09.12.2022, 11:04 21471

Қазақстанда автогаз бағасын мемлекеттік реттеуді алты айға ұзарту ұсынылады

Автогазды бөлшек саудада өткізу бағасын реттеу 2023 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады
Қазақстанда автогаз бағасын мемлекеттік реттеуді алты айға ұзарту ұсынылады
Сурет: Depositphotos
Астана. 9 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Тиісті өзгеріс "Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы" ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 5 шілдедегі № 16 бұйрығына енгізіледі, деп хабарлайды ҚР БҚДА баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Парламентінде "Cұйытылған газ айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралуда, онда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне беру көзделеді.

Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу бағасын мемлекеттік реттеуді сақтау мақсатында Агенттік Бұйрығының қолданылу мерзімін 2022 жылғы 5 шілдеден бастап Энергетика министрлігі тиісті бұйрықты бекіткенге дейін ұзарту ұсынылады.

Бұйрық жобасында Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке май құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді 2023 жылғы 30 маусымға дейін ұзарту көзделеді.

Бұйрық жобасымен мына жерден танысуға болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны