20.04.2021, 22:18 15797

ҚДКБҚ: Кепілді өтемнің талап етілмеген сомалары зейнетақы шоттарына аударылады

Егер салымшы кепілдік берілген өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде ҚДКБҚ-ға жүгінбесе, онда ҚДКБҚ кепілдік берілген өтеудің талап етілмеген сомасын БЖЗҚ-ға аударады.
НҰР-СҰЛТАН. 20 СӘУІР - Кепілді өтемнің талап етілмеген сомалары ерікті зейнетақы жарналары бойынша шоттарға аударылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
2021 жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) бір жыл ішінде талап етілмеген кепілді өтем сомаларын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есепке алу үшін БЖЗҚ-ға аудару тәртібін белгілейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормалары қолданысқа енгізіледі. 
 

Бұл дегеніміз, егер депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болған және барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған депозит салымшысы кепілдік берілген өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде ҚДКБҚ-ға жүгінбесе, онда ҚДКБҚ кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ға есепке жатқызу үшін БЖЗҚ-ға аударады", - деп түсіндірді БЖЗҚ баспасөз қызметінде.

 
 Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ны автоматты түрде (өтініш бермей) ашу үшін БЖЗҚ-ға алғаш рет түскен:
 
- салымшы-жеке тұлғадан өз табысы есебінен өз пайдасына немесе салымшыдан (жеке/заңды тұлғадан) алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарнасы;
 
- ҚДКБҚ-дан кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы негіз болып табылады. 
 

Бұл ретте пайдасына төлемдер жүргізілетін жеке тұлғаны сәйкестендіру төлем тапсырысының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылатын болады, ал барлық қажетті мәліметтер: жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері туралы, тұрақты тұратын жері туралы, өзге де мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алатын болады. Егер азаматтың БЖЗҚ-да ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-сы бұрыннан ашылған болса, онда кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы осы шотқа есептелетін болады. ЖЗШ-ға есептелген кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомалары ЕЗЖ-ның басқа сомалары сияқты тәртіпте инвестицияланатынын атап өткен жөн", - делінген баспасөз қызметінде.

 
БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар адамдар оларды 50 жасқа толған кезде, мүгедектік туындаған кезде, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетін немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар ретінде тұрақты тұруға кеткен кезде алуға құқылы. 
 

Жоғарыда көрсетілген жағдайлар басталғанға дейін талап етілмеген соманы қайтару үшін салымшы "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Заңға сәйкес ҚДКБҚ-ға өтініш жасай алады. ҚДКБҚ өз кезегінде БЖЗҚ-ға хабарлама жібереді және қайтару жүргізіледі. Бұл ретте, егер БЖЗҚ салымшысының ЕЗЖ бойынша шоты автоматты түрде ашылып, ҚДКБҚ-ға қайтарылғаннан кейін қаражат қалмаса, онда ол бір айдан кейін автоматты түрде жабылады", - деп нақтылады қорда.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны