06.06.2022, 15:24 8511

Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады
Сурет: ҚР Ұлттық Банкі
НҰР-СҰЛТАН. 6 МАУСЫМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 14,00% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Осы базалық мөлшерлеме жөніндегі шешімді есепке алғанда, 2022 жылдың соңына қарай инфляция 13-15% деңгейінде болжанады. Сыртқы және ішкі азық-түлік нарықтарындағы бағалар динамикасын ескере отырып, тамақ өнімдері бағасының айтарлықтай өсетіні күтіледі. 2022 жылдың екінші жартысында олардың көтерілуіне, сондай-ақ жоғары инфляциялық күтулер жағдайында нарықтық қызметтердің бағасын өсіруге мораторий қолданысының аяқталуына байланысты реттелетін коммуналдық қызметтер бағасының күрт өсуінің елеулі тәуекелдері бар", - деп хабарлады Ұлттық банкте.

 
Баспасөз қызметінде базалық мөлшерлеменің осы деңгейі жаңа күтпеген өзгерістер болмаған жағдайда 2024 жылға қарай инфляцияның бірқалыпты төмендеуін қамтамасыз ететінін атап өтті. Ақша-кредит талаптары 2023 жылы инфляциялық процестердің баяулауына қарай қалпына келеді.
 

Тамақ өнімдері бағасының өсуі жылдық инфляцияға барынша көп үлес қосуда. Тауар жеткізудің логистикалық тізбектеріндегі үзілістердің және тұрақты сұраныстың аясында импортты құрауышы жоғары тауарлар бағасының өсу үрдісі жалғасты. Реттелетін коммуналдық қызметтер мен ЖЖМ бағасының көтерілуіне мораторий инфляцияны тежеп отыр", - деп атап өтті Ұлттық Банкте.

 
Қаржы реттеушісінің ақпараты бойынша, айлық инфляция мамырда 1,4%-ға дейін (сәуірде – 2%) баяулауын жалғастырса да, орташа тарихи нормадан асып, жоғары болып отыр. 
 
Елдің бас қаржы реттеушісінің болжамы бойынша, әлемдегі геосаяси жағдайға және КҚК мұнай құбырындағы апатқа қарамастан, экономиканың өсуі жалғасты.
 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2022 жылғы 25 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де жарияланатын болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны