03.12.2021, 20:40 133098

Қазақстанда жыл басынан бері электр энергиясын өндіру 6,7%-ға артты

Қазақстан бойынша электр энергиясын өндіру жыл басынан бері 104,2 млрд.кВт*сағат немесе өткен жылдың деңгейінен 106,7% құрады.
Қазақстанда жыл басынан бері электр энергиясын өндіру 6,7%-ға артты
НҰР-СҰЛТАН. 3 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстан бойынша электр энергиясын өндіру жыл басынан бері 104,2 млрд кВт-сағ немесе өткен жылдың деңгейіне 106,7%-ды құрады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
ҚР Энергетика министрлігі 2021 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бірыңғай Электр энергетикалық Жүйесінің жұмыс жағдайын бағалады. Қазақстан бойынша электр энергиясын өндіру жыл басынан бері 104,2 млрд.кВт*сағат немесе өткен жылдың деңгейінен 106,7% құрады, тұтыну 103,5 млрд. кВт*сағат немесе өткен жылдың деңгейінен 106,8% құрады.
 
Генерацияның тәуліктік максимумы – 14 650 МВт, тұтынудың тәуліктік максимумы – 14 699 МВт, деп хабарлады министрлікте.
 
 "Солтүстік-Оңтүстік" электр транзитінің жүктемесі – 1 932 МВт.
 

Энергия көздерінің қоймаларында 3,1 млн. тонна көмір және 98 мың тонна мазут жинақталған, бұл жалпы нормаларға сәйкес келеді", - деп атап өтті ведомствода.

 
Ұлттық маңызы бар электр станцияларының жұмысы:
 
- Екібастұз 1-МАЭС – 2 450 МВт;
 
- Екібастұз 2-МАЭС – 910 МВт ;
 
- "ЕЭК" АҚ Ақсу МАЭС – 720 МВт;
 
- Жамбыл МАЭС – 464 МВт.
 
Энергетика министрлігінің деректері бойынша, ағымдағы жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Станциялар мен электр желілерінде ірі технологиялық бұзушылықтар тіркелген жоқ.
 

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымының өтуіне мониторинг жүргізу жөніндегі Штаб құрылды", - деп хабарлады ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны