14.09.2022, 15:43 19831

Қазақстанда кедейлік деңгейі өсті

Қазақстанда кедейлік деңгейі өсті
НҰР-СҰЛТАН. 14 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстанда 2022 жылдың II тоқсанында кедейлік деңгейі 5,1%-ды құрады, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жоғары, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 2022 жылғы II тоқсанда 5,1% құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жоғары", - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

 
Бюроның деректері бойынша, кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы II тоқсанының қорытындысы бойынша 9,3%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.
 
Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың ең үлкен үлесі Түркістан облысында (10,4%), кедейлік деңгейі бойынша екінші орында - Маңғыстау облысы (7,4%), үшінші орында - Жетісу облысы (6,4%).
 
Кедейліктің ең төменгі деңгейі Ұлытау облысында және Нұр-Сұлтанда - тиісінше 1,6% және 1,8%-да тіркелді.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда азық-түлік өнімдері бір жыл ішінде 20,8%-ға қымбаттады.
 
Ұлттық банк инфляция бойынша болжамды ұлғаю жағына қарай қайта қарады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны