09.12.2022, 09:36 19401

KAZAKH INVEST қолдауымен жалпы сомасы $4,1 млрд-қа шетелдіктердің қатысуымен 45 жоба іске қосылады

Ұлттық компанияның директорлар кеңесінің отырысында 2027 жылға дейінгі іс шаралар жоспары қаралды
Астана. 9 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Отырыста 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, Корпоративтік басқару кодексінің жобасы, сондай-ақ Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметтердің кейбір мәселелері қаралды.

Осы жылы "KAZAKH INVEST" қолдауымен жалпы сомасы $4,1 млрд-қа шетелдіктердің қатысуымен 45 жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Инвесторларды сервистік қолдау шеңберінде Ұлттық компания 1952 өтініш өңдеп, инвесторлардың қызметіне қатысты визалық мәселелер, инвестициялық преференциялар және заңнама бойынша консультациялар берген.

Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша шетелдік компаниялар үшін Қазақстан өңірлеріне 212 іс-сапар ұйымдастырылды, олардың шеңберінде салалық министрліктермен, әкімдіктермен, квазимемлекеттік сектормен, қаржылық даму институттарымен, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді.

Сонымен қатар 13 ірі инвестициялық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны