25.03.2022, 16:30 25071

Қазақстанда майнингтің жаңа субъектілерін қосуға мораторий енгізу ұсынылады

ҚР Энергетика министрлігі цифрлық майнинг нарығын реттеу бойынша бірқатар шараларды ұсынады.
Қазақстанда майнингтің жаңа субъектілерін қосуға мораторий енгізу ұсынылады
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 25 НАУРЫЗ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі цифрлық майнинг нарығын реттеу бойынша бірқатар шараларды ұсынады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазіргі уақытта цифрлық майнинг субъектілерін анықтау бойынша жұмыс жалғасуда", - деп хабарлады ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов ОКҚ брифингінде.

 
Оның айтуынша, министрлік осы субъектілерді одан әрі реттеу шеңберінде мыналарды ұсынады: 
 
- цифрлық майнинг қызметін лицензиялауды енгізу; 
 
- цифрлық майнинг субъектілерінің электр энергиясын тұтынуына квоталарды айқындау; 
 
- жаңа майнерлер үшін қуаттарды қосуға мораторий енгізу; 
 
- цифрлық майнинг субъектілерін жаңартылатын энергия көздерінен және импорттан электр энергиясын тұтынуға ауыстыру. 
 

Мұның бәрі бүгінде электр энергиясын өндіру және тұтыну нарығындағы теңгерімді теңестіру және негізсіз тапшылықты болдырмау үшін жасалады", - деп атап өтті ведомство басшысы. 

 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 50-ден астам майнингтік ферма өз қызметін өз еркімен тоқтатты.
 

Өз қызметтерін тоқтатқан майнингтік компаниялардың қатарында Павлодар облысында танымал кәсіпкерлер Болат Назарбаев және Александр Клебановпен үлестес фирмалар бар. Сондай-ақ, солардың арасында "QazaqGaz "ұлттық компаниясы" АҚ-ның Ақтөбе облысындағы бұрынғы басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев және Қарағанды облысындағы танымал бизнесмендердің бірі Ерлан Нығматуллин болды", - деп хабарлады ҚР ҚМА. 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны