15.12.2022, 13:38 22441

Қазақстанда кейбір ірі кәсіпорындар үшін электр энергиясын тұтынуды шектеді

Шектеулер халықтың электр энергиясына деген сұранысын қанағаттандыру үшін енгізілуде
Қазақстанда кейбір ірі кәсіпорындар үшін электр энергиясын тұтынуды шектеді
Астана. 15 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - 2022 жылғы 07 желтоқсанда қазақстандық энергожүйенің күллі тарихындағы тұтынудың ең жоғары көрсеткіші тіркелді - 16 459 МВт тіркелді, бұл ретте еліміздегі электр станцияларының жиынтық генерациясы тек 15 203 МВт құрады, деп хабарлайды KEGOC баспасөз қызметі.
 

Айтарлықтай теңгерімсіздік туындаған жағдайда Жүйелік оператор Қазақстан БЭЖ-нің сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр энергиясын тұтынуына шектеу енгізе отырып, қазақстандық энергожүйенің Солтүстік, Оңтүстік, сондай-ақ Батыс аймағы бойынша "Апаттық" режимін жариялауға мәжбүр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 
Бұл ретте Жүйелік оператор халықтың электр энергиясына қажеттілігін толық қамтамасыз етуге басымдық береді.
 
Тапшылық Ресей энергожүйесінен келген жоспардан тыс қуат ағыны есебінен жабылып отырды.
 

Электр энергиясы мен қуатқа деген қажеттілікті жабу үшін генерацияның жүйелі жетіспеушілігі ҚР электр станцияларында жиі апаттық және жоспардан тыс жөндеу салдарынан туындайды", - деді KEGOC.

 
Бұған дейін Қазақстан электр энергиясы тапшылығы бар қыс мезгіліне бара жатқаны хабарланған болатын.
 
Өз кезегінде ҚР энергетика министрі Болат Ақшолақов ОКҚ брифингінде 2021 жылы пайда болған электр энергиясының тапшылығы ескірген отандық энергия көздері жабдықтарының авариялық істен шығу жағдайларының жиілеп кетуінің салдары болып табылатынын мәлімдеді.
 
Сондай-ақ, Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметтің қазан айындағы отырысында энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешу қажет екенін атап өтті, өйткені өңірлік электр желілерінің ағымдағы тозу деңгейі шамамен 65% құрайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны