19.03.2021, 20:51 19796

БЖЗҚ төлем алуға өтініш бермеген зейнеткерлерді іздестіруде

Осы санатта бар адамдардың телефон нөмірлеріне БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша белсенді қызмет көрсету ұсынылған sms-хабарлама жолданады.
НҰР-СҰЛТАН. 19 НАУРЫЗ - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры төлем алуға өтініш бермеген зейнеткерлерді іздестіруде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қордың баспасөз қызметі хабарлағандай, ағымдағы жылы БЖЗҚ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен зейнеткерлік жасқа толған, жасына байланысты зейнетақы төлемдері және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалған, бірақ зейнетақы жинақтарын төлеу үшін БЖЗҚ-ға өтініш бермеген адамдардың уәкілетті органның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ақпараттық жүйесінде бар екендігін салыстырып тексеруді жүзеге асыра бастады. Салыстырып тексеру, сондай-ақ, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу бойынша белсенді қызмет көрсету үшін мемлекеттік деректер базасында тіркелген алушылардың уәкілетті органда ұялы байланыс нөмірлерінің бар болуына жүргізілетін болады.
 

БЖЗҚ ақпараттық жүйелерінде Қордан төлемдер жүзеге асырылмайтын 200 мыңнан аса шот (200 160) бар. Бұл ретте зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар бюджеттен қаражаттарын алып жатыр. Олардың көпшілігі зейнеткер қатарына 2018 жылдың 11 қазанына дейін қосылған", - деп нақтылады баспасөз қызметінде.

 
БЖЗҚ салымшылардың деректерін сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізіп, 2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қордан төлемдер жүзеге асырылатын тұлғалардың тізімін жасақтады. Енді осы санатта бар адамдардың телефон нөмірлеріне (ол мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс) БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша белсенді қызмет көрсету ұсынылған sms-хабарлама жолданады. Келісім алынғаннан кейін бұл азаматтарға БЖЗҚ-дан төлемдер Мемлекеттік корпорацияға алушылардың жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде ұсынған банк шоттарына жіберілетін болады. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны