18.05.2022, 16:02 20421

Ұлттық қордың валюталық активтері сәуір айында 500 млн долларға төмендеді - Ұлттық Банк

Ұлттық қордың валюталық активтері сәуір айында 500 млн долларға төмендеді - Ұлттық Банк
НҰР-СҰЛТАН. 18 МАМЫР - Сәуірді қорытындылағанда Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі өткен айда 500 млн АҚШ долларына төмендеп, 52,5 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Оның айтуынша, акциялар нарығының құлдырауы, АҚШ ФРЖ мен дамыған елдердің басқа да орталық банктерінің ақша-кредит саясатын қатаңдатуы, сондай-ақ АҚШ долларының нығаюы аясында Ұлттық қордың инвестициялық кірісі жыл басынан бері теріс аймақта тұр.
 

Алдыңғы айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде, негізінен, Ұлттық қордың теңгедегі шотындағы қалдықтары, сондай-ақ қорға теңгемен түсетін түсімдер есебінен 460 млрд теңге бөлінді. Оған қоса, ішкі валюта нарығында 168 млн АҚШ долларына активтер сатылды, оның баламасы 79 млрд теңге болады", - деді Молдабекова.

 
Сонымен қатар, Ұлттық Банк басшысының орынбасары Ұлттық қордың ұзақ мерзімді кірістілігінің оң болып қалатынын және құрылғаннан бастап жылдық мәнде 3,23%, соңғы 5 жылда жылдық 2,40% болатынын атап өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны