08.09.2022, 16:46 28591
Қазақстанда мұнай өнімдерінің рекордтық көлемі өндіріледі - Мырзағалиев
Достарға айту
Компания басшысының мәліметіне сәйкес, биыл Қазақстанда 17 миллион тонна мұнай өнімдері өңделеді. Бұл – рекордтық көрсеткіш.
Шымкент және Атырау мұнай өңдеу зауыттарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарын кейінге шегеру жөнінде шешім қабылданды. Бұл ішкі нарықты қосымша 150 мың тоннаға дейін дизель отынымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының қажеттілігі үшін 100 мың тоннаға дейін дизель отынын импорттайды", - деді Мырзағалиев.
Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаздың" мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларының жүзеге асырылуы жөнінде баяндады. Қазіргі уақытта Атырау облысындағы полипропилен өндіретін зауытты іске қосу жұмыстары аяқталды. Кәсіпорын бір айдың ішінде іске қосылады деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, Президентке полиэтилен және бутадиен өндірісіне қатысты жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы да айтылды.
Мемлекет басшысына Каспий құбыр желісі консорциумының теңіз терминалындағы қазіргі ахуал жөнінде мәлімет берілді. Мұнай танкерлерге тұрақты түрде құйылып, кестеге сәйкес жөнелтіліп жатыр.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Президент ҚМГ басшысы мен энергетика вице-министріне дизель отынының тапшылығына байланысты жағдай үшін қатаң сөгіс жариялаған болатын.
Тамыз айында Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бағаларды бақылау және ЖЖМ тапшылығын болдырмау жөніндегі комиссия құруды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
06.02.2023, 09:23 1656
Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды
Өтінімдерді қабылдау сағат 10.00-де басталады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Астана. 6 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Ағымдағы жылдың 6 ақпанынан бастап жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау үшін пилоттық платформа іске қосылды. Жеке тұлғаның жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысушылар тізіміне енгізу туралы өтінімін тіркеу Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де қолжетімді болады. Бұл туралы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ ("Қазақстанның Даму Банкі" АҚ еншілес ұйымы) хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы жүргізіледі. Осы орайда өтінім беру үшін компьютер арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны енгізіп, қосылуға болады. Платформада тек Қазақстан Республикасының аумағында тіркелуге мүмкіндік бар", - деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Бұл ретте сайтта өтінім берген кезде өтініш берушінің деректері автоматты түрде ЭЦҚ арқылы қалыптасатыны нақтыланды. Өтініш беруші міндетті түрде телефон нөмірін енгізіп, автокөлік өндіруші компанияны таңдап, өтінімге қол қояды. Өтінімнің тіркелуі барысы сайттағы "жеке кабинет" арқылы тексеріледі.
Қор платформа бағдарламаға қатысушылардың пулын қалыптастыратынына, дилерлік орталықтарда автокөлікті және бағдарламаға қатысушы банктерде кредитті беру кезектілігін анықтамайтынына назар аударды. Өтінімді бергеннен кейін автоөндірушіні өзгерту мүмкін емес.
Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы 2022 жылдың мамыр айында бастау алды. Оны іске асыру үшін екінші деңгейдегі банктерге ("Қазақстан Халық банкі" АҚ, "Forte Bank" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ және "Еуразиялық Банк" АҚ) 100 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 12,6 мыңнан астам автомобиль сатып алынды. Автокредиттің орташа мөлшері 7,8 млн теңгені құрады.
Бүгінгі таңда "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ желісі бойынша қолданыстағы автокредиттерді өтеуден жинақталған қаражат көлемі 7,6 млрд теңгені құрайды. Осы деректерді ескере отырып, пилоттық платформаның алғашқы іске қосылу барысында 761 өтініш берушіге дейін тіркеле алады. Өтініш берушілердің осы санына жеткен кезде платформада өтінімдерді қабылдау автоматты түрде тоқтатылады, ал "Өтінім беру" функциясы белсенді болмайды.
Кейіннен платформада өтінімдерді қабылдау ай сайын жүргізіледі және 100-ден астам өтініш берушіні тіркеуге мүмкіндік береді.
Өтінім берушінің өтінімі келесі жағдайда қабылданбауы мүмкін:
1. Бұған дейін Бағдарлама аясында автонесие алған болса;
2. Платформада өзекті өтінімі болса.
Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау платформасы өтінім берушілер мен автоөндірушілерге, сондай-ақ Бағдарламаға қатысушы банктерге өтінімнің мәртебесін өтінім берілген сәттен бастап автомобиль берілгенге дейін онлайн нұсқада қадағалауға, сондай-ақ Бағдарламаны іске асырудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының шарттары өзгеріссіз қалады:
- 1 автомобильдің құны - 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайды;
- қаржыландыру сомасы - 10 000 000 (он миллион) теңгеден артық емес;
- қаржыландыру мерзімі - 7 жылдан аспайды;
- бастапқы жарна - 0% бастап;
- кредит беру валютасы - теңге;
- сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 4%, бұл ретте жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі түпкілікті қарыз алушының автокөлікті сақтандыру және ресімдеу (оның ішінде кепілге қою) бойынша шығындарын ескере отырып, жылдық 7,5%-дан аспауы тиіс;
- түпкілікті қарыз алушылар сақтандыру және отандық өндірістің жеңіл автокөлігін кепілге ресімдеу бойынша шығыстарды төлейді.
Бағдарламаға қатысатын автоөндірушілердің тізбесі:
- "САРЫАРҚААВТОПРОМ" ЖШС;
- "HYUNDAI TRANS KAZAKHSTAN" ЖШС.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2023, 13:46 39346
АМӨЗ-дегі ақау: зауыт бас директорының орынбасары қызметінен босатылды
Сурет: kmg.kz
Достарға айту
ҚМГ барлық мұнай өңдеу зауытын мұнай өнімдерін өндірудің жоғары режиміне ауыстырады
Атырау. 3 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Атырау мұнай өңдеу зауытында каталитикалық крекинг қондырғысы тоқтағаннан кейін басталған жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.
"ҚазМұнайГаз" басшысы ҚМГ Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі орынбасары Арман Қайрденовтің жетекшілігімен Жедел штаб құруды тапсырды. Жедел штаб АМӨЗ жабдықтарындағы ақау толық жойылғанға дейін жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды ұлттық компанияның сайты.
Штабтың негізгі міндеті - орын алған ақауды, сондай-ақ АМӨЗ жұмысында жүйелі сипат алған мәселелерді жедел әрі сапалы шешу. Орынбасарым Арман Қайрденов бұл дағдарыстан толық шыққанға дейін осында болады", - деп атап өтті М.Мырзағалиев.
Кеңес барысында "АМӨЗ" ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Рахымжан Жанғабылов қызметінен босатылды, кәсіпорынның бас директоры Мұрат Досмұратовқа қатаң сөгіс жарияланды. М.Мырзағалиев сондай-ақ құрылған штабтың басшысы А.Қайрденовке оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізуді және оның қорытындысы бойынша қосымша кадрлық шешімдер қабылдауды тапсырды", - делінген ақпаратта.
Мырзағалиев ел бойынша отын тапшылығына жол бермеу мақсатында ашық түсті мұнай өнімдерін көбірек өндіру үшін барлық үш мұнай өңдеу зауытының жүктемесін оңтайландыруды тапсырды.
Ел басшылығының АМӨЗ-ге қатысты бірнеше рет айтқан ескертулерін, сондай-ақ зауыт жұмысындағы жиі үзілістерді ескере отырып, барынша қатаң шаралар қабылдайтын боламыз. Елде ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып тұрғанда мұндай жағдайға жол беруге болмайды", - деп түйіндеді М.Мырзағалиев.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының басында Атырау МӨЗ каталитикалық крекинг қондырғысы жұмысының тоқтауына байланысты сұйытылған газ, бензин және дизель отыны өндірісін азайтты.
1 ақпанда ведомство алқасында энергетика министрі Болат Ақшолақов барлық үш қазақстандық МӨЗ-ге жоспарлы жөндеу қажет екенін айтты, өйткені ағымдағы жылы 13,4 млн тонна мұнай өнімдерін өндіру жоспарланып отыр.
Қыркүйек айында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Президент Тоқаевқа баяндамасында Қазақстанда мұнай өнімдерінің рекордтық көлемі - 17 млн тонна өндірілетінін мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2023, 13:13 39591
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің ең төменгі көтерме бағасы белгіленеді
Тиісті тәртіпті ҚР СИМ Сауда комитеті әзірледі
Достарға айту
Астана. 3 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда Қазақстан Республикасында өндірілетін, әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме бағалар енгізіледі. Тиісті тәртіпті ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті әзірледі, деп хабарлайды Ашық НҚА сайты.
Тәртіпте сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықты қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгілі бір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бойынша бір жыл ішінде күнтізбелік тоқсан күнге дейінгі мерзімге ЕТКБ белгілейтіні айтылған.
Өтінім берушінің өтініші және мүдделі мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша уәкілетті орган жүргізетін бағаларды салыстырмалы талдау нәтижесі ЕТКБ белгілеу үшін негіз болып табылады", - делінген құжатта.
Өтініш келесі ақпаратты қамтиды:
- өтініш беруші туралы, өтініш берілген күннің алдындағы бір жыл ішінде экономика саласындағы ӘМАТ-ның сандық және құндық көрінісіндегі өндіріс көлемі, сондай-ақ өтінішті қолдаған өндірушілердің ӘМАТ-ның сандық және құндық көрінісіндегі өндіріс көлемі және олардың Қазақстан Республикасындағы өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі туралы мәліметтер;
- ЕТКБ белгілеу ұсынылатын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін, әкелінетін және (немесе) өткізілетін ӘМАТ-тың сипаттамасы мен көлемі;
- Қазақстан Республикасында ӘМАТ өндірісінің елеулі бөлігін, бірақ жалпы көлемінің кемінде елу пайызын өндіретін ӘМАТ өндірушілерінің өтінішке қосылуы туралы құжаттар;
- ұқсас немесе тікелей бәсекелес ӘМАТ импортталатын бағасы және олардың құны туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасының аумағында әкелінетін және өткізілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес ӘМАТ салдарынан экономика саласына материалдық залалдың немесе оның келтірілу қаупінің болуының негіздемесі, сондай-ақ ЕТКБ мөлшері мен қолданылу мерзімін көрсете отырып, оны енгізу туралы ұсыныс.
Қазақстан Республикасының аумағында әкелінетін және (немесе) өткізілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес ӘМАТ салдарынан экономика саласына материалдық залалдың немесе оның келтірілу қаупінің болуының негіздемесі экономика саласының экономикалық жағдайын сипаттайтын объективті фактілерге негізделуге тиіс және статистикалық деректерге (оның ішінде ӘМАТ өндірісінің көлемі және оны өткізу, Қазақстан Республикасының нарығындағы үлесі туралы деректер, өндірістің өзіндік құны, бағасы, өндірістік қуаттардың жүктелу дәрежесі, еңбек өнімділігінің жұмыспен қамтылуы, пайда мөлшері, өндірістің тиімділігі, экономика саласына инвестициялар көлемі) сәйкес өтініштер берілген күннің алдындағы жылдық кезең үшін сандық және (немесе) құндық көрсеткіштерде көрсетілуге тиіс.
ЕТКБ өндірісте пайдалану үшін ғана арналған, оның ішінде "еркін қойма" рәсімі бойынша әкелінетін өнеркәсіптік қайта өңдеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін ӘМАТ-қа қолданылмайды.
Комитетте атап өткендей, жобаны қабылдау ішкі нарықты қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Құжат 17 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.
Анықтама үшін:
Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді: ұн, нан, рожки (макарон), жұмыртқа, қарақұмық жармасы, күріш, қант, күнбағыс майы және сары май, сиыр еті, тауық еті, сүт, айран, сүзбе, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат және тұз.
Бұған дейін Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы бір жылда 23,4%-ға өскені хабарланған болатын. Сарапшылар 2023 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасын келтірді: қарақұмық жармасы - 500 тг/кг; өсімдік майы - 905 тг/л; рожки - 306 тг/кг.
Қазақстанда бір айлық мәнде тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы қаңтарда 1,1% құрады. Өткен айда азық-түлік тауарлары - 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,9%, ақылы қызметтер 0,7% өсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2023, 12:46 40061
Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы бір жылда 23,4%-ға өсті
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,3%-ға өсті
Достарға айту
Астана. 3 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,3%-ға, жылдық мәнде 23,4%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.
Сарапшылар 2023 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасын келтірді: қарақұмық жармасы - 500 тг/кг; өсімдік майы - 905 тг/л; рожки - 306 тг/кг.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.
Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады", - деп түсіндірді ведомствода.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда бір айлық мәнде тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы қаңтарда 1,1% құрады. Өткен айда азық-түлік тауарлары - 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,9%, ақылы қызметтер 0,7% өсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2023, 11:34 38796
Смайылов ЕАЭО-ға қатысушы елдердің цифрлық әріптестігін дамыту жөнінде ұсыныстар айтты
Достарға айту
Ол Алматыда цифрлық техникалық құзыреттер орталығын құруды ұсынды
Алматы. 3 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыдағы Digital Almaty форумының пленарлық отырысына Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің үкімет басшылары қатысты.
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары көрмені аралап болған соң пленарлық отырыста бас қосты. Олар ІТ саланың мүмкіндіктерін талқылады.
Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, Алматы - іскерлік қана емес, сонымен қатар Қазақстанның цифрлық астанасы, мұнда IT компаниялардың 60 пайызы орналасқан.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің басым бағыты ретінде ІТ индустрияға қолайлы жағдай жасауды және адами капиталды дамытуды цифрлық трансформациялауды белгіледі. Үкімет цифрлық технологияның елдің ішкі жалпы өніміне қосатын үлесін аттыруда. Форум Еуразиядағы ең маңызды IT оқиғаларының біріне айналды. Менің әріптестерімнің, үкімет басшыларының қатысуы осыны растайды", - деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар ол Digital Almaty халықаралық форумының ауқымды шара екенін атап өтті.
Шара барысында 100-ден астам шетелдік стартап жобаларын ұсынды. Astana Hub Battle байқауына тағы 100 адам қатысады.
Форум аясында робототехника шешімдері, оларды өнеркәсіпте қолдану, заманауи технологиялар, Govtech, Fintech өнімдері және тағы басқалары көрсетіледі. Осы бағыттардың барлығы елдер арасындағы цифрлық серіктестігінің негізін құрайды. Осы салада, біздің ойымызша, мынадай маңызды мәселелерге назар аударған абзал. Бірінші. Біздің елдердегі IT нарықтың дамуына мультипликативті әсер беретін сенімді платформалар қажет. Мысал ретінде Қазақстанның Астана хабын келтіруге болады. Ол жергілікті ғана емес, аймақтық белсенді ойыншыға айналды. Оның институционалдық базасы, мысалы, Techpreneurs, Google for start-ups стартаптарға арналған Google сияқты бағдарламалар IT нарығын белсендірудің нақты драйверлеріне айналды. Қазіргі уақытта 10-нан астам елден 1 мыңнан астам тұрғыны IT өнімдерін экспорттау арқылы 16 мың жұмыс орнын ашты. "Инновациялық технологиялар паркі" автономды кластерлік қоры Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары мен ІТ нарығын біріктіретін экожүйені құрды. Қор индустрия 4.0, өнеркәсіптік қауіпсіздік, геология, металлургия және тағы басқа салаларда құны 36 млн доллардан асатын 187 жобаны қаржыландырды. Мен елдеріміздің технологиялық инкубаторлары арасындағы өзара іс-қимылды біртіндеп дамыту маңызды деп санаймын. Екінші. Қазақстан мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау жолымен жүріп келеді. Бүгінде біз финтех және GovTech сияқты салаларда әлемдік деңгейдегі жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Қазақстан цифрлық шешімдердің күнделікті өмірге енуінің жоғары деңгейіне жетті. Бұл мемлекеттің ашықтығы мен бизнес технологиясының арқасында мүмкін болды. Цифрландыру - елдің барлық азаматтары үшін тең мүмкіндіктер мен әділеттілікті қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі. Бұдан шығатын қорытынды - мемлекеттік саясаттың басты назарында адам, оның қажеттіліктері мен мүдделері тұрады. Мысалы, біз БҰҰ әдістемесі бойынша отбасы әл-ауқатының 80 параметрін жинадық. Бұл күн сайын қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды анықтауға көмектеседі. Мұндағы негізгі тәсілдердің бірі - мемлекеттік қызметті көрсетудің көпплатформалық қағидатын жүзеге асыру. Мемлекет бизнеске мемлекеттік қызметтерді өз платформасы мен цифрлық экожүйесіне біріктіру мүмкіндігін беріп, тығырыққа тірелген модельден бас тартып отыр", - деп атап өтті Премьер-Министр.
Үкімет басшысының сөзінше, бүгінгі таңда 15 мемлекеттік қызмет жеке IT платформалар арқылы толық цифрлық форматта қолжетімді.
Бизнес талаптарын оңтайландыру және қайта қарау бойынша ауқымды жұмыс жүріп жатыр.
Біз кәсіпкерлікті реттеудің 44 саласын талдадық. Жаңа реттеу саясатының негізгі шарттарына сәйкес келмейтін 10 мыңнан астам талаптар анықталды. Реформаны "таза парақтан" жүзеге асыру бизнес-ортаны реттеудің тиімділігін арттыру, кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай туғызады. Соңғы жылдары біз электронды үкіметті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жеттік. БҰҰ рейтингінде Қазақстан 2018 жылдан бері 39-орыннан 28-орынға көтеріліп, өз позициясын жақсартты, ал онлайн-қызметтердің субрейтингінде еліміз 16-шы орыннан 8-ші орынға көтеріліп, әлемнің көшбасшы 10 елінің қатарына енді. Мұндай нәтиже электронды үкіметтің адамдық көзқарасын дамытудың және азаматтармен және бизнеспен өзара әрекеттесуді цифрландырудың арқасында мүмкін болды",- деді Әлихан Смайылов.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2023, 15:34 51381
Смайылов пен Мясникович ЕАЭО шеңберіндегі кедергілерді одан әрі жою мәселелерін талқылады
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді
Алматы. 2 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда ЕҮАК отырысы қарсаңында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар ЕАЭО аясында кедергілерді жою, бұрын қабылданған стратегиялық құжаттарды іске асыруға ғылыми негізді күшейту, сондай-ақ Сауда және техникалық реттеу блоктары жөніндегі комиссия жұмысының мәселелерін талқылады.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, Қазақстан ЕАЭО қызметі тек экономикалық бағытта болуы тиіс деген ұстанымды басшылыққа алады.
Барлық шешімдер экономикалық прагматизмге негізделуі керек", - деді Премьер-Министр.
Өз кезегінде Михаил Мясникович Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң көрсеткіштері ЕАЭО елдерімен өзара сауданы одан әрі кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасайтынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді, онда ЕАЭО үкімет басшылары одақ шеңберінде алкоголь нарығын реттеу туралы келісім жобасының жұмысын, ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың жобасын дайындауды талқылайды, өңірлік даму институттарының ЕАЭО-дағы жобалау қызметінің бағыттарын қарайды.
Отырыстың күн тәртібі сауда-экономикалық ынтымақтастық, техникалық реттеу, ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесі және басқа да өзекті тақырыптардың кең спектрін қамтиды.
Сондай-ақ валюталық қатынастарды реттеу мен ырықтандыру шараларын қабылдаудың келісілген тәсілдері туралы келісімге қол қойылады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2023, 12:39 53166
Артық құрылымдар оңтайландырылуда - Қаржы министрлігінің басшысы Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігінің жабылуына қатысты түсініктеме берді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Еуразиялық экономикалық комиссия бар
Астана. 2 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Парламенті Сенатының кулуарында Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігінің жабылуына қатысты пікір білдірді.
Министрдің пікірінше, бұл "артық құрылымды" оңтайландыру мақсатында қабылданған шешім болса керек.
Бұл жөнінде Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеме жасады. Меніңше, артық құрылымдар оңтайландырып жатса керек. Ресеймен тығыз қарым-қатынастамыз деп айтылғанда, бұл Еуразиялық экономикалық комиссияны меңзеген едік", - деді Ерұлан Жамаубаев.
Оның пікірінше, Қазақстанның ЕЭК-тегі өкілдігі жеткілікті.
Мәскеуде жүргенде бұл мәселені жауып тастай алатын барлық салаларда, соның ішінде кәсіпкерлік қызметте өте құзыретті адамдар бар. Елшілік бар, ол да жеткілікті. Әртүрлі мемлекеттік органдардан белгілі бір өкілдер бар. Сондықтан мәселе тек қана мемлекеттік қызмет құрылымдарын оңтайландыру болып отыр", - деп қосты Ерұлан Жамаубаев.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Сауда министрлігі "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің кейбір мәселелері туралы" қаулы жобасын әзірледі, оған сәйкес ҚР-ның Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігін тарату жоспарлануда.
Кейінірек министрлік Ресейдегі сауда өкілдігінің жабылу себебін түсіндірді.
Бұл қазіргі уақытта қазақстандық бизнес үшін Ресей бағытында жұмыс істеу және барлық операциялық мәселелерді шешу үшін институционалдық жағдайлар жасалғандығына байланысты.
Ақпарат көзі: zakon.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2023, 10:27 53706
Ауыл шаруашылығы министрлігі пияз тиеген ауыр жүк көліктерінің шекарада кешігуіне қатысты түсініктеме берді
Пияз тиелген 24 автокөлік Түркістан облысына оралды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Астана. 2 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Ережеге сәйкес, ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері 28 қаңтарға дейін пиязды Қазақстаннан тыс жерлерге әкетуге тиіс болатын, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
2023 жылы 28 қаңтарда Қазақстанда пиязды ел аумағынан әкетуге үш айға тыйым салынды. Бұл үшінші елдердің отандық көкөністерге деген сұранысына байланысты туындады. Бұйрыққа сәйкес, аумақтық инспекциялар экспортқа фитосанитариялық сертификаттарды рәсімдеуді тоқтатты.
Алайда, құжат күшіне енгеннен кейін Ресей Федерациясымен шекараның кедендік өткізу бекеттерінде 2023 жылдың 28 қаңтарына дейін уәкілетті органдар тарапынан тыйым салу туралы бұйрық күшіне енгенге дейін рәсімделген, фитосанитариялық сертификаттары бар көліктердің кешігу мәселесі туындады", - деді АШМ-де.
Ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері 28 қаңтарға дейін пиязды Қазақстаннан тыс жерлерге әкетуге тиіс болатын. Бүгін Батыс Қазақстан облысындағы "Сырым" өткізу пунктіне келген АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының м.а. тиісті түсініктеме берді. Қаныш Әлиев кездесуге қатысқандарға пиязды ішкі нарықта сату қажеттілігі туралы айтты, бұған жергілікті атқарушы органдар жәрдемдесуі тиіс. Кәсіпкерлер бұл мәселеге қатысты оң жауап берді. Нәтижесінде пияз тиелген 24 автокөлік Түркістан облысына оралды. Қазір "Сырым" өткізу бекетіндегі жағдай тұрақтандырылды.
Бұған дейін Қазақстан мен Ресей шекарасында пиязбен 23 жүк көлігі ұсталғаны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
06.02.2023, 09:23Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды 06.02.2023, 09:02 1276Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын тағайындады06.02.2023, 09:50 641Қазақстанда полиция қызметкерлерін тексеру жүріп жатыр06.02.2023, 08:46 306"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының матчында ЦСКА-ны жеңді
30.01.2023, 15:54 59756Иранда зардап шеккендердің арасында ҚР азаматтары жоқ - СІМ02.02.2023, 09:50 55321ҚХР-дан жүктерді тиеу жөніндегі оператор қызметтердің бағасын монополиялық түрде көтерді02.02.2023, 10:27 53536Ауыл шаруашылығы министрлігі пияз тиеген ауыр жүк көліктерінің шекарада кешігуіне қатысты түсініктеме берді02.02.2023, 12:39 52996Артық құрылымдар оңтайландырылуда - Қаржы министрлігінің басшысы Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігінің жабылуына қатысты түсініктеме берді30.01.2023, 10:25 52711Павлодар облысының әкімі Екібастұздағы жылу энергиясы үшін төлемді қайта есептеуді қайта қарауды тапсырды
26.01.2023, 13:29 65951Теміртауда ЖЭО-2-де қазандық қондырғылары жөндеу жұмыстарына тоқтатылды12.01.2023, 13:34 65611Қазақстанда 23 қаңтардан бастап шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталады26.01.2023, 11:42 65206Алматының Әуезов ауданындағы су құбыры және кәріз желілерінің тозуы 80%-дан асады12.01.2023, 12:02 65176Назарбаев құрметті сенатор атағынан айырылды12.01.2023, 12:49 64446ҚР-да колледж студенттеріне демалыс уақытында жол ақысы растайтын құжаттарсыз төленетін болды