық инвестор өз мүдделерінің қорғалғанына, даулар әділ түрде шешілетініне, ал мемлекеттік институттар ашық және болжамды ережелер шеңберінде әрекет ететініне сенімді болуы тиіс. Көптеген мәселелердің түп-тамыры бюрократияда және жергілікті жерлердегі процестердің созбалаңға салынуында жатыр. Біздің экономикамызға инвестиция салуға дайын инвестордың бірнеше ай бойы қарапайым техникалық шарттарды немесе жерге құқық белгілейтін құжаттарды ала алмауы - жол берілмейтін жағдай. Бұл - ел экономикасы үшін тікелей шығын", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр "Kazakh Invest" ҰК мен әкімдіктер қызметін жіберген кемшіліктері және мақұлданған жобаларды жүзеге асыруға кедергі келтіргені үшін сынға алды. Бүгінгі таңда өңірлерге жүзеге асыруға ұсынылған 25 жобаның үшеуі ғана белсенді түрде жүргізілуде. "Kazakh Invest" ҰК АҚ басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұловқа ескерту жасалды.
Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға үш күн ішінде қалған инвестициялық жобалар бойынша барлық қажетті шешімдерді қабылдауды тапсырды. Нақты нәтиже болмаған жағдайда кінәлі лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі қаралады. Инвесторлар қызметіне кедергі келтіру фактілеріне қатысты барлық материал Бас прокуратураға жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2026, 09:49 41051
Отандық тауар өндірушілерімен жасалған келісімшарттар көлемі 23%-ға артты
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сатып алу жүйесін жаңғырту міндетін қойды. Осы тапсырма шеңберінде 2025 жылғы қаңтардан бастап күшіне енген "Мемлекеттік сатып алу туралы" заң қабылданды. Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл қабылданған шаралар нарық қатысушылары үшін де, жалпы жүйе үшін де айтарлықтай нәтиже көрсете бастағанын айтты. Заң тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілер үшін ашық әрі бәсекеге қабілетті жағдай қалыптастыруға мүмкіндік беріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Оның айтуынша, реформаның басты нәтижесі сатып алу рәсімдерінің мерзімін түбегейлі қысқарту және артық бюрократиялық кедергілерді жою болды.
Өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде мемлекеттік сатып алулар туралы жаңа заң күшіне енді. Бұл заң сатып алу рәсімдерін жеделдету, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ сатып алу процестерін одан әрі автоматтандыру бағытында маңызды бетбұрыс болды", - деп атап өтті ол.
Реформаның басты элементі - рейтингтік-балдық жүйе қолданылатын конкурстық рәсім, онда шешімдер адам қатысуынсыз, автоматты түрде, ЖИ элементтерін пайдалану арқылы қабылданады.
Қорытындылар бес күн ішінде шығарылады. Рейтингтік-балдық жүйенің негізгі критерийлері: жұмыс тәжірибесі, компанияның қаржылық тұрақтылық көрсеткіші, белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлікке тиесілігі және т.б. Салыстыру үшін айтсақ, бұл заң қабылданғанға дейін конкурстық рәсімдер кемінде 60 күнге созылса, рейтингтік-балдық жүйе енгізілгеннен кейін бұл рәсімдер орта есеппен 5 күнде аяқталады. Рейтингтік-балдық жүйе қолданылмаған жағдайда, әдеттегі конкурстар 10 жұмыс күніне дейін созылады", - деп атап өтті Дәурен Кеңбейіл.
Рейтингтік-балдық жүйені қолдану тәжірибесі өңірлік деңгейде өз нәтижесін көрсете бастады, мысалы:
- Ақмола облысында 6 жұмыс күні ішінде құны 1,8 млрд теңге болатын спорт кешенінің құрылысына қатысты мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаз анықталып, мердігер ретінде Көкшетау қаласындағы жергілікті "Строй БК" ЖШС танылды.
- Ұлытау облысында 5 жұмыс күні ішінде құны 1,1 млрд теңге болатын жалпы білім беретін мектеп құрылысы бойынша конкурс жеңімпазы анықталып, мердігер болып Жезқазған қаласындағы өңірлік "Астана Премиум Строй" ЖШС белгіленді.
Осылайша, вице-министр атап өткендей, жаңа заң бірқатар бюрократиялық рәсімдерді алып тастауға, сатып алуларды жеңілдетуге және мерзімдерді едәуір қысқартуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар реформа отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталды. Заңда қазақстандық компанияларды қамтамасыз етудің барлық түрінен босату, айыппұл санкцияларын азайту, тауар жеткізудің ең минималды мерзімін 15 күннен 60 күнтізбелік күнге дейін ұзарту, сондай-ақ төлем мерзімін 30 жұмыс күнінен 10 жұмыс күніне дейін қысқарту қарастырылған.
Нысандарды салуда EPC және EPC-F келісімшарттары түріндегі жаңа құралдар енгізілді, бұл сатып алу процесін және жалпы құрылыс жұмыстарын жеделдетуге мүмкіндік берді. Бюрократиялық рәсімдердің қысқартылуы айтарлықтай экономикалық тиімділікке қол жеткізуді қамтамасыз етті.
Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң отандық компаниялар үшін маңызды преференцияларды бекітті. Соның арқасында қазақстандық өндірушілерге келісімшарттар жасасу кезінде басымдық беру құқығы, шарт сомасының 50% көлемінде міндетті аванс төлеу, сондай-ақ банктік кепілдіктер ұсынудан босату және айыппұл санкциялары бойынша жеңілдетілген талаптар қарастырылған.
Бұл шаралар отандық тауар өндірушілерді қолдауға, сондай-ақ отандық өндірісті ынталандыруға бағытталған. Аталған шаралар өткен жылдың қорытындысы бойынша отандық өндірушілермен жасалған келісімшарттар санын едәуір арттыруға, сондай-ақ отандық өндірушілермен жасалған келісімшарттардың жалпы сомасын ұлғайтуға мүмкіндік берді", - деп түсіндірді вице-министр
Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, 2025 жылы отандық тауар өндірушілермен жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 2024 жылмен салыстырғанда 23%-ға өсіп, 460 млрд теңгеге жетті. Мұндай өсім мақсатты мемлекеттік қолдаудың жергілікті өнімге деген сұранысты ынталандырып, қазақстандық компаниялар үшін тапсырыстар көлемін тікелей арттырып отырғанын айқын көрсетеді.
Мемлекеттік сатып алудағы реформа нарықты алақол қатысушылардан тазарту жолындағы маңызды қадам болды. Оның негізгі мақсаты - барлық компания үшін тең және ашық жағдай қалыптастыру, яғни құжаттармен айла-шарғы жасайтын немесе күмәнді беделге ие тұлғалар емес, сапасы мен бағасы тиімді ұсыныс берген қатысушылардың жеңіске жетуін қамтамасыз ету. Ең алдымен, мердігерлердің жұмыс тәжірибесін растауға қойылатын талаптар күшейтілді. Жалған немесе бұрыс мәліметтерді іріктеп алып тастауға мүмкіндік беретін қатаң тексеру критерийлері енгізілді.
Реформаның маңызды элементтерінің бірі - нарық қатысушыларының жауапкершілігін күшейту. Заңға сәйкес сенімсіз жеткізушілерге қатысты автоматты санкциялар енгізілді. Бұған дейін жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген компаниялар жаңа өтінімдер берген кезде конкурстық бағалау барысында автоматты түрде ұпай жоғалтатын.
Осылайша, жүйе адал емес қатысушыларға қатысты қосарланған тосқауыл қалыптастырды: бір жағынан, жалған мәлімет ұсыну мүмкіндігі күрделенді, екінші жағынан - жол берілген заңбұзушылықтар үшін тұрақты қаржылық және іскерлік беделге қатысты жауапкершілік енгізілді.
Реформа мемлекеттік сатып алу саласындағы адал емес қатысушыларға қосарланған тосқауыл қалыптастырды. Бір жағынан, жалған мәлімет ұсыну мүмкіндігі күрделене түсті, екінші жағынан, бұған дейін заңбұзушылыққа жол берген тұлғалар үшін тұрақты қаржылық жауапкершілік енгізілді. Осылайша мемлекеттік сатып алуға жауапты қатысу мәдениеті қалыптасып, онда іскерлік бедел мен адалдық мемлекеттік сатып алуға қатысудың негізгі факторына айналуда", - деп атап өтті Дәурен Кеңбейіл.
Сенімді арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алуға қоғамдық мониторинг енгізіліп, барлық рәсім жаңа Бірыңғай сатып алу платформасына шоғырландырылды. Шағымдану тәртібі жеңілдетілді, осы ретте шағым беру сатып алу процесін тоқтатпайды. Бұл шаралар шағымдардың жалпы санын 23%-ға қысқартуға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2026, 21:23 51646
Қазақстан мен Германия сауда-инвестициялық әріптестікті тереңдету бағытын растады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Германия Сыртқы істер министрлігінің Саяси директоры Доминик Муттермен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Келіссөз барысында Қазақстан екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша Германиямен әріптестікті одан әрі нығайтуды дәйекті түрде көздейтіні және оны Еуропалық одақтағы негізгі стратегиялық әріптестің бірі ретінде қарастыратыны атап өтілді. Сауда-инвестициялық ынтымақтастық дәстүрлі түрде Қазақстан-Германия қатынасының негізі және қозғаушы күші екені айқын.
Қазақстан Германиямен сауда-инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуды стратегиялық басымдық ретінде қарастырады. Сауданы әртараптандыруға, экономиканың негізгі салаларына жаңа технология енгізуге баса назар аудара отырып, бұл процесті жүйелі және ұзақмерзімді жүргізуге ниетті", - деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Германия Қазақстан Республикасының сауда әріптестерінің арасында жетінші орында. 2025 жылғы қаңтар-қараша қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $3,9 млрд болса, оның ішінде экспорт - $1,2 млрд (+7,9%), импорт - $2,7 млрд (+6,1%).
Өзара сауда құрылымын әртараптандыру, сондай-ақ экономиканың негізгі секторларындағы жаңа технологиялар трансферін кеңейту басым міндет ретінде белгіленген.
Екі ел арасында тұрақты экономикалық диалог қалыптасқаны атап өтілді. Онда Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес шешуші рөл атқарады. Бұл тетіктер өлшемелі нәтиже берді: германиялық компаниялардың қатысуымен Қазақстанда €49,7 млрд сомасына 36 инвестициялық жоба іске асырылып, оның ішінде 23 жоба пайдалануға берілді. Қалыптасқан негіз ынтымақтастықтың неғұрлым технологиялық күрделі форматына көшуге мүмкіндік беретіні атап көрсетілді.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғыртуды және неміс банктері мен сақтандыру құралдарының қатысуымен "жасыл" энергетиканы дамытуды қосқанда, стратегиялық маңызы бар жобаларды бірлесіп қаржыландыруды күшейту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бірлескен қаржыландырудың қазақстандық-германдық тетігін белсенді іске қосу ұсынылып отыр. Қазақстандық тарап Германияның қаржы институттары мен компанияларының қатысуымен, оның ішінде "жасыл" болат бағыты бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективасымен сутегі және "жасыл" энергетика саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға әзірлігін растады.
Германия Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешендегі негізгі әріптесінің бірі болып қала беретіні де атап өтілді. Бұған дейін тараптар арасында Орталық Азиядағы Орнықты егіншілік өңірлік орталығының тұжырымдамасы келісілген болатын. Қазіргі уақытта Орталық құру және одан әрі ынтымақтастықтың стратегиялық бағыты мен форматын айқындайтын Үйлестіру кеңесін қалыптастырудың практикалық жұмысы басталды.
Өз кезегінде Доминик Муттер Қазақстанмен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
Германия үшін Орталық Азия елдерімен, әсіресе Қазақстанмен стратегиялық аймақтық әріптестіктің маңызы зор. Біз елдің аймақтағы рөлін жоғары бағалаймыз және оның көпвекторлы саясатына оң баға береміз. Біздің елдеріміз арасында ынтымақтастықты кеңейтуге деген өзара мүдде бар. Маңызды жаһандық өзгеріс жағдайында өзара іс-қимыл әлеуетін арттыруды анықтау маңызды", - деп атап өтті ол.
Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және екіжақты өзара іс-қимыл әлеуетін арттыруға өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
29.01.2026, 21:55Алматы әуежайының инвестициялық жоспарларын іске асыру мәселелері Қазақстан СІМ-де қаралды 30.01.2026, 22:28 139531Мемлекет басшысына Конституциялық комиссия жұмысының нәтижелері жөнінде ақпарат берілді30.01.2026, 22:19 138376Қазақстанның Сыртқы істер министрі Грузияның Елшісімен кездесті30.01.2026, 21:16 138181Афина энергетикалық саммитінде Қазақстанның энергетикалық басымдықтары мен реформалары таныстырылды30.01.2026, 20:12 138011Қазанда қазақ ұлттық-мәдени автономиясының дамуы мен 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланды
21.01.2026, 10:52 216781Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі21.01.2026, 11:19 216701Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнама жетілдірілуде14.01.2026, 18:06 216266Kundelik төңірегіндегі дау: Алматы мектептері жаңа платформада жұмысын жалғастырып жатыр21.01.2026, 09:49 2153362025 жылы қазақстандықтарға 806 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді14.01.2026, 12:28 214676Kundelik vs. BilimClass: Алматы мектептерінде электронды күнделік қалай ауысты

