10.06.2022, 17:03 17341

Қазақстанда сұйытылған газдың шекті бағасы көтеріледі

Қазақстанда сұйытылған газдың шекті бағасы көтеріледі
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 10 МАУСЫМ - ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекітуге ниетті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылдың 30 мауысымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір тоннасы үшін 33 600,00 теңге (отыз үш мың алты жүз) мөлшерiнде бекітіледі. Құжат 2022 жылдың 24 маусымына дейін талқылауға қол жетімді.
 
Бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым аралығында Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының шекті құнын ҚҚС-сыз тоннасына 28 мың теңге мөлшерінде бекітті.
 
Энергетика министрлігі 2025 жылға қарай отандық газдың тапшылығы туралы ескертті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны