19.10.2022, 13:08 7261

Мәжіліс Ұлттық қордан 2023-2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасын мақұлдады

Республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2023 жылы 2,2 трлн теңге, одан әрі 2024 жылы 2 трлн теңге және 2025 жылы 1,9 трлн теңге көлемінде айқындалды.
Астана. 19 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023-2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заң жобасын мақұлдады.
 
Ұлттық экономика министрі заң жобасы Бюджет кодексінің жаңа талаптарын ескере отырып әзірленгенін айтты.
 

Бұл ретте, заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы баррелліне 2023 жылы 48,9 АҚШ доллары, 2024-2025 жылдары 42,2 - 40,3 АҚШ доллары деңгейінде белгіленді. Осыны ескере отырып, республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2023 жылы 2,2 трлн теңге, одан әрі 2024 жылы 2 трлн теңге және 2025 жылы 1,9 трлн теңге көлемінде айқындалды", - деді министр.

 
Оның сөзінше, жоспарлы кезеңде тиісті қағидаларды қолдану Ұлттық қордың валюталық активтерін 2023 жылы 66,7 млрд АҚШ долларына дейін қалпына келтіруге, одан әрі 2024-2025 жылдары 78,8 - 93,2 млрд АҚШ долларына дейін арттыруға ықпал етеді.
 
Сондай-ақ, ұлттық экономика министрілігі ұлттық қордан тартылатын кепілдендірілген трансферттің көлеміне және орта мерзімді кезеңде шығыстардың өсу қарқынына жоғарғы шекті белгілеу фискалдық тәртіпті арттыруға және Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейтуге мүмкіндік беретінін жеткізді.
 
Мәжіліс заң жобасын мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді.
 
Ақпарат көзі: stan.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны