11.04.2023, 13:12 22596

Энергетика министрлігінің басшысы Қарашығанақ пен Қашаған операторларының үстінен арыз туралы түсініктеме берді

Энергетика министрлігінің басшысы Қарашығанақ пен Қашаған операторларының үстінен арыз туралы түсініктеме берді
Сурет: kbv.kz
Бұл талап арыздар Қазақстан халқының мүддесі үшін берілді

Астана. 11 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін берген сұхбатында Қазақстан Үкіметі Қашаған мен Қарашығанақ операторларының үстінен арыз түсіргенін растады.

Үкімет Қарашығанақ пен Қашаған кен орындары операторларының үстінен арыз түсіргені рас па? Рас болса, талап-арыздың мәні мен талап сомасы қандай?", - деп сұрады журналист.


Министр ол мәліметті растап, талап-арыздың сомасын да атады.

Иә, шынымен де, PSA компаниясы Үкіметтің уәкілетті органы ретінде Қарашығанақ пен Қашаған компанияларының үстінен халықаралық төрелікке арыз түсірді. Мен пікір білдіруге шектеулімін. Жалғыз айта алатыным, бұл талап-арыздар халық мүддесінде беріліп отыр. Талаптың сомасы 3,5 және 13 млрд доллар көлемінде", - деді Энергетика министрі.


Бұған дейін БАҚ-та Қазақстан екі мұнай кен орны бойынша серіктестерге талап арыз бергені туралы ақпарат пайда болды.

Сондай-ақ, егер мемлекет жеңіске жетсе, онда өнімді бөлу туралы келісімдердің талаптарына сәйкес кен орындарынан түсетін кірістің үлкен үлесін алуға болатындығы атап өтілді.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны