16.06.2026, 12:58 501
Бейбіт мақсаттағы атом: Қазақстан мен Қытай ынтымақтастықты кеңейтуде
Достарға айту
Қазақстан мен Қытай атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
2026 жылдың 16 маусымында Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік энергетика істері басқармасының басшысы Ван Хунчжи мырзаның Қазақстан Республикасына сапары аясында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік энергетика істері басқармасының басшысы Ван Хунчжи мырзаның тең төрағалығымен азаматтық ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан–Қытай бірлескен жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.
Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, осы бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілділіктерін растады.
Серіктестікті одан әрі тереңдетуге бағытталған үйлестіруді күшейту мен практикалық өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді.
Отырыс қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар көрініс тапқан және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықтың алдағы бағыттары айқындалған хаттамаға қол қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.06.2026, 12:22 976
Қазақстан жасанды интеллект саласында $10 млрд-тық келісімдер пакетіне қол қойды
Достарға айту
Қазақстан Үкіметі мен IT-алпауыттары Firebird және NVIDIA жасанды интеллект саласында $10 млрд-тық келісімдер пакетіне қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасыз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов NVIDIA вице-президенті Рев Лебаредянмен және Firebird негізін қалаушылар: бас директоры Размик Овакимянмен және Александр Есаянмен кездесу өткізді. Кездесуге Премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джули Стаффт қатысты.
Америкалық Firebird компаниясы жасанды интеллект инфрақұрылымын құруға, деректер орталықтарын дамытуға және жоғары өнімді есептеу жүйелерін әзірлеуге маманданған. Компания әлемнің түрлі өңірлерінде жобаларды жүзеге асырып, жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеулер және цифрлық инфрақұрылым саласындағы әлемдік көшбасшы NVIDIA сияқты жетекші технологиялық серіктестермен ынтымақтастық орнатқан. Компанияның шешімдері әлемдегі жетекші суперкомпьютерлер мен деректерді өңдеу орталықтарының басым бөлігінде қолданылады, сондай-ақ қазіргі заманғы генеративті жасанды интеллект модельдерінің елеулі бөлігінің негізін құрайды.
Кездесу барысында ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды. Олардың қатарында жоғары өнімді есептеу қуаттарын құру, заманауи деректерді өңдеу орталықтарын орналастыру және халықаралық технологиялық серіктестерді тарту мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша жасанды интеллект және цифрлық инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық туралы жалпы көлемі $ 10 млрд-ты құрайтын келісімдерге қол қойылды:
- Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Firebird компаниясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім. Бұл құжат жасанды интеллект экожүйесін дамыту, сондай-ақ Alem.ai базасында Firebird Labs Kazakhstan орталығын құру жөніндегі негіздемелік келісімдерді бекітеді;
- "КТ-ТЕЛЕКОМ" ЖШС мен Firebird Binding Term Sheet арасындағы ынтымақтастықтың негізгі шарттары туралы келісім, "ДӨО алқабы" жобасы аясында бірлескен жұмыстың техникалық және ұйымдастырушылық параметрлерін айқындайды.
Қол жеткізілген келісімдер "Деректерді өңдеу орталықтары алқабы" жобасын одан әрі жүзеге асыруға негіз қалайды. Жоба жасанды интеллектіні енгізуге, бұлтты технологияларға және жаңа буын цифрлық сервистеріне арналған заманауи технологиялық базаны құруды көздейді. Қол қойылған келісімдер жаһандық технологиялық компаниялардың Қазақстанға жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту үшін болашағы зор алаң ретінде қызығушылығының артып отырғанын көрсетеді және елдің Орталық Еуразиядағы қалыптасып келе жатқан цифрлық хаб ретіндегі позициясын нығайтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 11:31 1366
2026 жылы Қазақстан экономикасы 4,6%-ға өседі деп болжануда
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
3-12 маусым аралығында Қазақстан Халықаралық валюта қорының Миссиясын қабылдады. Сапар қорытындысы бойынша елдегі қазіргі экономикалық жағдайға, экономиканы дамыту перспективаларына шолуды, сондай-ақ негізгі ұсынымдарды қамтитын қорытынды мәлімдеме жарияланды, деп хабарлайды ҚР ҰБ.
Миссияның пайымдауынша, әлемдік мұнай бағасының жоғары болуы, ішкі сұраныстың серпінділігі мен инвестиция ағыны аясында Қазақстанның экономикалық өсімі тұрақтылық танытып отыр. Халықаралық резервтер жеткілікті деңгейде сақталып, импорттың шамамен 10 айлық көлемін жабуды қамтамасыз етеді. ХВҚ 2026 жылы экономикалық өсімді шамамен 4,6% деңгейінде болжайды, сондай-ақ елдің бюджеттік сальдосы мен сыртқы позициясы жақсарады деп есептейді.
Бұл ретте бюджет тәртібін сақтау және мемлекет шығыстарының тиімділігін арттыру Үкіметтің, Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және қаржы секторын дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын (бұдан әрі - Бірлескен іс-қимыл бағдарламасы) іске асыру үшін шешуші маңызға ие.
Тәуекел факторларының қатарында ішкі сұраныстың күшею ықтималдығы, импорт бағасының өсуі, жаһандық белгісіздік пен әлемдік нарықтардағы қаржылық шарттардың қатаңдауы атап өтіледі, ал бұл жағдайлар инвестициялар ағынына кері әсер етуі мүмкін. Сонымен бірге, Каспий құбыр консорциумы құбырының жұмысындағы ықтимал іркілістер де қауіп ретінде көрсетілген. Мұнай бағасының жоғары деңгейде сақталуы, Бірлескен іс-қимыл бағдарламасы шараларының тиімді іске асырылуы және коммуналдық қызметтер тарифінің реформасын дәйекті жүргізу мемлекеттік қаржы мен сыртқы сектордың тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ инфляциялық күтулерді бекітуге ықпал етуі мүмкін.
Бұдан бөлек, ХВҚ сарапшылары инфляцияның 2025 жылғы қыркүйектегі 12,9%-дан 2026 жылғы мамырда 10,4%-ға дейін төмендегенін атап өтті. Соған қарамастан, оның деңгейі әлі де нысаналы бағдардан жоғары болып тұр. Осыған байланысты ХВҚ инфляция бойынша нысаналы көрсеткішке қол жеткізгенге дейін тежеуші ақша-кредит саясатын сақтау маңыздылығына айрықша назар аударады.
Ұлттық Банктің артық өтімділікті төмендетуге бағытталған шаралары, соның ішінде ең төменгі резервтік талап нормативтерін арттыруы және ноталар шығару көлемін ұлғайтуы инфляциялық қысымды біртіндеп бәсеңдетуде маңызды рөл атқарады. Бұл шаралардың тиімділігін арттыру үшін экономиканың "қызып кетуіне" жол бермеу мақсатында мемлекеттік және квазимемлекеттік қаржыландыру саласында әлдеқайда ұстамды саясат жүргізу де маңызды. Бұған нақты уақыт режимінде бюджет қаражаты мен Ұлттық қор ресурстарының пайдаланылуын бақылауды, атаулылығын және ашықтықты арттыруға мүмкіндік беретін Цифрлық теңгені енгізу де ықпал ете алады.
ХВҚ бағалауы бойынша, Қазақстанның макроэкономикалық саясатты жетілдіру және құрылымдық реформаларды жалғастыру есебінен инфляцияны одан әрі төмендетуге және экономикалық өсім әлеуетін арттыруға толық мүмкіндігі бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.06.2026, 15:28 5786
Еліміздің экономикасы 4 пайызға өсті
Достарға айту
Қазақстан экономикасының өсуі 2026 жылдың бес айының қорытындысы бойынша 3,7%-ды құраған. Бұл туралы экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету туралы тапсырмаларын орындау мәселесі бойынша өткен кеңес барысында белгілі болды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасыз қызметінен.
Өңдеу өнеркәсібінде өсім - 9%. Машина жасауда өндіріс көлемі 22,2%-ға ұлғайды. Қаңтар-мамыр айларында елімізде 81 мыңнан астам автокөлік құралдары жасалды. Өсім химия өнеркәсібінде 17,8%-ға және құрылыс материалдары өндірісінде 18,7%-ға қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығында нақты көлем индексі 103,6% болды. Отын-энергетика кешеніне де назар аударылды.
Премьер-министр инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жаңа өндірістерді уақтылы іске қосу және қолда бар өсу резервтерін тиімді пайдалану жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті. Министрлерге қажетті өсу қарқынына қол жеткізу үшін барлық шараларды қабылдау тапсырылды. Үкімет басшысы жарты жылдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексінің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының дербес жауапкершілігін бекітті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2026, 17:15 36871
Астанада канадалық компаниялар тау-кен металлургиясы саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерді бағалады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
AMM-2026 халықаралық металлургтер конгресі шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен "From Rockies to Steppes: Canadian Mining Companies on Kazakhstan's Potential" ("Тау жоталарынан даланы дейін: канадалық тау-кен компаниялары Қазақстанның әлеуеті туралы") атты панельдік сессия өтті. Іс-шараға жетекші канадалық тау-кен компаниялары қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мероприятиенің басты мақсаты - канадалық және халықаралық іскер серіктестердің кең ауқымы үшін Қазақстанның ТМК саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерін жылжыту, сондай-ақ салаға шетелдік инвестицияларды тарту болды.
Сессияның спикерлері - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, сондай-ақ B2Gold, Teck Resources, First Quantum Minerals және Arras Minerals компанияларының өкілдері. Ә.Қуантыров өз сөзінде Қазақстанның тау-металлургия секторындағы инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды: іскерлік климатты жақсартуға, инвесторларды қолдауға және минералдық-шикізат кешенін дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат егжей-тегжейлі баяндалды. Сондай-ақ ол халықаралық серіктестерді Қазақстандағы геологиялық барлау мен пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жаңа жобаларды іске асыруға шақырды.
Канадалық қатысушылар Қазақстанда бизнес жүргізу жағдайларын жоғары бағалады: мемлекеттік органдармен конструктивті өзара іс-қимыл, рәсімдердің ашықтығы және инвестициялық климатты жақсарту бойынша жүйелі жұмыс атап өтілді. Талқылау барысында тараптар шетелдік инвестицияларды тарту, заманауи технологияларды енгізу және халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қоса алғанда, Қазақстанның тау-металлургия кешенін одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Іс-шара екіжақты салалық диалогтың маңызды оқиғасына айналды және канадалық бизнестің Қазақстан нарығындағы қатысуын кеңейтуге деген жоғары мүддесін, сондай-ақ тараптардың тау-кен секторындағы ұзақмерзімді серіктестікке өзара ұмтылысын растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.06.2026, 17:25 67386
Астанада аса маңызды минералдар саласына қатысты C5+1 диалогы өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Елордада Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гордың тең төрағалығымен аса маңызды минералдар мәселелері бойынша C5+1 диалогы өтті. Іс-шара Astana Mining & Metallurgy (AMM-2026) XVI халықаралық тау-кен металлургиясы конгресі қарсаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Диалогқа Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерінің мүшелері қатысты. Кездесу барысында Орталық Азия мемлекеттері мен АҚШ арасындағы геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу, сондай-ақ аса маңызды минералдарды әлемдік нарыққа жеткізу ісіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев C5+1 платформасының Орталық Азия мен Америка Құрама Штаттары арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматы ретіндегі маңызды рөлін ерекше атап көрсетеді. Аса маңызды минералдар мәселелері бойынша C5+1 диалогы стратегиялық шикізатпен тұрақты қамтамасыз ету, технологиялық ынтымақтастықты дамыту және жаһандық жеткізудің сенімді тізбектерін қалыптастыру бағытындағы әріптестікті тереңдетуге арналған. Әлемде аса маңызды минералдарға сұраныс артып отырған жағдайда бұл бағыттардың маңызы ерекше", - деді Ерсайын Нағаспаев.
Министр Қазақстан үшін аса маңызды минералдар секторы өнеркәсіптік саясат пен ұзақ мерзімді экономикалық дамудың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бүгінде еліміздің минералдық-шикізат базасында 9,5 мыңнан астам кен орны бар, олардың 100-ден астамында сирек және жерде сирек кездесетін металдар қоры шоғырланған. Цифрландыру және халықаралық стандарттарды енгізу бағытында қабылданған шаралар салаға бағытталған инвестициялар көлемінің едәуір артуына мүмкіндік берді. Нәтижесінде елге әлемнің жетекші компаниялары келді, олардың ішінде Rio Tinto, Barrick Gold, First Quantum, Ivanhoe, Teck, Fortescue, Cove Capital және басқалар бар.
Кездесуге қатысушылар C5+1 форматындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындады. Олардың қатарында қайта өңдеу саласындағы жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, индустриялық кластерлер құру, технологиялар трансфері, кадрлар даярлау, ғылыми-техникалық кооперацияны кеңейту және басқа да бастамалар бар. Сондай-ақ өнімді әлемдік нарыққа тұрақты түрде жеткізуді қамтамасыз ету үшін логистика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша барлық тарап көпжақты ынтымақтастықты дамытуға және бірлескен индустриялық әрі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүдделі екендерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.06.2026, 14:50 68616
ШҚО-дағы литий кен орнын игеру: жоба қай кезеңде
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Шығыс Қазақстан облысындағы "Бакенное" литий кен орнын игеру жобасының қай кезеңде тұрғанын ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан C5+1 сыни маңызды минералдар жөніндегі диалог алаңында айтып берді.
Қазіргі уақытта онда мемлекеттік есепке қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл үдерістер тиісті түрде қорғалуда. Одан әрі кен орнын өңдеу және игеру мәселелері қаралатын болады", - деп вице-министрдің сөзін келтіреді inform.kz.
Оның айтуынша, қор көлемінің нақты көрсеткіштері тәуелсіз мамандардың растауынан кейін жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.06.2026, 13:40 68366
Қазақстан АҚШ компанияларын сирек металдарды өндіруге қатысуға шақырды
Достарға айту
Қазақстан Америка Құрама Штаттарының компанияларын сирек металдарды геологиялық барлау және өндіру жұмыстарына қатысуға шақырады. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев C5+1 сыни маңызды минералдар жөніндегі диалог отырысында мәлімдеді.
Еліміздің ресурстық базасында 9,5 мыңнан астам кен орны бар, олардың 100-ден астамында сирек және сирек жер металдары кездеседі. Біз америкалық компанияларды оларды геологиялық барлау мен өндіруге белсенді қатысуға шақырамыз", - деп Ерсайын Нағаспаевтың сөзін inform.kz келтіреді.
Министрдің айтуынша, бұл үшін Қазақстанда заманауи реттеуші орта қалыптастырылған. Атап айтқанда, 2018 жылы Австралия мен Канада тәжірибесі негізінде салалық заңнаманы реформалаған "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекс қабылданды. Сондай-ақ "бірінші келген - бірінші алады" лицензиялау қағидаты енгізіліп, жер қойнауын пайдалануға қолжетімділік жеңілдетілді.
Бұдан бөлек, 2023 жылы жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды. Соның нәтижесінде лицензиялаудан бастап есептілікке дейінгі барлық үдерістер онлайн форматқа көшірілді. 2024 жылдан бастап Қазақстан CRIRSCO халықаралық стандарттарын толық көлемде қолдана бастады, бұл есептіліктің ашықтығын қамтамасыз етіп, оны әлемдік тәжірибемен салыстыруға мүмкіндік береді.
Министрдің сөзінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде инвесторлардың қызығушылығы бірнеше есе артқан.
2018 жылдан бері геологиялық барлауға салынған инвестициялар үш есеге өсіп, 1 миллиард доллардан асты. Қазақстанға Rio Tinto, Barrick Gold, First Quantum, Ivanhoe, Teck, Fortescue және Cove Capital секілді әлемдік жетекші компаниялар келді", - деді Ерсайын Нағаспаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2026, 18:11 80906
Қазақстанға тартылған шетелдік инвестиция көлемі 20,5 млрд долларға жетті
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,7%-ға өсіп, 4,9 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш экономиканың өсу қарқынынан жоғары. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2025 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 20,5 млрд долларды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 14,4%-ға артқан.
Арман Қасенов ел экономикасы мен инвестициялар құрылымының айтарлықтай өзгергенін атап өтті.
«Бүгінде Қазақстан экономикасы 10-15 жыл бұрынғыға қарағанда анағұрлым әртараптандырылған. Мәселен, 2010 жылы мұнай өндіру саласының ЖІӨ құрылымындағы үлесі 16,5% болса, 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 8,1%-ға дейін төмендеді. Тікелей шетелдік инвестициялар да осы үрдісті қайталап отыр: әртараптандыру инвесторлар тарапынан да байқалады. Олар енді тек өндіру өнеркәсібіне, металлургияға немесе мұнай-газ секторына ғана емес, басқа да салаларға белсенді қызығушылық таныта бастады», – деді ол.
Өткен жылы шетелдік инвестицияларды ең көп тартқан салалар:
- көтерме және бөлшек сауда – 4,8 млрд доллар;
- өңдеу өнеркәсібі – 4,4 млрд доллар;
- қаржы және сақтандыру қызметі – 4,3 млрд доллар;
- ақпарат және байланыс саласы – 1,4 млрд доллар;
- көлік және қоймалау қызметі – 977 млн доллар.
Қазақстанға инвестиция салатын негізгі елдер қатарында Нидерланд, Ресей және Қытай қалып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
16.06.2026, 11:37Алматыға роботакси жеткізілді 16.06.2026, 11:45 1851Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылым және инновация департаментінің директоры болып тағайындалды16.06.2026, 10:11 1676Қылмыстарды ашуда ДНҚ зерделеу өз нәтижелерін беруде16.06.2026, 09:44 1661ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті16.06.2026, 11:57 1586Президент армияны цифрлық тұрғыдан трансформациялауға және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді
12.06.2026, 20:00 132081Қазақстанның Сыртқы істер министрі Франция Елшісін қабылдады12.06.2026, 15:51 131721Корея Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды12.06.2026, 21:12 130886Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады12.06.2026, 19:31 128931Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады12.06.2026, 17:05 Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді128731Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді
22.05.2026, 20:31 251491Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237121Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207591ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 194661Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 194636Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

