23.08.2022, 15:37 23431

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде коммуналдық қызметтерге тарифтер 9,05 млрд теңгеге төмендеді

Бүгінгі күні ағымдағы жылғы шілде айының қорытындысы бойынша 2021 жылғы есептер бойынша 13 өңірде жалпы сомасы 2,61 млрд. теңгеге уақытша өтемдік тарифтер (УӨТ) енгізілді.
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде коммуналдық қызметтерге тарифтер 9,05 млрд теңгеге төмендеді
НҰР-СҰЛТАН. 23 ТАМЫЗ - Табиғи монополияларды реттеу комитеті бірқатар өңірлерде тарифтердің жалпы сомасы 9,05 млрд теңгеге төмендеуін кезекті рет бекітті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бүгінгі күні ағымдағы жылғы шілде айының қорытындысы бойынша 2021 жылғы есептер бойынша 13 өңірде жалпы сомасы 2,61 млрд. теңгеге уақытша өтемдік тарифтер (УӨТ) енгізілді (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары сумен жабдықтау қызметтері бойынша – 1 205 млн. тг, жылумен жабдықтау - 982 млн. тг, су бұру – 410 млн. тг, электрмен жабдықтау – 13 млн. тг, тауарлық газды тасымалдау – 3 млн. тг), деп хабарлайды ТМРК баспасөз қызметі.
 

Нәтижесінде, 2022 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша бекітілген УӨТ жалпы сомасы 9,05 млрд. тг құрайды (бұрын айтылған сомаларды ескере отырып)", - делінген хабарламада.

 
Өткен айда ТМРК жалпы сомасы 6,44 млрд.теңгеге 2020- 2021 жылдарға арналған ТМС инвестициялық бағдарламасының және тарифтік сметаның орындалуы туралы есептерді қарау нәтижелері бойынша еліміздің 7 өңірінде (Нұр-Cұлтан қ, Павлодар, Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары) коммуналдық қызметтерге тарифтердің төмендегенін хабарлады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны