29.12.2022, 17:20 50126

Қазақстанның халықаралық резервтері қараша айының соңында 90 млрд долларды құрады

Қазақстанның халықаралық резервтері қараша айының соңында 90 млрд долларды құрады
2022 жылдың қараша айында Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 2,9%-ға ұлғайып, 33,9 млрд АҚШ долларын құрады

Астана. 29 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қарашаның соңында Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (55,8 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, елдің жалпы халықаралық резервтері 89,75 млрд АҚШ долларын құрады, делінген Ұлттық Банктің 2022 жылғы қарашадағы қаржы нарығындағы ахуал туралы есебінде.
 
Алдын ала деректер бойынша, 2022 жылдың қараша айында Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 2,9%-ға ұлғайып, 33,9 млрд АҚШ долларын құрады.
 

Резервтердің өсуіне алтын бағасының бір унция үшін 1760 АҚШ долларына дейін 7,4%-ға көтерілуі ықпал етті. Резервтердің ұлғаюы екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - ЕДБ) қаражатын Ұлттық Банктегі валюталық шоттарынан әкетумен ішінара реттелді. Қарашаның соңында Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (55,8 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, елдің жалпы халықаралық резервтері 89,75 млрд АҚШ долларын құрады. Ақша базасы қарашада банктердің аударылатын депозиттерінің төмендеуінен 11 719,9 млрд теңгеге дейін 5,3%-ға тарылды (жыл басынан бері 7,0%-ға кеңейді). Қарашада ақша массасы 1,6%-ға қысқарып, 32768,4 млрд теңге болды (жыл басынан бастап - ж/ж 8,9%-ға және 14,2%-ға), айналыстағы қолма-қол ақша 1,8%-ға төмендеді (жыл басынан бастап 8,5%-ға және ж/ж 11,9%-ға өсті)", - делінген хабарламада.

 
Ұлттық Банк жеке тұлғаларды бірінші кезекте тұтынушылық және ипотекалық кредиттеу ақша массасының өсуіне негізгі фактор болып отырғанын атап өтті.
 
Валюта нарығы
 
АҚШ доллары бойынша сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болуына байланысты 2022 жылғы қарашада теңгенің биржалық бағамы 1 АҚШ доллары үшін 458,62-468,90 теңге аралығында өзгеріп отырды.
 

2022 жылғы қарашада квазимемлекеттік сектордың валюталық түсімін сатуы (500 млн АҚШ доллары) және Ұлттық қордан трансферттерді жүзеге асыру үшін аздап шетел валютасын конвертациялау (70 млн АҚШ доллары) валюта нарығындағы ұсынысқа қолдау көрсетті. Ұлттық Банктің валюталық интервенциялары жүргізілмеді", - делінген ақпаратта.

 
 
Теңге - доллар валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 19,2%-ға ұлғайып (ж/ж 17,7%-ға төмендеу), оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі а/а 20,6%-ға өсіп, ж/ж 21,1%-ға төмендеді.
 
Ұлттық банктің мәліметінше, халық тарапынан шетел валютасына сұраныс артты.
 

2022 жылғы қарашада шетел валютасын нетто-сатып алу а/а 20,3%-ға өсіп, 223,5 млрд теңгені құрады. Бұл ретте жылдық мәндегі нетто-сатып алудың жалпы көлемі айтарлықтай дәрежеде АҚШ доллары мен Ресей рублін нетто-сатып алудың төмендеуі есебінен 48,2%-ға төмендеді. Шығыстардың негізгі көлемі 91,6% немесе 204,6 млрд теңге - АҚШ долларын, 1,3% немесе 3,0 млрд теңге - Ресей рублін және 7,0% немесе 15,6 млрд теңге - еуроны сатып алуға бағытталды. Қарашада Ресей рубліне сұраныс ұсыныстан сәл асып түседі, ал айына рубльді нетто-сатып алу 2,3 есе (ж/ж 30,1) төмендеді", - деп нақтылады Ұлттық Банкте.

 
Валюта түрлері бойынша бөлгенде АҚШ долларын нетто-сатып алу бір айда 24,2%-ға өсті (төмендеу - ж/ж 30,8%), еуроны нетто-сатып алу 14,6%-ға өсті (төмендеу - ж/ж 3,0 есе).
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны