31.03.2023, 10:27 50486

ЕЭК Кеңесі Қазақстанға шикі қантты бажсыз әкелуді қолдады

ЕЭК Кеңесі Қазақстанға шикі қантты бажсыз әкелуді қолдады
Сурет: Depositphotos
Шикізатты бажсыз әкелуге арналған тарифтік квота осы жылдың алдағы 9 айына 350 мың тоннаны құрайды

Астана. 31 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылғы 30 наурызда онлайн форматта өткен ЕЭК Кеңесінің отырысында қатысушылар Қазақстанның шикі қантты бажсыз әкелуге ұсынысын қолдады. Қазақстандық тарапты Премьер-Министрдің орынбасары-сауда және интеграция министрінің м.а. Серік Жұманагрин басқарды, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

Тарифтік жеңілдіктің арқасында отандық қант зауыттары өз қуаттылықтарын жүктеу үшін баж төлемей шикізат сатып алуға мүмкіндік алады, бұл сайып келгенде дайын өнімнің бағасына оң әсер етеді.

Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, қазақстандық нарықтың 90%-ын қамтыған көрші елдерден жеткізілген қант түрлі факторларға ұшырайды және тұрақсыз. Біздің еліміз өзінің қант өнеркәсібін дамыту туралы шешім қабылдады, ол үшін қазір өз шикізатының жеткілікті көлемінің болмауына байланысты бізге үшінші елдерден шикізат әкелу қажет", - деді ЕЭК отырысында сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова.


ЕЭК Кеңесінде бекітілген шикізатты бажсыз әкелуге арналған тарифтік квота осы жылдың алдағы 9 айына 350 мың тоннаны құрайды. Тараптар күзде осы мәселеге қайта оралуға және қажет болған жағдайда жаңа егінді ескере отырып, квота көлемін қайта қарауға уағдаласты.

Қазақстанда 2022 жылы қант зауыттары 283 мың тонна қант (33 мың тонна қызылша және 249,9 мың тонна құрақ) өндірді, жүктеме 50% құрады.

Қазіргі уақытта "айналым схемасы" аясында облыс әкімдіктері қант зауыттарына шикізатты уақытылы сатып алу, ішкі тұтыну үшін жеткілікті көлемде және тұрақты бағамен қант өндіруге мүмкіндік беретін қуаттарды жаңғырту үшін 18 млрд теңге бөлді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны