15.11.2023, 13:43 72096
Bereke Bank ұлттық валютаның 30 жылдығына орай жаңа имиджін ұсынады
Сурет: Bereke Bank
Достарға айту
Астана. 15 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Bereke Bank санкциялардан кейін өзінің қызметін толық қалпына келтіргенін және "Бәрі Bereke-лі болады!" атты жаңа имидждік кампаниясын жариялайды. Банк өзінің логотипін, ұранын және ұстанымын жаңартты.
Bereke Bank Басқармасының Төрағасы Андрей Тимченко өз сөзінде: "Мен қазақстандықтарға жаңартылған логотипімізді қуана ұсынамын. Бұл жай ғана белгі емес, бұның астарында Bereke Bank-тің болашақта қалай дамитыны, қандай өнімдерді ұсынатыны және біздің банкті клиенттер не үшін таңдайтыны туралы сұрақтарға жауап беретін мән-мағына бар. Бұл - біздің ұжымымыздың қажырлы еңбегінің нәтижесі".
Bereke Bank логотипінің стилистикалық жаңаруы банктің санкциялардан шыққаннан кейін операциялық қызметін толық қалпына келтірілгенін айқындайды. Рестайлинг кезінде банк Fitch-тен BB рейтингін алды, Visa, MasterCard, шетелдік корреспондент-банктермен қарым-қатынасты, AppStore және Google Play-ді, сондай-ақ өзінің мобильді қосымшаларын қалпына келтірді. Банктің жаңа стратегиясы қолданыстағы Bereke Bank атауының негізінде жасалды.
Жаңа стратегияны әзірлеу бірнеше айға созылды және оған банктің бүкіл ұжымы атсалысты. Жаңартылған логотиптен басқа, банк аудиторияға "Бәрі Bereke-лі болады!" деген жаңа ұранды ұсынып отыр.
Береке" - қазақстандықтар үшін терең мағыналы сөз әрі ол жанұямен, үймен, әл-ауқатпен тікелей байланысты. Жаңа Bereke Bank әр клиентке қамқорлық пен ерекше көзқарас таныту арқылы оларды бақытқа, жетістікке, болашаққа деген сенім мен жарқын өмірге жетелейді. "Бәрі Берекелі болады" деп, Bereke Bank осыған кепілдік береді.
Bereke Bank Басқармасының Төрағасы Андрей Тимченко: "Біз Қазақстанның банк нарығын мұқият зерделедік, тұтынушыларға зерттеу жүргіздік және ұзақ өмір сүретін және қосымша табыс әкелетін әрі танымал болатын бренд құруға тырыстық".
Логотипті жаңарту Bereke Bank-тің заманауи цифрлық ортаға тез бейімделе алатын бәсекеге қабілетті бизнес құруға деген ұмтылысын көрсетеді. Жаңа логотип технологиялы, оны кез-келген ортада, соның ішінде цифрлық ортада оңай қолдануға болады.
Логотиптің қанық әрі тартымды түстері брендтің негізгі идеясымен үйлесім табады. Көк түс - сенімділік, тұрақтылық пен тепе-теңдіктің белгісі. Ал жасыл болса, қуанышты, сәттілік пен жетістікті, бақытты өмірді айшықтайды. Брендингте қолданылған әр элемент клиентімізге арналған қызметтердің бірлігі мен үйлесімін танытады.
Bereke Bank Басқармасының Төрағасы Андрей Тимченко: "Бренд сабақтастығын сақтау үшін біз жасыл түсті қалдырып, қою көк түсті қостық. Көк - ол аспан. Жасыл - жер. Бұл - Қазақстанды бейнелейтін түстер. Біз қазақстандық банкпіз! Жаңашылдыққа бет бұруымыз клиентке бағытталған банк болуға деген ұмтылысымызды, амбициямызды айқындайды".
Логотипті жаңарту қаржы институты жұмысының келесі сапалы кезеңін белгілейді. Банк барлық қазақстандықтарды ұлттық валютамыздың 30 жылдығымен құттықтайды, баршаңызға құт-береке, толағай табыстар тілейміз. Бәрі Bereke-лі болады!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
24.05.2024, 20:28 1156
Жетісу облысында бизнес үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді
Төмендетілген тариф 2024 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі
Достарға айту
"Жетісу Энерготрейд" ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментіне заңды тұлғалар үшін электр энергиясына тарифті 1 кВт/сағатына 38,50 теңгеден 32,60 теңгеге дейін яғни 15,33%-ға төмендету туралы хабарлама берді, деп хабарлайды ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Төмендетілген тариф 2024 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тарифті төмендету ҚР ҰЭМ ТМРК аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болды.
Бұл жұмыс Үкімет Мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілгенін еске сала кетейік.
Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (қаланың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге ("Жетісу Энерготрейд" ЖШС) ауысуы болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше тарифті төмендетуге әсер етті.
Электр энергиясы қызметтерін үздіксіз алу үшін бұрын реттелмейтін жеткізушілерді пайдаланған Жетісу облысының заңды тұлғаларының "Жетісу Энерготрейд" ЖШС-мен жедел түрде тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.05.2024, 20:26 1236
Алғаш рет Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға тестілеу режимінде жүктерді автокөлікпен халықаралық тасымалдау ұйымдастырылды
Достарға айту
Ақтау қаласында Қазақстан-Қытай автотасымалдау жөніндегі бірлескен комиссиясының отырысы өтті. Осылайша ел тарихында тұңғыш рет Құрық және Баку теңіз порттары арқылы Қытай-Қазақстан-Әзірбайжан-Грузия бағыты бойынша жүктерді тестілеу режимінде автокөлікпен транзиттік тасымалдау жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан-Қытай комиссиясының автокөлік жөніндегі отырысын өткізу шеңберінде Үрімші қаласынан шыққан салмағы 80 тоннаны құрайтын алғашқы үш қытайлық жүк көлігі транзиттік маршрут бойынша өтіп, 23 мамыр күні Ақтау қаласындағы "Құрық" портында Қытай-Қазақстан-Әзірбайжан-Грузия бағыты бойынша қозғалысты жалғастыру үшін паромға тиелді.
"Өткен жылы қытайлық тараппен жүктерді автокөлікпен тасымалдау бойынша келісімге қол қою өз кезегінде сауда байланыстарын одан әрі дамыту үшін шексіз мүмкіндіктерге жол ашатын өзара тиімді ынтымақтастықтың маңызды қадамы болды. Тарихта тұңғыш рет екі елдің автокөліктері қос тарапқа да тиесілі барлық ірі сауда қаласына тікелей қатынай алады, сондай-ақ белгілі бір өңірлер арқылы транзиттік жол жүруге де мүмкіндік бар. Бүгінгі таңда Қытайдан Батыс елдеріне жүздеген миллион тонна жүк 52 күнге дейінгі аралықта теңіз арқылы, ал жүктің қалған бөлігі теміржол арқылы 22 күнге дейінгі мерзімде жеткізіледі. Ендігі кезекте бұл уақыт аралығын жүкті автокөлікпен тасымалдау арқылы 12 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік бар", - деп атап өтті ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әлі Алтай.
Сонымен қатар екі мемлекеттің көлік саласына жауапты ведомстволары 2024 және 2025 жылдарға арналған рұқсат бланкілерін айырбастау мәселелерін талқылады. Жалпы 2024 жылға 120 мың бірлік рұқсат бланкісі берілген. Келесі жылы осы процесті цифрландыру және рұқсат қағаздарын электрондық бланкілерге көшіру жоспарланып отыр. Осы ретте екі тарап рұқсат бланкілері шектеусіз мөлшерде берілетіні туралы уағдаласты.
Айта кетерлігі, өткен жылы жүктерді тасымалдау көлемі 1,5 есе өсіп, 1,8 млн тоннаны құрады. Осы жылдың 1-ші тоқсанында жүктерді тасымалдау көлемі 63 пайызға артып, 450,1 мың тоннаны құрады. Тасымалданатын негізгі жүктердің қатарында қағаз және қағаз целлюлозасынан жасалған бұйымдар, дайын тамақ өнімдері, ағаш және одан жасалған бұйымдар, машиналар, механизмдер мен жабдықтар және басқа да өнімдер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.05.2024, 19:38 1551
Шымкент МӨЗ өндірістік қуатын жылына 12 млн. тоннаға дейін арттыру жобасы
Достарға айту
2024 жылғы 23 мамырда Энергетика министрлігі (министрлік), "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС (ПКОП) және CNPC өкілдерінің қатысуымен "Шымкент МӨЗ қуаттылығын жылына 12 млн тоннаға дейін арттыру" жобасының мәртебесі мен жоспарланған жұмыстары бойынша жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
ПКОП зауыты-өндірістік қуаты жылына 6 млн.тонна болатын Орталық Азиядағы ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі. Ол ең алдымен, еліміздің мотор отынына деген қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде шикізатпен, инфрақұрылыммен және энергоресурстармен қамтамасыз ету, халықаралық стандарттарды қолдану мәселелерін қарады. Сондай-ақ әлеуетті инвесторлардың қарсы міндеттемелерін айқындайтын ҚР және ҚХР үкіметаралық келісімінің жобасын әзірледі.
Жоба мемлекет басшысының жолдауы шеңберінде жоғары деңгейдегі өңделген өнім шығаратын кластер құруға көзделген басым бағыттардағы 15 ірі жобаның тізіміне кіреді.
Алдын ала есептеулер бойынша жобаны іске асыру автобензин өндірісін 700 мың тоннаға, авиаотын өндірісін 700 мың тоннаға, дизель отынын өндіруді 3,9 млн.тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Жаңа нысандарды іске қосу 2030 жылға жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.05.2024, 12:51 10476
Қазақстан экономикасына сингапурлық инвестициялардың жалпы көлемі 1 1,7 млрд-тан асты
Достарға айту
Мемлекет басшысы Сингапур Республикасының Президенті Тарман Шанмугаратнаммен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Сингапурға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты "Istаna" сарайында Президент Тарман Шанмугаратнам күтіп алды.
Келіссөздердің алдында ресми қарсы алу рәсімі өтті. Қазақстан мен Сингапурдың мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылы ротасының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тарман Шанмугаратнам бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Мемлекет басшысы Президент сарайындағы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ делегациясына сый-құрмет көрсеткені үшін алғыс айтып, бұл 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Президентінің Сингапурға жасаған бірінші сапары екенін атап өтті. Сондай-ақ 1970-жылдары Кеңес одағының дипломаты ретінде қызмет еткендіктен, бұл елді өте жақсы білетінін және араға уақыт салып мұнда Қазақстан Президенті ретінде қайта келгеніне қуанышты екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы Сингапурды уақыт сынынан өткен сенімді серіктес санайды. Бүгінде Қазақстанда 140-тан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл ретте Сингапурдың Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 1,7 миллиард доллардан асты. Пандемия салдарынан туындаған экономикалық қиындықтарға қарамастан, екіжақты сауда көлемі көп ұзамай 2 миллиард доллардан асады.
Қазақстан Президентінің айтуынша, еліміз сенімді саяси диалогқа, қарқынды дамып келе жатқан сауда және инвестициялық байланыстарға бағытталған екіжақты ынтымақтастықтың мүлде жаңа кезеңіне жол ашуға ниетті.
Өз кезегінде Президент Тарман Шанмугаратнам екі ел арасындағы қарым-қатынастың даму динамикасына жоғары баға берді.
Кездесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстанның Сингапурмен энергетика, аса маңызды шикізатты өңдеу, инфрақұрылымды дамыту, цифрлық экономика, қаржы технологиясы, агротехнология, логистика және байланыс секілді негізгі салалар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеді.
Президенттер өзара тиімді инвестициялық жобаларды ілгерілету, соның ішінде екіжақты қатынастардың құқықтық базасын нығайту арқылы күш-жігер біріктіруге уағдаласты.
Бұдан бөлек, тараптар білім беру және адам капиталын дамыту бағыттарындағы ынтымақтасты жандандыру қажет деп санайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2024, 17:37 13986
Теңіз инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспары бекітілді
Достарға айту
Теңіз инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспары бекітілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Теңіз инфрақұрылымын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды. Кешенді жоспар аясында Ақтау және Құрық порттарының базасында ірі теңіз көліктік-логистикалық кластерін құру көзделген. Бұл контейнерлерді өткізу қабілетін арттыруға, жүктерді ауыстырып тиеу терминалдарын және халықаралық тасымалдардың логистикасын дамытуға, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді едәуір азайтуға мүмкіндік бермек.
✅Биыл Құрық портының акваториясын тереңдету және Ақтау портында контейнерлік хаб салу жұмыстары басталады. Жобалардың негізгі үлесі жеке инвестициялар есебінен салынбақ. Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту шеңберінде жоспарланған инвестициялар да бар.
2028 жылға дейін порттардың өткізу қабілеті 50 пайызға артады. Ал контейнерлерді өткізу қабілеті 3 есе артады деп көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.05.2024, 17:51 19736
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Достарға айту
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді, деп хабарлайды energyprom.kz. порталы.
Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра - 34,8%, 29 млн литрге дейін, арақ - 13,4%, 4,1 млн литрге дейін, шарап - 4,7%, 2 млн литрге дейін азайды.
Бұл ретте ликерлер және өзге де спиртті сусындар өндірісі, керісінше, бірден екі есе өсіп, 189,9 мың литрге жетті.
2023 жылдың он екі айының қорытындысы бойынша, жергілікті компаниялар коньяк және коньяк өнімдеріне сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) бір жыл бұрынғы 63,6%-бен салыстырғанда 76,8% қамтамасыз етті. Осы кезеңде сектордағы отандық өнім айтарлықтай өсті - 75,7%, 30,3 млн литрге дейін. Бұл ретте елге 9,1 млн литр коньяк импортталды, көрсеткіш бір жылда 7,3% азайған. Ішкі нарықтағы сатылым 35,6 млн литрді құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 73,7% артық.
Шарапқа деген сұраныс бір жыл бұрын 65,6% отандық өндіріс қамтамасыз етсе, биыл 63,2% қамтамасыз етті. Өндіріс осы кезеңде өзгеріссіз қалды деуге болады, бірақ импорт 10,7% өсіп, 16,6 млн литр болды. Ішкі нарықтағы сатылым 44,8 млн литр, 3,4% көбейген.
Ал ликер-арақ өнімдеріне деген сұраныстың 85,4%-ын отандық өндіріс қамтамасыз етті. Бір жыл бұрын көрсеткіш 84,8% болған. 2023 жылдың он екі айында сектордағы өндіріс төмендеді, импорт - тиісінше 2% және 7,2%. Ішкі нарықта арақ пен алкогольдік өнімдерді сату 2,2%, яғни 88,1 млн литрге дейін қысқарды.
Сыраға сұраныстың 89,8%-ын отандық компаниялар қамтамасыз етті, бір жыл бұрын 92,4% болған. Бір жыл ішінде өндіріс 611,2 млн литр болды, 14,8% азайған, ал импорт 69,6 млн литр болды - бір жыл бұрынғыдан 17,3% артық. Ішкі нарықтағы сатылым 660,5 млн литр болды, көрсеткіш 12,6% азайған.
Алкоголь өнімдерінің бағасына келетін болсақ, биыл ақпанның соңында бір айда 0,7% және бір жылда 11,8% қымбаттаған.
Ай сайынғы динамика бойынша арақ пен сыра 0,7%, шарап 0,4% қымбаттады. Жылдық динамикада арақ - 5,7%, шарап - 11,5%, сыра - 18% қымбаттады.
Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада ең қатты Атырау облысында (2,2%), ал ең аз Жамбыл облысында (0,1%) қымбаттады. Бұл ретте баға тек Павлодар облысында өткен айдың деңгейінде қалды.
Жылдық динамикада алкогольдік өнімдер ең қатты Ақмола облысында (25,5%) қымбаттады. Сондай-ақ, бағаның айтарлықтай өсуі Абай (18%) және Маңғыстау (17,7%) облыстарында да байқалды. Ең аз жылдық өсім Жетісу облысында - 4,5% байқалды.
ҚР-ның 97 елді мекенінің тұрғындары өз еркімен алкогольден бас тартты, деп хабарлайды Хабар24. Соның нәтижесінде қылмыстың күрт төмендегені байқалады. Тіпті бір ауылда үш жыл бойы бірде-бір құқық бұзушылық тіркелмеген, кемі ресми түрде. Әйтеуір полицейлер осылай дейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.05.2024, 17:46 19911
Қазақстан Қытайға дайын өнім экспортын 2,5 есеге арттыруды жоспарлап отыр
Достарға айту
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында шикізаттық емес экспортты ілгерілету мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру - Қазақстан экономикасын әртараптандырудың негізгі факторларының бірі. Үкімет отырысында осы бағытта атқарылып жатқан шаралар туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев баяндады.
2023 жылдың қорытындысына сәйкес, шикізаттық емес экспорт бойынша мақсатты көрсеткішке қол жеткізілді және 3%-ға асыра орындалды. Экспорттық позициялардың саны 278-ге артты.
2019 жылдан бері тұрақты белсенді экспорттаушылар саны 300 компанияға: 460-тан 760-қа дейін өсті.
Өткен жылы шикізаттық емес тауарлардың экспорт географиясы 135 елге дейін кеңейді. Азия елдеріне дайын өнімдерді жеткізу көлемі артты: Қытайға - 8%, Оңтүстік Кореяға - 26%, Вьетнамға - 46%. Сонымен қатар АӨК өңделген өнімдерін жеткізудің нақты көлемі: ұн 1,1%-ға, күнбағыс майы 55,5%-дан астам, сусындар 42,8%-ға өсті.
Сауда министрлігі экспортты одан әрі арттыру үшін негізгі бағыттарды анықтады. Ең алдымен, орта мерзімді перспективада Қытайға жіберілетін дайын өнім экспортын 2,5 есеге кеңейту және $12,5 млрд-қа дейін жеткізу мақсаты қойылды.
ЕАЭО және Орталық Азия елдерімен тауар айналымын арттыру бойынша күшейтілген жұмыс жалғасады. Ол үшін шекара маңындағы сауданың қажетті инфрақұрылымы құрылады.
Таяу Шығыс елдерінде сұранысы жоғары тоңазытылған қой еті, құс еті және субөнімдер сияқты жоғары маржалық тауарларды жеткізу көлемін арттыру мәселесі пысықталып жатыр.
Қазақстандық азық-түлік және органикалық өнімдерді сатып алуға дайын Еуропалық Одақтың жоғары бәсекеге қабілетті нарықтары да басым бағыт болып саналады.
Отандық экспорттаушыларды дайындау үшін Сауда және интеграция министрлігі нарықтың кәсіби қатысушыларымен бірлесіп, тауашалық сауда ағындарын құрылымдайтын "QazTrade" АҚ базасында сауда акселераторы іске қосады. Жалпы, аталған институт базасында жыл сайын 450-ден астам компания қолданатын сервистік шаралар шоғырланған.
Осы және басқа да кешенді шараларды іске асыру белсенді экспорттаушылар санын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Премьер-Министр биыл Үкімет биыл жоғары көрсеткішті, яғни экспорт деңгейін 37,7 млрд долларға дейін қамтамасыз ету міндеті тұрғанын атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңделген өнімдер мен қызметтер экспортының көлемі $41 млрд-қа дейін жетуі тиіс.
"Біз бұдан да биік мақсаттар қойып, аталған жоспарларды асыра орындауға тырысуымыз керек. Бұл жұмысқа барлық мүдделі министрліктер, әкімдіктер, әсіресе бизнес белсенді атсалысуға тиіс. Шикізаттық емес экспортты дамытуда жоғары деңгейде өңделген тауарлар экспортына баса мән беруіміз керек. Егер мұқият қарайтын болсақ, қызмет көрсету экспортының көлемі орнықты өсіп келеді - былтыр шамамен 30%-ға өсті, ал шикізаттық емес тауарлардың экспорты былтыр керісінше 5,7%-ға төмендеп кеткен. Тауарлардың импорты 21,5%-ға артқан. Көріп отырғандай, айырмашылық 2 еседен асады, бұл сауда балансына теріс әсер етеді. Сондықтан жоғары деңгейде өңделген тауарлардың өндірісі мен экспортын ұлғайту қажет. Ол үшін перспектива мен мүмкіндік жеткілікті. Отандық өндірушілер мен экспорттаушыларға белсенді қолдау көрсетуіміз керек", - деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.
Премьер-Министр экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға Консультациялық қызметтер көрсету, ақпараттық сүйемелдеу және жаңа нарықтарға шығуға көмек көрсету арқылы экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдауды күшейтудің маңызды екенін атап өтті. Бүгінде Қазақстанда экспорттаушыларды қолдаудың 20-дан астам құралы - сақтандыру, қаржылық және сервистік құралдар жұмыс істейді.
Отандық өнімді өткізу нарығын кеңейту және оны шетелде экспортты барынша тиімді ұсына білу қажеттілігі атап өтілді. Осы мәселеге байланысты кейбір серіктес елдерге сауда өкілдері жіберілуде. Алайда бұл жұмыс баяу жүріп жатыр және оны барынша күшейту қажет.
Олжас Бектенов ҚХР Мемлекеттік Кеңесі Премьердің орынбасарымен Қытаймен сауда қатынастарын кеңейту туралы соңғы уағдаластықтарды еске салды. Үкімет басшысы бұл бағыттың перспективасы жоғары екенін атап өтіп, Сауда, Сыртқы істер және Қаржы министрліктеріне 1-ші шілдеге дейін Бейжіңге сауда өкілдерін жіберуді және Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында сауда өкілдігін ашуға толық әзірлікті қамтамасыз етудіді тапсырды.
"Орташа және жоғары деңгейде өңделген тауарлар экспортын қолдауға баса назар аудару қажет. Ол үшін экспортты қолдаудың қолданыстағы бағдарламаларын күшейтудің, инновацияларды ынталандыру мен өндірістерді кеңейтудің маңызы зор. Мұнда отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларының рөлі маңызды болуға тиіс, бұл шаралар қазір пысықталып жатыр. Жалпы бізге сауда саясатында тың әрі батыл тәсілдер қажет", - деп түйіндеді сөзін Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы мәселені қарау қорытындысына сәйкес, мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді:
Сыртқы істер және Өнеркәсіп министрліктерімен, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірге бір ай мерзімде қазақстандық тауарлар экспортының нарықтарын әртараптандыру мәселесін пысықтасын, ал биылғы 1-ші тамызға қарай шикізаттық емес экспорт көлемін одан әрі ұлғайту жөніндегі нақты іс-қимыл жоспарын енгізу.
Экспортқа бағдарланған елдерде импорттаушыларға қойылатын талаптарға ұдайы мониторинг жүргізіп, өз кәсіпкерлерімізді жүйелі түрде уақтылы хабардар етіп тұру қажет.
Мүдделі мемлекеттік органдармен бірге экспорттаушылар үшін кедергілерді азайту, әсіресе ел ішінде және шетелдерде әкімшілік және кедендік рәсімдерді оңайлату мен цифрландыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізу.
Көлік министрлігі шикізаттық емес тауарларды тиімді экспорттау үшін қажетті көлік-логистикалық инфрақұрылымды одан әрі жетілдіруі қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.05.2024, 12:06 34091
Fitch Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингін растады
Достарға айту
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредиттікрейтингін "BBB" деңгейінде екенін растады, болжам "Тұрақты", деп мәлім етті ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның рейтингін қолдайтын іргеліфакторлардың қатарында елеулі сыртқы буферлер, шетел валютасындағы резервтер, тұрақтыфискалдық позиция, мемлекеттік борыштың төмендеңгейі, сондай-ақ сыртқы тәуекелдерге орташаұшырау атап өтіледі.
Fitch Ratings сарапшылары валюталықрезервтердің одан әрі нығаюын, сондай-ақимпорттың қалыпты өсуі және мұнай өндіру мен экспорт көлемінің ұлғаюы аясында ағымдағы шоттапшылығының қысқаруын болжайды.
Fitch пікірінше, бюджет шығыстарының өсуіншектейтін жаңа фискалдық ережелер және ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттерсалық-бюджет саясатын нығайтуға тиіс.
Сондай-ақ, Fitch қайталама санкциялар салудың және олардың ҚР экономикасына ықпалының салыстырмалы түрде төмен тәуекелдерін атап өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
24.05.2024, 19:49БҚДА "ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ-ға алдын ала ескерту жолдады 24.05.2024, 19:55 4976Біз соғысты тоқтатуға емес, алдын алуға тырысуымыз керек - Тоқаев24.05.2024, 20:08 4736Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты24.05.2024, 20:17 4411Су тасқынынан кейін 356 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды24.05.2024, 20:23 4221"E-Petition.kz" ресми порталында жарияланған қалдықтарды кәдеге жаратуға қатысты петицияны қарауға қажетті қол жиналды
18.05.2024, 12:47 92376Қазақстандық музейлер қорында 4 000 000 нан астам зат сақтаулы18.05.2024, 12:44 87766Алматыда мемлекеттік қызметкер бизнесті заңсыз тексергені үшін жазаланды18.05.2024, 12:12 71041Президент су тасқынынан зардап шеккендерді сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етуді тапсырды22.05.2024, 12:54 67066Қылмыстық кодекстен қоғамға қауіп төндірмейтін экономикалық құқық бұзушылықтар туралы баптар алынып тасталады22.05.2024, 15:08 64351Мемлекет басшысы Вьетнамның жаңадан сайланған Президентін құттықтады
25.04.2024, 12:37 130736Қазақстан Президенті су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі02.05.2024, 16:37 123926Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті25.04.2024, 17:58 123766"Алматы - бақ қала": мегаполисте жаңа алма бақтары пайда болады25.04.2024, 18:14 121551Президент Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді тағайындады02.05.2024, 16:34 120201Елімізде қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу шаралары талқыланды