05.04.2021, 16:55 9700

Қазақстанда арақ пен күштілігі жоғары ликер-арақ өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасы белгіленді

НҰР-СҰЛТАН. 5 СӘУІР - Қазақстанда арақ пен күштілігі жоғары ликер-арақ өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы литріне 1 980 теңге мөлшерінде белгіленді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан Республикасының Үкіметі "Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" қаулыны қабылдады, оған сәйкес араққа және күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағасы литріне 1980 теңге мөлшерінде белгіленді.
 

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны