16.06.2026, 18:27 491

Қазақстанның теміржол машина жасаудағы өндірісі айтарлықтай өсті

Теміржол машина жасау секторының үлесі 13%-ды құрады, деп мәлім етті Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев үкімет отырысындағы баяндамасында.

Салада 60 кәсіпорын жұмыс істейді, онда 8 мыңнан астам адам еңбек етуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 22,5%-ға өсіп, 734 млрд теңгеге жетті.

Отандық машина жасау саласының басым бағыттарының бірі - теміржол машина жасау секторы. Бүгінде сектордың машина жасаудағы үлесі 13%-ды құрап отыр. Салада 60 кәсіпорын жұмыс істейді, онда 8 мыңнан астам адам еңбек етуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 22,5%-ға өсіп, 734 млрд теңгеге жетті. Жалпы соңғы бес жылда вагон паркін жаңартуға бағытталған бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде салада инвестицияның өсуі байқалады. Соның нәтижесінде Wabtec, Alstom және Stadler секілді жетекші әлемдік компаниялар Қазақстанда өз өндірістерін орналастыруда. Өнімнің жекелеген түрлері бойынша локализация деңгейі 35-40%-ға жетті", - деп атап өтті министр.


Өнеркәсіп және құрылыс министрінің сөзінше локализацияны одан әрі дамыту отандық компаниялармен кооперацияны кеңейтіп, жаңа қосалқы бөлшектерді игеру және бірлескен өндіріс құру арқылы жалғасуда.

Жалпы осы жылғы 5 салада вагондардың барлық түрлері бойынша оң динамика байқалуда. Өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда кемінде 9%-ға, ал жекелеген өнім түрлері бойынша 1,7 есеге өсті. Жалғыз локомотив өндірісінде 17,5%-ға төмендеу байқалады. Алайда жыл қорытындысы бойынша салада өткен жылдың деңгейі сақталып, басқа өнім түрлерін өндіру есебінен өсім күтілуде. Саладағы өсімге соңғы жылдары жүзеге асырылған ірі инвестициялық жобалар елеулі үлес қосты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны