12.05.2021, 23:01 18685
Экология министрлігінің басшысы фермерлерге суармалы суды арналардан тікелей беруге дайын екенін айтты
Достарға айту
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 1 мамырынан бастап елімізде суармалы суды беру тарифі 0,421 теңге/м3-ден 0,739 теңге/м3-ге дейін (қосымша құн салығымен) өсті.
Экология министрлігінің деректері бойынша, шаруа қожалықтары каналдардан су алу үшін ауыл шаруашылығы тұтыну кооперативтеріне бірігеді.
Д.Қонаев атындағы ҮАК" филиалы" 13 АӨК суын жібереді және берілген судың 1 м3 үшін есеп айырысу жүргізіледі, одан кейін АӨК 1,5 мың шаруа қожалықтарына ішкі шаруашылық каналдары бойынша су жеткізеді және 1 гектар үшін ақы алады. Егер тарифтің ұлғаюына дейін АӨК-ден 1 га үшін баға 10 мыңнан 15 мың теңгеге дейін өзгеретін болса, қазіргі уақытта кейбір АӨК бойынша тарифтің ұлғаюына сілтеме жасай отырып, бір гектар үшін баға 27 мыңнан 35 мың теңгеге дейінгі көрсеткішті құрады. Әрине, бұл АӨК-ден су алатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қымбатқа түседі", - деп атап өтті филиал директоры Серікал Мұқатаев.
Министрдің айтуынша, АӨК арналарды жұмыс жағдайында ұстауға қаражат салуы тиіс.
Суаратын суға тарифтерді көтеру – бұл мәжбүрлі шара. Тарифтердің деңгейі "Қазсушар" РМК-ның магистральды арналарды ұстауға арналған шығыстарын өтемеді. Олардың жағдайы нашар болғандықтан техникалық шығындарға байланысты су фермерлерге жетпейді. Бұл маңызды мәселелерді шешу қажет", - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.
Ведомство басшысы сондай-ақ су үнемдеу технологияларына көшу маңызды екенін, бұл өнімділікті арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Біз қосымша шығындардан құтылу үшін шаруаларға тікелей су беруге дайынбыз. Бұл ретте Қазсушар Су шаруашылығы объектілерін ұстауға жұмсалатын шығындарды өз мойнына алады. АӨК-ге қойылатын басты талап – тарифтерді көтермеу және шаруашылықаралық желілерді жөндеуге, арналарды тазалауға қаражат салу. Осылайша, фермерлер өз қаражатының қайда жұмсалып жатқанын білетін болады", - деді министр.
Мағзұм Мырзағалиев Бартоғай су қоймасының гидротехникалық құрылыстарын қарап шығып, "Қонаев атындағы ҮАК" филиалына аймақтардағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін суармалы сумен үздіксіз және ұтымды қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер қойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
22.06.2026, 12:45 1261
Ағымдағы жылдың бес айында ҚТЖ желісімен тасымалданған жүк көлемі 130 млн тоннадан асты
Достарға айту
2026 жылғы қаңтар - мамыр қорытындысы бойынша "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ желісінде жүк тасымалдау көлемі 131 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% өсті. Оның ішінде республикаішілік тасымалдар 68 млн тоннаға жетті, экспорттық тасымалдар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2% өсіп, 38,2 млн тоннаны құрады, деп мәлім етті мекеменің баспасөз қызметінен.
Аталмыш кезеңде ҚТЖ-ның бүкіл желісі бойынша 43,3 млн тонна тас көмір тасымалданды, бұл 2025 жылғы қаңтар - мамыр көрсеткішінен 3% артық. Жалпы көлемнің 29,8 млн тоннасы қазақстандық тұтынушыларға бағытталса, бұл өткен жылғы деңгейден 2% артық. Экспортқа 13 млн тонна көмір жөнелтілді, өсім 7% құраған.
Ал, астық тасымалдауға келетін болсақ, 2026 жылдың бес айында 6,3 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% артық. Астық экспорты 11% өсіп, 4,9 млн тоннаға жетсе, экспорттық қатынаста ұнтақ өнімдерін тасымалдау көлемі 18% ұлғайып, 1 млн тоннаны құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар - мамыр айларында ҚТЖ желісі бойынша түсті кен тасымалы 8,6 млн тоннаны, құрылыс материалдары 7,1 млн тоннаны құрады.
Жүктердің бірқатар негізгі номенклатуралары бойынша өсім тіркелді: 12,1 млн тонна мұнай жүктері (+4,3%), 6,8 млн тонна қара металдар (+11,4%), 9,5 млн тонна темір рудасы (+13,3%) тасымалданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 11:52 1771
Қазақстан мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 582 млн доллардан асып жығылды
Достарға айту
2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 582,4 млн АҚШ долларын құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 27,6%-ға өсті, деп мәлімдеді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның Бельгияға экспорты 311,5 млн долларға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 48%-ға артқан. Ал, Бельгиядан импорт көлемі 10,1%-ға өсіп, 270,9 млн долларды құрады.
Көңіл толарлық өсу 2026 жылы да сақталып, биылғы жылдың алғашқы төрт айында екіжақты тауар айналымы 179,5 млн долларға жеткен. Оның ішінде қазақстандық экспорт 100,5 млн долларды, импорт 79 млн долларды құраған.
Бельгия Қазақстан экономикасындағы ең ірі еуропалық инвесторлардың бірі және бірегейі болып қала береді. 2005-2025 жылдар аралығында Бельгиядан тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 14,8 млрд доллардан асса, тек 2025 жылдың өзінде тартылған инвестиция көлемі 1,045 млрд долларды құрады.
Бүгінде Қазақстанда бельгиялық капиталдың қатысуымен 110 кәсіпорын жұмыс істейді. Іскерлік байланыстарды дамытуға 2023 жылдың мамыр айында құрылған "Қазақстан - Бельгия" Іскерлік кеңесі де ықпал етуде.
Экономикалық ынтымақтастықпен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстар да дамып келеді. 2025-2026 жылдары Брюссель мен Гент қалаларында қазақ мәдени орталықтары ашылып, Қазақ мәдениеті апталығы өткізілді. Сонымен қатар, Shanyraq Dialogues және Shanyraq Fest жобалары іске қосылды.
Қазақстан мен Бельгия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 25 тамызда орнатылған. Осы уақыт ішінде тараптар берік шарттық-құқықтық базаны қалыптастырып, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жалғастырып келеді.
Естеріңізге сала кетсек,, 22-23 маусым күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 11:20 2111
Halyk және Alatau City Bank Алатау қаласын дамыту бойынша серіктесіп жұмыс істейін болады
Сурет: Halyk Bank
Достарға айту
Halyk Bank, Alatau City Bank және Alatau City Authority Қазақстанның жаңа инновациялар, технологиялар, инвестициялар және кәсіпкерлік орталығы ретінде Алатау қаласын кешенді дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа Alatau City Authority бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыров, Halyk Bank басқарманың төрайымы Үміт Шаяхметова және Alatau City Bank директорлар кеңесінің төрағасы Қуат Қожахметов қол қойды. Келісімге қол қою Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген Алатау қаласын дамыту міндеттерін іске асырудағы кезекті қадам болды. Мемлекет басшысы Алатауда инвестициялар, таланттар, технологиялар мен жаңа өндірістерді тартатын заманауи инновациялық экожүйе қалыптастырудың стратегиялық маңызын бірнеше рет атап өткен.
«Алатау қаласы инновация, технология және кәсіпкерлікті біріктіретін Қазақстан экономикасының жаңа өсу нүктесі ретінде құрылуда. Осы мақсаттарға жету үшін мемлекет, қаржы институттары мен бизнес арасында берік серіктестік қалыптастыру маңызды. Қол қойылған келісім заманауи қалалық ортаны дамытуға және Алатаудың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру үшін тараптардың құзыреттерін біріктіруге мүмкіндік береді», – деді Әлішер Әбдіқадыров.
Меморандум аясында жасанды интеллект, экономика (low-altitude economy), «ақылды қала» технологиялары, заттар ғаламторы (IoT), WEB3, цифрлық активтер, финтех, нақты активтерді токенизациялау және қалалық инфрақұрылымға озық цифрлық шешімдерді енгізу бағыттарындағы ынтымақтастық көзделген.
Алатау қаласын дамыту Мемлекет басшысы қойған экономиканы әртараптандыру және жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру жөніндегі стратегиялық міндеттерге сәйкес келеді.
«Елдегі ең ірі қаржы институты ретінде біз цифрлық инфрақұрылымды дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға, инновациялық технологияларды енгізуге және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобаларға белсенді қатысамыз. Мемлекет, қаржы секторы және бизнес күш-жігерін біріктіру Алатауда тұрақты экономикалық даму үшін заманауи экожүйе құруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», – деп атап өтті Үміт Шаяхметова бұл бастаманың маңыздылығына тоқтала отырып.
Сонымен қатар, тараптар жоғары технологиялық өндірістер, көлік және логистика, туризм, білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салаларында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр. Ынтымақтастық аясында бірлескен жобаларды іске асыруға, инвестициялар тартуға, инновациялық технологияларды енгізуге және халықаралық стандарттарға сай заманауи қалалық ортаны дамытуға қолайлы жағдай жасау көзделген.
Қуат Қожахметов Алатау қаласын дамыту жобасының ел үшін маңыздылығына тоқтала отырып, «Біз Алатау қаласын дамыту сияқты ел үшін маңызды жобаға қатысып отырғанымызға қуаныштымыз. Қазақстанда криптоиндустрия мен дәстүрлі банк жүйесін біріктіру саласының пионері ретінде біз бұл “болашақ қаланы” цифрлық активтерді қоса алғанда, озық қаржылық және технологиялық шешімдерді енгізетін алаң ретінде қарастырамыз. Қол қойылған келісім мемлекет пен қаржы институттарының мүмкіндіктерін жаңа буын жобаларын іске асыру үшін біріктіреді. Мұндай серіктестік Алатаудың дамуын жеделдетіп, оны Орталық Азиядағы инвестициялар мен инновациялардың ең тартымды орталықтарының біріне айналдырады деп сенеміз», – деп атап өтті.
Қол қойылған меморандум рамалық сипатқа ие. Нақты жобалар мен оларды іске асыру тетіктері тараптар арасында қосымша келісіліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке келісімдер арқылы рәсімделетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2026, 14:10 52161
Атырауда балық шаруашылығын дамытуға арналған 100 гектарлық аквазона құрылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Атырауда "Каспий маңы серіктестігі: балық шаруашылығы мен аквакультураны орнықты дамыту" атты халықаралық салалық форум өтіп жатыр. Іс-шара Каспий маңы мемлекеттерінің өкілдерін, жетекші ғалымдарды, сарапшылар мен сала мамандарын бір алаңға жинады. Н. Балғынбаев атындағы орталықта өткен жиында қатысушылар Каспий теңізінің экожүйесін сақтауға және балық шаруашылығын одан әрі дамытуға қатысты стратегиялық маңызы бар мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Атырау облысының әкімдігі.
Форумды ашқан Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Атырау облысы тарихи тұрғыда балық шаруашылығы саласының орталығы екенін атап өтті. Мұнда бекіре тұқымдас балықтарды көбейту және балық өнімдерін өңдеумен айналысатын негізгі кәсіпорындар шоғырланған.
Атырау облысының бұл саланы одан әрі дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және инвестиция тартуға әлеуеті зор. Өңір кезең-кезеңімен дәстүрлі балық аулаудан тауарлы балық өсіру мен аквакультураны дамытуға көшуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта Дамбы ауылдық округі аумағында балық өсіруге қолайлы 100 гектарлық аквазона жобасы әзірленіп жатыр. Бұл бастама табиғи балық қорларына түсетін жүктемені азайтуға, өңірде тауарлы балық өндірісін арттыруға, кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға және балық шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Каспий маңы елдері арасындағы тәжірибе алмасу, мемлекет, ғылым және бизнес арасындағы ашық диалог балық биоалуантүрлілігін сақтауға және саланы орнықты дамытуға жаңа тәсілдер қалыптастырады деп сенемін. Форумға қатысып, ынтымақтастыққа дайындық танытқандарыңыз және сала дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін", - деді Серік Шәпкенов.
Пленарлық сессия барысында қатысушылар су биоресурстарын сақтау, балық шаруашылығы кешенін жаңғырту, тауарлы балық өсіруді дамыту және саланың экспорттық әлеуетін арттыру мәселелерін қарастырды.
Аймақтың балық шаруашылығы саласындағы әлеуеті форум аясында ұйымдастырылған балық өнімдері мен тағамдар көрмесінде таныстырылды. Атырау облысынан 7 кәсіпкер өз өнімдерін ұсынды. Көрме жергілікті өндірушілердің мүмкіндіктерін және балық өңдеу саласын одан әрі дамыту перспективаларын айқын көрсетті.
Сонымен қатар бағдарлама аясында фидерлік спорттық балық аулау жарыстары, балық өнімдерінің жәрмеңкесі, "Каспийдің үздік тағамы" аспаздар байқауы, балық шаруашылығы кәсіпорындарына таныстыру сапарлары, Жайық өзенін балық шабақтарымен толықтыруға арналған экологиялық акция және мәдени-ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2026, 13:17 52741
Алматыға Emirates SkyCargo компаниясының алғашқы жүк рейсі келді
Достарға айту
Алматыға Emirates SkyCargo компаниясының алғашқы жүк рейсі келді. Бұл - Emirates SkyCargo-ның Орталық Азиядағы алғашқы бағыты, деп мәлім етті Президент кімшілігі бастығының орынбасары Әсел Жанасова.
Жаңа апталық маршрут аптасына 100 тоннадан астам жүк тасымалдауға мүмкіндік беріп, қазақстандық экспорттаушылар мен халықаралық сауда үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар, Қазақстанның әлемдегі ең ірі логистикалық хабтардың бірі саналатын Дубаймен көлік-логистика байланысын жаңа деңгейге шығарады.
БАӘ-ге жұмыс сапары барысында Emirates әуе компаниясының басшылығымен кездестім. Авиация, жүк тасымалы және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқыладық.
Әріптестерімізге сенім мен серіктестік үшін алғыс білдіремін. Бірлескен жұмыс Қазақстан мен БАӘ арасындағы көлік-логистика байланыстарын одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 19:07 97561
Қазақстан Еуропалық одақтың тиісті тізбесіне енгізілген аса маңызды шикізат материалдарының 34 түрінің 21-ін өндіреді және өңдейді
Достарға айту
Қазақстан Еуропалық одақтың тиісті тізбесіне енгізілген аса маңызды шикізат материалдарының 34 түрінің 21-ін өндіреді және қайта өңдейді. Бұл туралы маңызды шикізат материалдары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақ-француз жұмыс тобының отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Отырыс барысында Қазақстан мен Францияның мемлекеттік органдары, геологиялық қызметтері және бизнес өкілдері геологиялық картография, деректер алмасу, зертханалық зерттеулер, геологиялық барлау, жер қойнауын пайдалану және заманауи тау-кен өнеркәсібін дамыту бағыттарындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Сонымен қатар титан және басқа да стратегиялық ресурстарды жеткізу саласындағы серіктестікке, сондай-ақ бизнес құрылымдар арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Олжас Әлібеков Қазақстанның Еуропалық одақтың тиісті тізбесіне енгізілген стратегиялық маңызды шикізат материалдарының 34 түрінің 21-ін өндіріп әрі өңдейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту және жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аударылды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері қазақстандық тараптың франциялық серіктестерімен өзара тиімді әрі мазмұнды ынтымақтастықты дамытуға дайын екендерін растап, оларды геологиялық барлау, шикізатты өңдеу және заманауи технологияларды енгізу салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға белсенді түрде қатысуға шақырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестікті одан әрі ілгерілетуге өзара мүдделі екендіктерін растады және бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асыруды жалғастыра беруге уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 13:07 100786
Қазақстанда 1 шілдеден бастап тауарлық газ бағасы 33%-ға өсуі мүмкін
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Елімізде 1 шілдеден бастап тауарлық газдың орташа бағасы 33%-ға өсуі мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қазақстан Энергетика министрінің орынбасары Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді.
1 шілдеден бастап тауарлық газдың орташа бағасы 33%-ға өседі деп күтіп отырмыз. Бұл жылыту маусымынан уақтылы өту және газ инфрақұрылымын жаңарту үшін қажет. Сонымен қатар жеке тұлғалар үшін бағаның күрт өсуі жоспарда жоқ", - деді вице-министр.
Сондай-ақ, елімізде бірқатар кен орындарындағы, атап айтқанда Теңіз кен орнында техникалық ақауларға байланысты газ өндіру көлемі төмендеген.
Қайырхан Тұтқышбаевтың айтуынша, газ өндірісінің төмендеуі тұрғындарды газбен қамтамасыз етуге әсер етпегендігін атап өтті.
Газ өндіру көлемінің төмендеуі тұрғындарды газбен қамтамасыз ету әсер еткен жоқ, өйткені ұлттық оператор QazaqGaz транзиттік ресурстар есебінен тұтынуды қамтамасыз етті", - деді ол.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда тұрмыстық тұтынушылар үшін газ тұтыну нормасын енгізу жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 11:15 101976
Қазақстан мен Таиланд арасындағы тауар айналымы 255 млн доллардан асты
Достарға айту
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Таиланд арасындағы тауар айналымы 255,1 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстан Таиландтың Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі болып қала береді. Агроөнеркәсіп кешені, тамақ өнеркәсібі, логистика, цифрлық экономика, туризм және инвестициялық ынтымақтастық салаларында өзара іс-қимылды кеңейтудің елеулі әлеуеті сақталуда, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметіне.
Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Марғұлан Баймұхан Таиланд Корольдігінің Премьер-Министрінің Орынбасары, Сауда министрінің кеңесшісі Адис Харинсутпен және Таиланд Корольдігінің Сауда министрлігінің Ішкі сауда департаменті бас директорының орынбасары Чантхапат Панджаманондпен кездестіКездесу барысында тараптар Қазақстан мен Таиланд арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ өзара сауда, инвестициялар және іскерлік байланыстарды одан әрі кеңейту жөніндегі шараларды талқылады.
Қыркүйек айына жоспарланып отырған Қазақстан–Таиланд бірлескен сауда комитетінің бірінші отырысына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ тараптар Ауыл шаруашылығы жөніндегі жұмыс тобының қызметін және көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылды қоса алғанда, салалық ынтымақтастық тетіктерінің жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті.
Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді, сондай-ақ Қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімді ілгерілетуді қоса алғанда, екіжақты шарттық-құқықтық базаны одан әрі жетілдірудің маңыздылығы атап өтіліп, аталған құжаттардың инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге және бизнес үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға ықпал ететіні айтылды.
Қытай және Орталық Азия арқылы өтетін бағыттарды қоса алғанда, халықаралық көлік дәліздерін дамыту және логистикалық кедергілерді жою мәселелері бойынша пікір алмасылды. Қазақстан тарапы Таиланд компанияларының Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақ нарықтарына шығуы үшін Қазақстанның көлік-логистикалық және сауда хабы ретіндегі әлеуетін неғұрлым белсенді пайдалануға мүдделі екенін жеткізді.
Ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, логистика, цифрлық технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту және үшінші елдердің, оның ішінде Африка мемлекеттерінің нарықтарында бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары да қарастырылды.
Таиланд тарапы Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық танытып, Қазақстан нарығының жоғары әлеуетін және тай өнімдерінің қазақстандық тұтынушылар арасында оң қабылданатынын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда, инвестициялар және логистика салаларындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады, сондай-ақ Қазақстан–Таиланд әріптестігінің қолда бар әлеуетін іске асыру мақсатында екі елдің бейінді мемлекеттік органдары мен іскер топтары арасындағы белсенді диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.06.2026, 11:20Halyk және Alatau City Bank Алатау қаласын дамыту бойынша серіктесіп жұмыс істейін болады 22.06.2026, 11:52 2041Қазақстан мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 582 млн доллардан асып жығылды22.06.2026, 12:17 1831Елімізде 180 млрд теңгеге жол бойындағы сервис стансалары салынады22.06.2026, 09:42 1611Астана - Қорғалжын тасжолындағы жол апатынан кейін екі көлік өртеніп, бес адам қаза тапты22.06.2026, 10:06 1601Ақмола облысында жалпы құны 221 млн теңгені құрайтын вейптерді заңсыз сату арнасы жойылды
19.06.2026, 09:30 129251Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құрды19.06.2026, 09:58 129231Қазақстан СІМ Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесінің іске қосылғанын хабарлайды19.06.2026, 14:20 124091Үкіметте ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды19.06.2026, 14:26 1237962025 жылы 94 елді мекендегі 354 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізді16.06.2026, 09:44 121316ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
06.06.2026, 12:47 177066Қазақстан мен Сауд Арабиясы туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде05.06.2026, 21:54 171801СҚО-да машина жасау саласының өсу қарқыны бір жарым есе артты25.05.2026, 14:54 165966Vietjet Алматыдан Хной мен Прагаға 185 000 теңгеден басталатын бағамен рейстерді іске қосады01.06.2026, 21:07 162036Өскеменде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Дәстүр HUB" шығармашылық кеңістігі ашылды01.06.2026, 16:33 152601СІМ қазақстандықтарға шетелдегі іс-шараларға қатысу кезінде ұсынымдар берді

