28.11.2022, 12:32 20541

Қазақстанда көмірді маңызды тауарлар тізбесіне енгізу жоспарлануда

Сауда және интеграция министрлігі "Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы" ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығына түзетулер жобасын әзірледі.
Қазақстанда көмірді маңызды тауарлар тізбесіне енгізу жоспарлануда
Астана. 28 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Сауда және интеграция министрлігі "Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына түзетулер жобасын әзірледі, деп хабарлайды Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Түзетулерге сәйкес, елеулі маңызды тауарлардың тізбесіне мыналарды енгізу ұсынылады:
 
  • тас көмір, брикеттер, тас көмірден алынған түйіршіктер және қатты отынның ұқсас түрлері;

  • лигнит немесе гагаттан басқа агломерленген немесе агломерленбеген қоңыр көмір.
 
Құжат "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны