08.04.2021, 21:34 19236

Қазақстанда инвесторлар туристік әлеуеті жоғары аумақтарда нысандар салу кезінде преференциялар алатын болады

Парламент Сенаты "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заңдарды қабылдады.
НҰР-СҰЛТАН. 8 СӘУІР - Парламент Сенаты "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заңдарды қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Енді туристік әлеуеті жоғары аумақтарда нысандар салатын кәсіпкерлер үшін инвестициялық жеңілдіктер қарастырылады. Ондай жерлерге ерекше қарқынмен дамып келе жатқан және туристификация картасында республикалық деңгейдегі нысандар тізіміне енгізілген арнайы аймақтар жатады.
 

Елімізде туризм саласын дамыту маңызды мақсаттардың бірі. Бүгін қабылданған заң осы бағытта кешенді заңнамалық негіз қалыптастырады. Соған сәйкес қаржылай қолдау тетіктерінің де ауқымы кеңейді. Олардың қатарында инвестициялық жеңілдіктер, туристік қызметті ынталандыру, сырттан туристер әкелетін туроператорлардың шығындарын субсидиялау сияқты басымдықтар бар", – деді Мәулен Әшімбаев.

 
 "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң арқылы көші-қон процестері мен азаматтық мәселелерін реттеу және заңсыз көші-қон арналарын анықтау бойынша мәліметтер алмасу үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Сол арқылы тараптар статистикалық, құқықтық және ғылыми-әдістемелік ақпараттармен, өз аумағындағы екі мемлекеттің азаматтары туралы мәліметтермен бөлісуге мүмкіндік алады. Одан бөлек, ынтымақтастық аясында туындайтын мәселелер бойынша өзара тәжірибе алмасуға да жол ашылады.
 

Бұл келісім заңсыз көші-қонға қарсы күресте және көші-қон процестерін реттеуде қосымша құқықтық тетіктер қалыптастырады. Сондай-ақ, аталған заң екі ел арасындағы осы сала бойынша ынтымақтастықты нығайтуға оң ықпалын тигізеді", – деді Сенат Төрағасы.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны