23.08.2022, 16:33 25016

Қазақстанның Ресеймен тауар айналымы бір жылда 5%-ға өсті

2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстан экспортының көлемі 3,4 миллиард долларды құрады, нақты өсім – 0,5%-ке тең.
Қазақстанның Ресеймен тауар айналымы бір жылда 5%-ға өсті
НҰР-СҰЛТАН. 23 ТАМЫЗ - Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ке артып, 11,6 миллиард АҚШ долларына жетті.
 
Бұл ретте Қазақстандағы жалпы сауда көлеміндегі Ресей Федерациясының үлесі бір жылда 27,3%-тен 18,3%-ке дейін төмендеді, деп хабарлайды Ranking.kz.
 
2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстан экспортының көлемі 3,4 миллиард долларды құрады, нақты өсім – 0,5%-ке тең.
 

Өз кезегінде Ресей Федерациясынан Қазақстанға импорт бір жылда 7%-ке өсіп, 8,3 миллиард долларды құрады. Қазақстанның жалпы импортындағы Ресей үлесі бір жылда азайғанымен, әлі де 38,5%-ті құрап отыр", - деп жазылған хабарламада.

 
2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстаннан Ресейге бір жыл бұрынғыдан 3,5 есе көп трактор экспортталды.
 
Қазақстаннан Ресей Федерациясына қаңтар-маусым айларында сомасы 574,7 миллион долларды құрайтын 448,8 мың тонна бейорганикалық химия өнімдері, бағалы металдардың бейорганикалық немесе органикалық қосылыстары, радиоактивті элементтер немесе изотоптар экспортталды.
 
Сондай-ақ , 400,3 миллион АҚШ долларына темірден, қоспасыз және қоспалы болаттан дайындалған жалпақ жайма, сондай-ақ 217,3 миллион долларға күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір рудалар мен концентраттар экспортталды.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны